Пән туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы: Утеулиев Бауыржан Бабажанұлы конференцияның id номері: 224 620 7857 ПӘннің ҚЫСҚаша сипаттамасы «Тележурналистика»



бет10/25
Дата06.03.2023
өлшемі131,27 Kb.
#71850
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25
Өткізу форматы:Презентация,дискуссия
Тақырыбы Теледидардың ағартушылық функциясы
Сағат саны 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. Теледидардың басты мақсаты.

  2. Телепулицистика теориясы уақыт талабына сай қалыптасуы



Дәріс тезисі*
Теледидардың басты мақсаты – аудиторияға ақпарат тарату, идеологиялық тәрбие мен насихат жұмысын жүргізу, саяси-мәдени, экономикалық саладағы хабарлар көлемін өсіру. Ақпараттық және өзге де саладағы хабарлар қатаң саяси сүзгіден өтіп, сюжеттеде тәрбиелілікті көрсету талап етілді. Журналистер қауымы ақпаратың оқиғалылығына баса назар аудара отырып, республиканың халық және ауылшаруашылығы, еңбек ерлері мен мәдениет қайраткерлерін, партияның қаулы-қарарларына орай жоспарын орындаған ұйымдар мен еңбек озаттарын арқау етуі өз шығармаларының жанрлық әрі пішіндік, мәтіндік өзгеше сипатынан көрінеді.
Шығармашылыққа кеңестік кезеңнің тар қыспағы, қатаң партиялық бақылау, ұлттық бағыттағы рухани шектеушілік өз зияныны тигізді. Білікті әрі білімді кадрлар даярлаудағы жіберілген кемшіліктер, телеөнердің құпия сырларын ұғына алмаушылық, телехабардың көркемдік-идеялық мазмұныныдағы олқылықтар телестудияның аудиториямен қоян-қолтық араласуына кедергі келтірді. Осындай кемшіліктерге қарамасатан, теледидардың қоғамның тәрбиешілік, ағартушылық, көңіл-көтерушілік бағыттағы табыстары аудитория үшін нәтижелі болды. Телеэкрандағы шығармашылық және техникалық топ сан алуан жүйедегі тақырыптық бағытын айқындап, ол қоғамның күнделікті ақпарат алатын ауқымды аймағына айналды. Алғашқы хабардағы пішін уақыт ағымының аясында өзгеріске түсе отырып, ол болашақтағы тағылымды дүниелерге негіз қалады. Қазақ телехабарының қалыптасу, даму жолдары теледидардағы шығармашылық және техникалық топ үшін үйрену, іздену үрдісіне толық кезең болды.
Қарымды телепублицист Сағат Әшімбаев жүргізген «Парыз бен қарыз» телехабарының теледидар тарихындағы орны ерекше. Қоғамдық сананың қалыптасып, ұйқыдағы ойдың оянуына, ұлттық сана-сезімнің сілкініске келуінде ағартушылық-философиялық мәндегі бұл хабардың көтерген жүгі салмақты еді. Ел көлеміндегі ақыл-ойдың қаймақтарын қатыстыра отырып, әлемдік деңгейдегі пікірлерді тоғыстырып, ұлттық мұрат-мақсаттарымызды саралап салмақтап, өрнекті пікірлер түйіндеді. «Парыз бен қарыз» сипаты жағынан ағартушылық, көтерген мәселесі жөнінен сынға құрылған проблемалық хабар. Материалды, деректерді жинақтап беруі жөнінен талдау мәнеріндегі философиялық толғаныс. Бұл кемшілікті тұтастай көру. Бюрократизмге көп болып қолдасып жасалған шабуыл. Халық қасіретін ұжымдық тұрғыдан айту.
