-есеп.Бір сынауықта дистильденген су, екіншесінде калий хлориді ерітіндісі бар. Өздеріңізге берілген осы заттардың қайсысы қай сынауықта екенін анықтаңыздар
2-есеп.Бір сынауықта дистильденген су, екіншесінде калий хлориді ерітіндісі бар. Өздеріңізге берілген осы заттардың қайсысы қай сынауықта екенін анықтаңыздар. Шешуі. Бұл есепті шығару үшін екі сынауықта да күміс нитраты ерітіндісін құямыз. Сонда дистильденген суы бар сынауықта өзгеріс байқалмайды, ал калий хлориді бар сынауықта күміс хлоридінің ақ түсті тұнбасының түзілетінін көреміз.
Реакция теңдеуі:
KCl+AqNO3 → AqCl↓ +KNO3
Қорытынды. Бұл реакция да жоғарыдағы мысалдағы секілді хлорид ионға сапалық реакция.
Ескерту: Күміс нитратын үнемдеу үшін екі затты да заттық шыныға тамызып буландыруға болады. Суы бар заттық шыныда дақ қалмайды.
3-есеп. Екі сынауыққа да кальций оксиді мен магний оксиді берілген. Олардың қайсысы қай сынауықта екенін анықтаңыздар. Шешуі. Екі сынауыққа да дистильденген су құямыз, сонда кальций оксиді бар сынауықта шабытты реакция жүреді, ал магний оксиді сумен әрекеттес-
пейді.
Реакция теңдеуі:
CaO + H2O → Ca(OH) 2 + Q
Қорытынды.Кальций оксиді сумен әрекеттесіп, негіз түзеді, оны фенолфталейн ерітіндісімен анықтауға болады.
4-есеп. Сапалық реакция көмегімен берілген үш бейорганикалық қосылыстың әрқайсысын анықтаңыздар. Үш түрлі ерітінді берілген:натрий сульфаты, натрий карбонаты, натрий хлориді.
Шешуі.Үш сынауыққа үш түрлі ерітінді құйылады. Әрбір сынауыққа сульфат ионға сапалық реактив – барий хлориді құяды. Сонда төмендегідей реакциялар жүреді. Натрий сульфатымен реакцияласқандағы реакция теңдеуі:
Na2SO4 +BaCl2 → BaSO4 ↓ + 2NaCl
Қорытынды. Барий сульфатының ақ түсті тұнбасы түзіледі.
Натрий карбонаты мен реакцияласқандағы реакция теңдеуі:
Na2CO3 + BaCl2 → BaCO3 ↓ + 2NaCl
Қорытынды. Ақ түсті тұнбасы түзіледі, барий карбонатының тұнбасы.