Пән туралы ақпарат (МӘлімет)



бет6/39
Дата06.03.2023
өлшемі0,5 Mb.
#72291
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
Ï?í òóðàëû à?ïàðàò (Ì?ë³ìåò)

3. КУРСТЫ ЖҮРГІЗУ САЯСАТЫ


Студенттің жинаған баллдарын анықтау үшін керек:
1) сабаққа уақытында қатысу (дәріс пен семинарға);
2) тапсырмаларды уақтылы және толық орындау;
3) оқу сабақтарында белсенділік таныту;
4) бағдарламаны игеру барысындағы белсенділік;
5) бағдарламадан тыс іс-шараларды (жарыстар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және т.б.) өткізу кезіндегі белсенділік.


Сабаққа қатысу: міндетті түрде барлық сабақтарға қатысу (офлайн оқыту кезіндеаудиторияда, онлайн оқыту кезінде ZOOM, WEBEX платформаларында). Сабаққа 15 минуттан артық кешігіп келген студенттер сабаққа жіберілмейді!
Дәлелді себептермен сабақ жіберілген жағдайда, студент MOODLe жүйесіндегі (MOODLe жүйесінде хабарлама алмасу мүмкіндігі бар) курстан ақпарат алып, немесе курстастарымен, оқытушымен байланысып міндетті тапсырмаларды өз бетінше орындауытиіс.


Талаптар:
1) Дәріс кезінде дәрістің тақырыбын, жоспарын, қысқаша мазмұнын дәптерге жазып отырыңыз (әрбір АБ соңында дәптер тексеріледі). Дәріске қатыса алмаған жағдайда слайд-дәрісті, бейне-дәрісті MOODLe жүйесінен өз бетінше оқуға мүмкіндік бар;
2) Офлайн-оқыту жағдайында дәріс жазылған дәптеріңізді семинар сабағына алып келіңіз себебі пәннің кейбір өзекті тақырыптары мен мәселелеріне өзіндік жұмыстар мен пікірталастар жүргізіледі.
3) Әрбір апта сайын MOODLе жүйесінде берілген тапсырмаларды орындаңыз.
4) 7 және 15 аптада MOODLе жүйесіндегі рейтингтің тест тапсырмасын орындаңыз.
5) СӨЖ тапсырмаларын көшіріп алуға, бақылау жұмысы мен қорытынды емтихан барысында көшіруге жол берілмейді. Мұндай мінез-құлық көрсеткен, шпаргалкаларды пайдаланған жағдайда студентке «F» қанағаттанарлықсыз қорытынды баға қойылады.


Эссеге қойылатын талаптар:
1. Эссенің тақырыбын таңдағаннан кейін әдебиеттер іздеуге кірісіңіз.
2. Эссенің жоспарын құрыңыз. Жоспар әдетте тапқан мәліметтерге байланысты құрылады.
3. Жоспарға сәйкес Эссені жазуға кірісіңіз. Эссенің бірінші жоспарында - автор тұлғасы тұрады, оның ойы, сезімі, дүниеге көзқарасы. Бұл шығарманың басты ұстанымы.
4. Эссені жазу барысында өз көзқарасыңызды дәлелді пікірмен білдіруге тиіссіз. Барлық дәлелдер (аргументтер), идеялар, анықтамалар егер студенттің өзінікі болмаса, сілтеме жасалуы керек.
5. Әдетте Эссе әртүрлі стильде (философиялық, тарихи-биографиялық, публицистикалық, әдеби-сыни, ғылыми-көпшілік немесе беллетристикалық стильде) жазылады.
6. Эссе жанры шығармашылық еркіндікті қажет етеді. Ол кез-келген стильде жазылады, бұл оқылған, естілген, көрілген заттар туралы өзіндік ой.
7. Эссенің соңында пайдаланған дерек көздер, дәйектемелер көрсетілуі керек.
8. Эссені жазу барысында қойылатын техникалық талаптар: А-4 форматты ақ парақтың бір жағына жазылады. Эссенің алғашқы бетіне тақырыбы, студенттің аты-жөні, курсы, тобы және эссе орындалған жыл көрсетілуі міндетті. Эссенің көлемі - компьютермен терілген 3-5 бет болуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет