Пән: «Ұлттық тәрбие» Дәріс №11 Тақырып: «Қазақ отбасының тәрбие жүйесі» Қарастырылатын сұрақтар


Қазақ отбасындағы ұл мен қыз парызы



бет5/5
Дата07.04.2023
өлшемі81 Kb.
#80193
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дәріс 11. ҰТ. Қазақ отбасының тәрбие жүйесі. Акпарова

Қазақ отбасындағы ұл мен қыз парызы.
Ал, қазақ отбасындағы ұл мен қыз парызына тоқталып кететін болсақ, сол парыздың ең негізгісі ар-ұятқа кір келтірмеу мәселесіне тоқталу дұрыс болар.
Ар-ұятқа кір келтірмеу кісіліктің басты белгілерінің бірі деп түсінген халық «Жарлы болсаң да арлы бол», ар-ұяты бар адам ғана иман жүзді келеді деп жастардың құлақтарына құйып отырған. Әсіресе қыз баланың ар-ұжданын сақтау мәселесіне жауапкершілікпен қараған. Бұл тұрғыда оларға көптеген ақыл-кеңестер берген, халыққа сыйлы кейбір азаматтардың (қыздардың) жеке басының өнегелі істерін, қылықтарын үлгі ету арқылы әдептілікке, ізеттілікке шақырған.
Ұлы Абай да қазақ қыздарының нәзік жаны мен ибалы-қасиеттерін, әдебі мен жүріс-тұрысын, сұлулығы мен ар-ождан тазалығын, кескін-келбетін, бітім-болмасын әсерлі теңдеулермен жырға қосады («Көзімнің қарасы», «Қаламқас», «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы»).
Ұл бала – қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы болып саналады. Қазақ отбасының ерекшелігі жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде. Қазақ отбасындағы үлкенді құрметтеу әдеті жауапкершілік, адамгершілік сезімдерін туғызған. Дұрыс бағытқа бағдарлау көп жағдайда абыройлы әкеге, үлгілі отағасына, қадірлі ағаларына байланысты.
Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қай халықта болмасын, ұл бала тәрбиесі – әке меншігінде болған. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дей отырып, қазақ отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерін алдарына үйретіп, оларды мерген, аңшы, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген. Бала ес білгеннен бастап, оның құлағына «сен ертеңгі шаңырақ иесісің, болашақ әкесің, арқа сүйер жарсын, отбасының асыраушысысың, сондықтан да жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» деген сөздерді құйып отырған. Халқымыз ер баланың 12-15 жасынан бастап, оның алдында өмірдің дайындаған талай қиын-қыстау шақтары мен қуанышты сәттері бар екендігін ескере отырып, «Аты аталмаған жігіттен аты аталған төбе артық» деп намыстандыратын, «Айтсаң, үйде туып, түзде өлетін жігіттерді айт» деп таңдандыратын, «Өнерлі жігіт өрге озар, өнерсіз жігіт жер соғар» деп шамдандыратын, «Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді», «Ерлік білекте емес, жүректе» деп қайраттандыратын, «Ақыл жастан, асыл тастан» деп сеніміне шек келтірмейтін, «Атадан ұл туса игі еді, ата жолын қуса игі еді» деп армандайтын еді халқымыз. Қазақтың ұлы ойшыл ғұламаларының бірі Ж.Баласағұни өзінің «Құтты білік» дастанында балаға тәрбиені отбасында бер, «ақ маңдайлы ұл-қыз туса, үйіңде өсір, бөтен жерде қалдырма» деп келер ұрпаққа өсиет ете отырып, баланы жас кезінен білім мен өнерге, еңбекке баулу арқылы жаны мен тәні сабақтас жетілген парасатты ұрпақ өсіретінімізді атап көрсеткен. Ата-анасын аялай, құрметтей білген баладан жақсы азамат шығады. «Әкесін аман сақтап қалу үшін жанын қиған ұлдың өлімі – ең бақытты өлім болып табылады» – деген Баласағұнидың ұстазнамалық тұжырымдамасында осындай керемет ойлар жатыр.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет