Академиялық тәртіп ережелері: Дәріске міндетті түрде қатысу.
Практикалық сабақтарға міндетті түрде қатысу. 1 сабақты босатқанда студенттің рейтингінен 2 балл шегеріледі. Дәлелді себеппен қалып қойған сабақ (тиісті құжаттарды ұсынған жағдайда) жеке тапсырмалар түрінде өтеледі.
Оқу процесіне белсенді қатысу (теориялық материалды дайындау, ситуациялық есептер мен тесттерді шешу, практикалық жұмыстарды өз бетінше орындау).
Дәрістік, практикалық сабақтарға арналған, аудиториядан тыс өзіндік жұмыс бойынша тапсырмаларды орындауға арналған дәптерлерді ұқыпты жүргізу.
Аралық бақылауды тақырыптық жоспар бойынша белгіленген уақытта тапсыру.
Тақырыптық жоспар бойынша белгіленген уақытта СӨЖ міндетті түрде орындалуы
Студенттердің оқу-әдістемелік үрдісті жетілдіру бойынша кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары мен іс-шараларына белсенді қатысуы.