Хабарға халқымыздың зиялы қауымы қатысып, елдің бүгіні мен болашағы жайында өзекті мәселелерді көтере, осы бағыттағы атқарылатын істерге ой тоқтатты. Студиядағы қонақтардың бәрінің де ой-пікірінде елдің бүгіні мен ертеңі жайлы толғамды ойлары қабаттаса өрбиді. Сағат Әшімбаев биік интеллектуалдық ойдың иелеріне сұрақ тастай отырып, өзі олардың жан дүниесін қоздата үрлеп, жан бітіре, экранда сөзден сурет сомдады. Талант пен биіктіктің астасқан тұсында автор әлемі өзгелермен біріге өріліп, сөз құдіреті санаға сілкініс әкелді. Автор жарыса жамыраған ойлар тізбегінің өн бойынан ең қажеттісі мен керектісін іріктей отырып, оны бірнеше суреткердің таным дүниесіне ендіре, олардың ақыл көрігінде суарып, көрерменге жұп-жұмыр сырлы дүние ұсынды.Сонымен, мына мәселеге ерекше назар аудартқымыз келеді. Телеублицистика теориясы уақыт талабына сай қайта қарауды, терең талдауы қажет етеді. Егер оны «әдеби жанр» немесе «журналистиканың саласы», я болмаса «саяси проза» дейтін болсақ, онда мынадай сұрақтарға жауап беруге тура келеді. Публицистиканың өзіне тиесілі өз жанрлар жүйесі бар, сонда олар жанрдың жанрлары болып шыға ма? Егер телепублицистика журналистиканың саласы болса, онда ол тек журналистерге ғана тиесілі деген ұғым туады ма? Біздің білуімше, телепублицистикаға араласпайтын сала мамандары кемде-кем, оны қалай түсіндіреміз? Телеублицистика тек саясатты ғана қайзай ма екен, ол әлеуметке қатысты кез келген тақырыпты көтере береді емес пе?Осы ретте тележурна­лис­тiң белгiлi тақырыпта ма­ман­дануыназаманның да, телевизияның да даму үрдiсi қажеттілік танытуда. Кезiнде Нобельдiк сыйлық алған, қатарынан озған, ұлы математик орта мектеп оқулығындағы есептердi шығара алмай қиналыпты. Бұған таңырқаудың қажетi жоқ. Өйткенi белгiлi бiр ғылымды үңги зерттеген ғұлама өзiне қажетсiз ақпараттармен басын қатырмайды. Телевизия дүние­ге келген алғашқы кезеңдей емес, қазiр оның да сала-саласында өз iсiн үздiк меңгерген мамандар өсiп жетiл­дi. Сондықтан журналист те әр ғылымның басын шалмай, бiр саладан, мысалы, экономиканы, финансты, өнердi, мәдениеттi, ауыл шаруашылығын, сая­сатты т.б. терең игерген адам болса, олардың пайымына көрермен де, сол саланың мамандары да иланар едi. Американдық CBS арнасында Уолтер Кронкайт деген журналист болды. Ол өз елiнiң саяси өмiрiн бес саусақтай бiлетiн. Оның пiкiрiмен президенттер де санасатын. Сол Кронкайт алпысыншы-жетпiсiншi жылдары кезектi Президент сайлауында ұйқы-күлкiсiз 24 сағат репортаж жүргiзгенде, оның таңдауы кiмге қарай ауса, сол үмiт­кер­дiң алған даусы да өсiп отырған. Совет телевизиясындағы Юрий Жуковтың «Телевизиялық әңгiмелерiне» тек совет басшылары мен көрермендерi ғана емес, әлемдiк саясаткерлер де құлақ түретiн. Бұндай журналистер қоғамдық пiкiр қалыптастырудың үлкен шеберлерi едi. Ал бiздiң елiмiздегi телеканалдарда тек спорт журналистерi ғана тұрақты түрде өз тақырыбымен айналысады. Бiрақ олардың iшiнен Диас Ахметшәрiп сынды бiрен-сараны болмаса, бiр кезде жастардың куми­рiне айналған Сейдахмет Бердiқұлов, Несiп Жүнiсбаев тәрiздi спорт журна­листерiн табу қиын.
Әдебиет
1. Есенбекова Ұ.М. Тележурналистика: телехабар жасау технологиясы. –А., 2011
2. Әбілдина Ғ. Телевизия өнері: теориясы мен технологиясы. – А.,2012.
3. Бекетова Л. Проблемы реформирования телевидение и радио вКазахстане. – Алматы: 2011.
4. Галперин Ю. Человек с микрофоном – М., 2011.
5. Д.Рендаль Универсальный журналист – А.,2011.
6. Любосветов Д. Радиожурналист и процесс общения.//Мастерство
журналиста – М., 2011.
7. Әбдіжәділқызы Ж. Тележурналистика:оқу құралы, Алматы.,Қазақ университеті, 2018


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет