Пән туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы: Утеулиев Бауыржан Бабажанұлы конференцияның id номері: 224 620 7857 ПӘннің ҚЫСҚаша сипаттамасы «Тележурналистика»



бет12/25
Дата06.03.2023
өлшемі131,27 Kb.
#71850
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Есенбекова Ұ.М. Тележурналистика: телехабар жасау технологиясы. –А., 2011
2. Әбілдина Ғ. Телевизия өнері: теориясы мен технологиясы. – А.,2012.
3. Бекетова Л. Проблемы реформирования телевидение и радио вКазахстане. – Алматы: 2011.
4. Галперин Ю. Человек с микрофоном – М., 2011.
5. Д.Рендаль Универсальный журналист – А.,2011.
6. Любосветов Д. Радиожурналист и процесс общения.//Мастерство
журналиста – М., 2011.
7. Әбдіжәділқызы Ж. Тележурналистика:оқу құралы, Алматы.,Қазақ университеті, 2018


Тақырыбы Телевизиялық монтаж түрлері
Сағат саны 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1.Сценарий ұғымы.
2.Сценарийде әдеби және экрандық белгілер
Дәріс тезисі*
Қазақ поэзиясының лирикасының сыршылдығы мен сыры мол, поэмаларында суреткерлігі мен ойшылдығы қат-қабат келіп жататын өлең өлкесінде өшпес мұра қалдырған ұлы ақын –Мағжан Жұмабаев. Ақын 1893 жылы Қызылжар уезінің Сарыайғыр болысында дүниеге келген. Үлкен атасы Қажы атанған Жұмабай болса, өз әкесі Бекен де елге беделді, ауқатты, болыс болып ел сөзін ұстаған жан. Бекен жас шағында ақындыққа әуестеніп, серілік құрған, айтыстарға түскен өжет те пысық, өнерпаз болған деседі. Ақынның анасы Гүлсім –жаны таза, адамға мейірімді, қарапайым қазақ әйелі болса керек.
Мағжан алғаш сауатын Кәрім деген молдадан ашып, өзінің білімге, оқуға деген құштарлығымен, атасы мен әкесінің үміт еткен құптауымен білім бастауынан нәр алуға талпынған. Оның алғашқы нағыз қстазы ретінде әкесі Бекен салдырған мектепке мұғалім болып келіп, Мағжанды төрт жылдай оқытқан Ахиетдин Аханов деген азаматты айтамыз. Ол жаңаша оқытудың үлгісіндегі ұстаз, шығыс тілдеріне жүйрік, өзі ісіне шын берілген жан болса керек. Осылайша мұсылманша сауатын ашып, білімнің дәмін татқан Мағжан Қызылжардағы медресеге түсіп, рнда Қасен, Мұхамеджан секілді жадидше оқытудың жолын ұстанған мұғалімдерден дәріс алып, оқуға біржола ден қояды. Сөйтіп 1911-1912 жылдары Уфадағы «Ғалия» медресесіне барып оқып, енді тек оқуға деген ынтасына ғана емес, әдебиетке деген құштарлығына жол табады. Ақындық өнерге көзқарасы қалыптаса бастайды. Медресе «Ғалияда» ол татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовпен танысып, көкейіндегі көп сұраққа жол тауып, біржола ақындық өнер жолына бет бұрады. Мағжан шынайы ақынға алған білімінің аздық етерін сезіп, орысша үйренуге талаптанады, өз бетінше орысшаға даярлық жасап, Омбыдағы семинарияға түседі.
Әдебиет
1. Есенбекова Ұ.М. Тележурналистика: телехабар жасау технологиясы. –А., 2011
2. Әбілдина Ғ. Телевизия өнері: теориясы мен технологиясы. – А.,2012.
3. Бекетова Л. Проблемы реформирования телевидение и радио вКазахстане. – Алматы: 2011.
4. Галперин Ю. Человек с микрофоном – М., 2011.
5. Д.Рендаль Универсальный журналист – А.,2011.
6. Любосветов Д. Радиожурналист и процесс общения.//Мастерство
журналиста – М., 2011.
7. Әбдіжәділқызы Ж. Тележурналистика:оқу құралы, Алматы.,Қазақ университеті, 2018
Тақырыбы Қоғамдық теледидардың қажеттілігі мен оның мүмкіншіліктері, функциялары мен телебағдарламаларды редакциялаудың әдіс-тәсілдері
Сағат саны 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1.Қоғамдық теледидардың қажеттілігі мен оның мүмкіншіліктері.
2.Қоғамдық телеарнаны қаржыландыру.
Дәріс тезисі*
