|
|
бет | 4/5 | Дата | 02.11.2022 | өлшемі | 8,52 Mb. | | #46921 |
| Байланысты: ГИСТОТЕХНИКА КАЗсинцитий
Жасуша аралық зат
Жасушадан кейінгі құрылымдар
СИМПЛАСТ - Жасушалардың бірігуі нәтижесінде пайда болады және цитоплазманың үлкен көлемінен және көптеген ядролардан тұратын жасуша туындысы.
- Орналасу орыны: бұлшықет талшығы көлдеңен жолақты қаңқа бұлшықеті тіні.
СИНЦИТИЙ - Цитоплазмалық көпірлермен байланысқан жасуша тобы.
- Мысал: мезенхима, спрематогенез үрдісіндегі сперматогонийлер.
ЖАСУША АРАЛЫҚ ЗАТТАР - Бұл негізгі зат пен талшықтардан тұратын жасушалардың синтетикалық белсенділігінің өнімі.
- Орналасу орыны: Дәнекер тіні.
ЖАСУШАДАН КЕЙІНГІ ҚҰРЫЛЫМ - Толық немесе жартылай жасушаға тән қасиетінен айырылған жасуша туындысы.
- Мысалы: қан жасушалары эритроциттер (1) және тромбоциттер (7); тері эпидермисінің мүйізді қабыршақтары.
Эпидермистің мүйізді қабыршақтары
ҚОСЫНДЫЛАР Бұл жасушалардың зат алмасуына байланысты пайда болып не жоғалып отыратын жасушалардың міндетті емес құрамдасы.
Қосындылардың түрлері
трофикалық
секреторлы
экскреторлы
пигментті
ТРОФИКАЛЫҚ ҚОСЫНДЫЛАР - Бұл жасушалардағы қоректік заттардың қоры (май, көмірсу, ақуыз)
Бауыр жасушасындағымай қосындылары.
а – жасуша цитоплазмасындағы липидті түйіршіктер
Бауыр жасушасындағы гликоген.
2 - цитоплазмадағы гликоген
СЕКРЕТОРЛЫ ҚОСЫНДЫЛАР Синтетикалық белсенділік кезінде түзілетін биологиялық белсенді заттар (гормондар, ферменттер)
Ұйқы безі жасушасындағы секреторлы қосынды (зимоген):
б-зимоген гранулалары
ЭКСКРЕТОРЛЫ ҚОСЫНДЫЛАР – жасушадан шығарылатын метаболикалық өнімдер (несепнәр). - ЭКСКРЕТОРЛЫ ҚОСЫНДЫЛАР – жасушадан шығарылатын метаболикалық өнімдер (несепнәр).
- ПИГМЕНТТІ ҚОСЫНДЫЛАР – тіннің түсін өзгертеді (меланин, гемоглобин, шаң тозаңдары, бояулар).
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|