Байланысты: 06-12.02.2023ж Дефектология және логопедия негіздері.4 тапс
Қойылған дыбысты ұқсас дыбыстардан ажырату кезеңіндегі логопедиялық жұмыс, дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру кезеңіндегідей жүйемен жүргізіледі, яғни жеке дыбысты ажырату, сосын дыбысты, буында сөзде, сөйлемде ажырату. Дыбыстың бұзылуын түзету барысында Г. С. Оразаеваның зерттеу жұмысындағы ғылыми тұрғыдан негізделген ұлттық ойындар түрлерін логопед өз тәжірибесінде кеңінен қолдануына болады.
Тіл кемшіліктерін түзетуге арналған логопедтің жұмыс тиімділігінің қажетті шарты-оның жабдықталуы. Жабдықтар кем дегенде мыналарды қамтиды:
а) оқушы мен логопедтің бетін қатар көрсете алатын үлкен айна;
б) шпательдер мен зонддар, тазалық құралдары;
в) сөзді жазып, қайталайтын магнитофон;
г) тыныс алуы мен дамытуына қажетті ойыншықтар мен альбом құралдары;
д) дыбыс айтылуын зерттеуге қажетті суреті бар альбом;
е) түрлі дыбыс топтарына қажетті сөйлеу материалдарымен жұмыс істеу үшін суреттер, суретті лото;
ж) түрлі дыбыстың айтылуын бекітуге қажетті, тілдік материалы бар кітапқұралдар; з) әр сыныпқа арналған оқулықтар.
Сөйлеуді көзбен бақылауға /фиброскоп «Двин»/ немесе сөйлеу мүшелеріне механикалық әсер етуге арналган түрлі жаңа приборлар мен құралдар шыққан сайын, олар да жабдықтар жиынтығына өтуге тиіс.
Нақты дыбыстардың айтылыуы кемшіліктерін түзету тәсілдерін сипаттауға көшпестен бұрын, бұл кемшіліктердің ішінде дыбыстың дауысталуы өзгеруінен туатындары, сонымен қатар бір дыбысты өзге дыбыспен ауыстырудан пайда болатындары бар екенін атап көрсету керек. Кемшіліктердің алғашқы - антропофоникалық, соңғысы - фонологиялық деп аталады.
Антропофоникалық кемшіліктің үлгісі - Р дыбысын тамақпен айту немесе - С дыбысын тіске қысып айту бола алады.
Фонологиялық кемшіліктің мысалы - Ш орнына - С алмастыру / «ескі» - ешкі/, немесе - Р орнына - Л / «роза» - лоза/, сонымен қатар фонологиялық кемшілік аралас дыбыс түрінде де кездеседі. Бұндай жағдайда бала жеке дыбысты дұрыс айта тұрып, оларды сөйлеу кезінде шатастырып алады. Мысалы: Самат маған көрші тұрады, қате айтылуы «Шамат маған көрсі тұрады». Бұндай жағдайда дыбыстардың артикуляциясын қалыптастыруы қажет болмағандықтан біздің қарастырумыздан тыс қалады.
Сонымен қатар дыбыстың тұрақты алмастыруын түзету кезінде мынандай жағдайды ескерген жөн. Жаңа артикуляцияны меңгерген кезде біраз уақыт жаңа қойылған дыбыс пен бұрынғы ауыстырып айтылған дыбысты сөйлегенде жиі қолданылады. Мысалы, Ш дыбысы С дыбысымен алмастырылады дедік. Енді Ш дыбысын дұрыс айтып үйренгенде біраз уақыт С дыбысы бар сөздерде Ш дыбысы қолданылады. Сабын-шабын, қасыққашық т.б.
Фонологиялық қателіктер уақытша сипат алуына қарамастан жазу қателіктеріне де соқтыруы мүмкін. Сондықтан фонологиялық қателікті түзету нәтижесін бекіте отырып, дифференциялық мақсатына тиісті дыбыстарды және буын мен сөздегі әріптерді салыстырып отыратын жаттығуларға көңіл бөлу керек.
Түрлі дыбыстардың айтылу кемшіліктерін сипаттау барысында осы кемшіліктердің пайда болуына себеп болатын, олардың түзетілуіне кедергі болатын аппараттың шеткі бөліктерінің құрылысындағы кейбір аномалиялар ескертіледі.
Бірақ есте болатын жайі, бір жағынан дыбыс айту кемшіліктері кейде сөйлеу аппаратының құрылымы бұзылған жағдайында да бола берсе, кейде сөйлеу аппаратының елеулі кемшілігіне қарамастан сөйлеу тілінің фонетикалық жағы дұрыс дамуы жиі кездеседі. Бұл фактілер жоғарғы нерв қызметінің ерекше икемділігінің куәсі, дұрыс сөйлеу үшін сөйлеу аппаратының зор мүмкіндігі бар екенін танытады.
Шеткі сөйлеу аппаратының құрылымының анық аномалиясы жағдайында, дыбыстарды дұрыс айту мүмкіндігін ескертудің маңыздылығы сонда, кейде бұл аномалияларды дыбыстың айтылуы кемшілігін коррекциялауды қиындататын фактор ретінде асыра мән беру кездеседі.
Тек ерін, тіс, таңдай, жақ, тіл құрылысындағы ең ауыр аномалалиялар болғанда ғана, логопедиялық жұмыстан бұрын хирургиялық операциямен реттеу, немесе протездеу түріндегі медициналык тәсілдер қолданады. Бұндай әсердің қажеттігін логопед пен дәрігер /стоматолог, отоларинголог/ бірлесіп шешеді.