Үйге тапсырма: Есеп №1. Конустың табанының радиусы 9 см. Биіктігі 12 см. Толық бетінің ауданын табыңдар.
Есеп №2. Дөңгелек сектордың радиусы 3м, ал бұрышы 120˚-қа тең сектор конус тәріздендіріп оралған. Конус табанының радиусын тап.
Сабақты қорытындылау.
Кері байланыс жүргізу.
Рефлексия парақшалары
Бағалау. Оқушылар бір-бірін ауызша критерий бойынша бағалайды.
- Кейбір оқушыларға мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі.
Қысқа мерзімді жоспар №9-сабак
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Айналу денелері және олардың элементтері
Мектеп:
Педагогтің аты-жөні:
Күні:
Сыныбы: 11
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Қиық конус және оның элементтері. Қиық конустың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
11.1.9-қиықконустыңанықтамасын,оныңэлементтерінбілу,қиықконустыжазықтықтакескіндейалу;
11.3.5 – айналу денелерінің (цилиндр, конус, қиық конус, шар) элементтерін табуға есептер шығару;
11.3.7 – қиық конустың бүйір беті және толық беті аудандары формуларын қорытып шығару және оларды есептер шығаруда қолдану;
11.1.11 – көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларын жасай алу;
Сабақтың мақсаты:
-қиық конустың анықтамасын,оның элементтерін біледі ,қиық конусты жазықтықта кескіндей алады – айналу денелерінің (цилиндр, конус, қиық конус, шар) элементтерін табуға есептер шығарады;
– қиық конустың бүйір беті және толық беті аудандары формуларын қорытып шығарады және оларды есептер шығаруда қолданады;
– көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларын жасай алады;