Бағалау. Оқушылар бір-бірін ауызша критерий бойынша бағалайды.
- Кейбір оқушыларға мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі.
Пән: геометрия Қысқа мерзімді жоспар №7-сабак
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Айналу денелері және олардың элементтері
Мектеп:
Педагогтің аты-жөні:
Күні:
Сыныбы: 11
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Конус және оның элементтері. Конустың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
11.1.8 - конустың анықтамасын, оның элементтерін білу; конусты жазықтықта кескіндей алу;
11.3.5 – айналу денелерінің (цилиндр,
конус, қиық конус, шар) элементтерін табуға есептер шығару;
11.3.6 - конустың бүйір және толық беті аудандары формулаларын қорытып шығару және оларды есептер шығаруда қолдану;
11.1.11 – көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларын жасай алу;
Сабақтың мақсаты:
- конустың анықтамасын, оның элементтерін біледі; конусты жазықтықта кескіндей алады;
– айналу денелерінің (цилиндр, конус, қиық конус, шар) элементтерін табуға есептер шығарады;
- конустың бүйір және толық беті аудандары формулаларын қорытып шығару және оларды есептер шығаруда қолданады;
– көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларын жасай алады;