Қоғамдық теледидардың қажеттілігі мен оның мүмкіншіліктері туралы айтпас бұрын, ең алдымен «Қоғамдық теледидар деген не ?» осыған аздап сипаттама бере кетейін:Қоғамдық теледидар – бұл қоғамның барлық мүдделерi, пiкiрлерi мен көзқарастары көрiнiс табатын және қоғамға маңызды проблемалар көтерiлетiн эфирлiк алаң. Бұл теледидар ешқандай да олигархтар мен мемлекеттiк құрылымдарға тәуелдi болмайды, себебi ол қоғамның қаржысына жұмыс iстегендiктен, қоғамның мүддесiне сай қызмет ететiн теледидар.
Қоғамдық телевизия тәуелсіз, өз бетімен жұмыс істейтін, бұқара халықтың ортақ ойын білдіретін, ұлттың болмысын, әдебиеті мен мәдениетін, өнері мен дәстүр-салтын, әдет-ғұрпын насихаттайтын электронды құрал болса керек.
Әлемде қоғамдық телеарнаның 50-ге тарта түрi бар. Қоғамдық телеарна модельдерiнiң соншалықты көп болуы әрбiр елдiң өзiне тән ұлттық, саяси, тiптi әлеуметтiк жағдайына да тiкелей байланысты сияқты. Себебi түптiң түбiнде қоғамдық телеарнаның қызметiн билiктiң ұстамдылығы мен қоғамның қалтасы көтеруi тиiс. Десек те, ағылшындық «BBC» немесе жапондық «Эн-эйч-кей» сияқты қоғамдық телеарналардың басты ұқсастығы – мемлекеттiк бақылаудан тәуелсiздiгi. Мұндағы басты мәселе – қаржыландыру көзiнде болып отыр. Қоғамдық телеарнаны мемлекеттiк бюджет немесе саяси-қаржылық топтар емес, қоғамның өзi қаржыландырады. Өз кезегiнде бұл жәйт халықтың барынша шынайы ақпарат алуына мүмкiндiк бередi. Қоғамдық телеарнаның қай түрi Қазақстанға сай? Әлемдiк тәжiрибе не көрсетедi? Мен қоғамдық телеарнаның әлемге әйгiлi бiрнеше түрiне тоқталуды жөн көрдiм.Ұлыбританияны қоғамдық телеарнаның Отаны десек, артық айтқандық емес. 1920 жылы лорд Джон Рейт «Би-Би-Си» (BBC) қоғамдық корпорациясының негiзiн қалап, оның концепциясын бекiткен болатын. Концепция үш мiндетке негiзделген — ақпараттандыру, хабарландыру және көңiл көтерту. Дәл осы қоғамдық телеарна Еуропаның өзге де елдерiне үлгi болып, қоғамдық телеарнаның классикалық моделiне айналды. Қазiргi таңда Ұлыбританияда «BBC»-дан тыс «Ай-ти-ви», «4 арна», «5 арна» сияқты қоғамдық телеарналар жұмыс iстесе де, «BBC» корпорациясы осы тектес телеарнаның нағыз классикалық түрiне жатады. Себебi аталған телеарналар өз күндерiн жарнама мен демеушiлiктiң арқасында көрiп жатқанға ұқсайды. Ал, «BBC»-дiң қаржыландыру жүйесi сәл басқаша.Қоғамдық телеарна дегенде, басты назарға алатын мәселелер – заңнамалық жүйе, қаржы көзi, бақылау құралы және бағдарламалық саясат. Британияда қоғамдық телеарналарға негiзделген бiр емес, бiрнеше заң бар. «Хабар тарату жөнiндегi» соңғы заң 2003 жылы қабылданған. «BBC» телеарнасын қаржыландыру жүйесi де телеарна ашылғаннан берi қалыптасып келедi. Корпорацияның қаржы көзi – «лицензиялық төлемақы жинауға» негiзделген. Басқаша айтсақ, бұл «теледидарға салық» немесе абоненттiк төлемақы болып табылады. Ұлыбританияның әрбiр тұрғыны жыл сайын абоненттiк төлемақы төлеп тұруға тиiс. Масс-медианың дамуымен кейбiр сарапшылар бұндай төлемақының қаншалықты негiздi екендiгiн анықтауға тырысып, «теледидарға салық» түрiн алып тастау қажеттiгiн де айтып келедi. Бiрақ қазiрше әлемге әйгiлi телеарна негiзiнен абоненттiк төлемақыға жұмыс iстеуде. Екiншi жағынан, Британияның ең iрi телекорпорациясының қызметiне мемлекеттiң де ықпалы мүлдем жоқ деуге болмайды. Себебi телеарнаға бюджеттен де қаржы қарастырылған.
Әдебиет
1. Есенбекова Ұ.М. Тележурналистика: телехабар жасау технологиясы. –А., 2011
2. Әбілдина Ғ. Телевизия өнері: теориясы мен технологиясы. – А.,2012.
3. Бекетова Л. Проблемы реформирования телевидение и радио вКазахстане. – Алматы: 2011.
4. Галперин Ю. Человек с микрофоном – М., 2011.
5. Д.Рендаль Универсальный журналист – А.,2011.
6. Любосветов Д. Радиожурналист и процесс общения.//Мастерство
журналиста – М., 2011.
7. Әбдіжәділқызы Ж. Тележурналистика:оқу құралы, Алматы.,Қазақ университеті, 2018


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет