Байланысты: Дәріс 11. ҰТ. Қазақ отбасының тәрбие жүйесі. Акпарова
Отбасының функциялары Отбасының функциясын шартты түрде шамамен бірнеше топқа бөліп қарастырады:
Ерлі-зайыптылар функциясына рухани қарым-қатынас, күнделікті шаруашылық, басқарушылық (ерлі-зайыптының екеуі де отбасының тұтастай өмір сүру әрекетінің ұйымдастырушылары болып табылады) функциялары, алғашқы әлеуметтік бақылау функциясы, өкілеттілік функциясы (ерлі-зайыптылар өз отбасыларының өкілі ретінде қоғамның барлық ошақтарының алдында өз отбасы атынан шығады), эмоциялық, жыныстық-эротикалық және басқа да функциялар жатады.
Ата-аналық функциялар тобы балаларды туу және тәрбиелеу функцияларын еңбекке қабілетсіз және кәмілетке толмаған отбасы мүшелеріне қамқорлық ету, оларды материалдық және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз ету функцияларын құрайды.
Рухани қарым-қатынас функциясы отбасындағы бос уақытты бірге өткізудегі, өзара жан дүние байлығын нығайтудағы қажеттіліктерді қанағаттандыруда көрініс табады. Сонымен қатар оның құрамдас бөліктері: отбасы ішіндегі қарым-қатынасты ұйымдастыру; бұқаралық ақпарат құралдарымен, көркем әдебиет пен шығармашылық пен өзара бірлестіктегі отбасы мүшелерінің байланыс әрекеті, отбасының өз мүшелерінің қоршаған орта мен әлеуметтік орта арасындағы әртүрлі байланыстарға әсері болып табылады.
Отбасында ерлі-зайыптылар арасындағы рухани қарым-қатынас мәдениетінің негізі өзінің серіктесіне тең қарым-қатынаста қарау болып табылады. Мұндай қарым-қатынас барысында ерлі-зайыптылар өздерінің рухани әлемін, айналасындағылармен байланыс қабілеттерін жетілдіре түседі. Егер де ерлі-зайыптылардың бірі екіншісінен өзін жоғары санап, өз тұғасын биік қойса, онда өзара түсінушілік ғана бұзылып ғана қоймай, сонымен қатар қарым-қатынастың барлық түрінің бұзылуына әкелуі мүмкін. Ерлі-зайыптылардың бірін-бірі сыйлауы, өзара қолдауды қамтамасыз етуі аса маңызды болып табылады. Бұл жағдайлар нәтижесінде жан тыныштығын сақтауға және эмоциялардың жақындасуына көмектеседі.
Отбасының эмоциялық функциясы оның мүшелерімен эмоциялық қолдау, психологиялық қорғаныс, өзара сыйластық және көңіл білдірудегі қажеттіліктерді қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Отбасындағы оңтайлы эмоциялық атмосферасы оның әрбір мүшесіне ішкі сезімдерінің жағдайын жасырмауға, қуанышымен бөлісуге, сәтсіздіктер мен көңіл-күйін айтуға, толғандырып жүрген мәселелер бойынша кеңес алуға, рухани және физикалық күш-қуатын толтыруға және қалпына келтіруге кең мүмкіндік ашады.
Отбасының алғашқы әлеуметтік бақылау функциясы–отбасы мүшелерімен, әсіресе әртүрлі жағдайларға (жас ерекшелігі, сырқаттануы және т.б) байланысты әлеуметтік ережелермен толық сәйкестікте өзінің әрекеттерін өз бетінше құруға жеткілікті деңгейде қабілетсіз мүшелерімен әлеуметтік ережелердің орындалуын қамтамасыз ету болып табылады. Отбасында әрбір мүшесінің физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік қажеттіліктерінің қанағатандырылуына ерлі-зайыптылардың жауапкершілік сезімі жоғары болуы шарт.
Отбасының мемлекеттік мекемелермен, қоғамдық ұйымдармен, еңбек ұжымдарымен және басқа да отбасы мүшелерімен (туыстық, достық, көршілік), сонымен қатар, жекелеген тұлғалармен байланыс жасап, олармен түрлі сипаттағы қарым-қатынасқа түсетінін ескеру аса маңызды болып есептеледі.
Жоғарыда аталған функциялар көмегімен отбасы басқа әлеуметтік қауыммен экономикалық, идеологиялық, заңды, жалпы мәдени, эмоциялық және басқа да қатынастар орната, сонымен қатар, әлеуметтік әлеммен өзара байланысқа түсе отырып, қоғамның алғашқы бөлігі ретінде өзін танытады.