4.5.1.9**Артынан қуып жету, бір бағыттағы қалып қою қозғалысына берілген есептерді арифметикалық және алгебралық әдіспен шешу
4.3.3.1 Қозғалыстың басталуы мен бағытын пайдалана отырып, нысандар қозғалысы сызбасын құру, сәйкес есептеулер жүргізу;
Бағалау критерийі
Қуып жету қозғалысына берілген есептерді
шығарады
Қозғалыс графигі бойынша есептеулер жүргізеді
Марат пен Ермектің үйінің арақашықтығы 150м. Екеуі үйлерінен бір уақытта мәдениет үйіне шықты. Мараттың жылдамдығы 60м/мин, ал Ермектің жылдамдығы 50м/мин. Марат Ермекті қанша уақыттан кейін қуып жетеді?
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2-тапсырма. Суретте велосипедшінің қозғалыс графигі бейнеленген. Графикті пайдаланып, сұрақтарға жауап жаз.
Велосипедші үйден өзенге дейін жүрді. Ол жерде демалды және кейін қайтып келді.
а) Велосипедшінің өзенге бара жатқандағы жылдамдығы қандай болды? ___________________________
ә) Велосипедшінің өзеннен үйге қайтып бара жатқандағы жылдамдығы қандай болды?
___________________________
б) Велосипедші өзен жағасында неше сағат демалды? ___________________________
в) Велосипедші үйінде қанша уақыт болмады? ___________________________
г) Велосипедші барлығы неше км жол жүрді? ___________________________