Пән туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы: Утеулиев Бауыржан Бабажанұлы конференцияның id номері: 224 620 7857 ПӘннің ҚЫСҚаша сипаттамасы «Тележурналистика»



бет13/25
Дата06.03.2023
өлшемі131,27 Kb.
#71850
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25
ТақырыбыОтандық телеарналардағы тікелей эфир ерекшеліктері
Сағат саны 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. Тікелей эфир-телевидение хабарларының ішіндегі жүгі ауыр хабардың бірі.

  2. Ұлтымыздың тек өзіне тән бояуы мен әзіл-қалжыңын, өзіне тән айшықтарын бедерлеп беріп жүрген отандық телеарналардағы тікелей эфир ерекшеліктері.

Дәріс тезисі*
Тікелей эфир-телевидение хабарларының ішіндегі жүгі ауыр хабардың бірі. Бұл жерде жүргізушінің кескін-келбеті ғана емес, ой-өрісі, дүниетанымы, сауаттылығы сынға түседі. Әрине, тікелей эфир хабарларын тек біржақты қарауға болмайды. Барлық бұқаралық ақпарат құралдарының ішіндегі ең кенжесі телевидение саласы әлі көп зерттеуді қажет етеді. Осы диплом жұмысын жазу барысында қазақ тілінде тікелей эфир хабары қай кезде пайда болды деген сауалға жауап іздедік. Қазақ телевиденисеі 1958 жылдың көктемінен бастап алғаш хабарларын таратады. Техникалық мүмкіндікке қарай сол заманның хабарларының барлығы тікелей эфир арқылы жұртшылыққа жетті. Ал монтаж телевидение саласына сәл кешірек келді. Екі адамның сұхбатына құрылған бағдарламалар, көңілді ойын-сауық хабарларының барлығы тікелей эфирде жүрді. Бірақ интерактивті байланыс болмаған. Оған себеп, цензура екені даусыз. Сол кездің өзінде футболдан тікелей трансляция болған. Бірақ футбол тікелей эфирде болғанымен, репортажбен хабардың арасы жер мен көктей. Репортер көз алдында болып жатқан оқиғаларды баяндап беріп отырады, егер футбол болса, оның алдында команда құрамындағы ойыншылардың аты-жөні, өзге де мәліметтері жазылған қағаз жатады. Ол жерден біз репортердің түрін көрмейміз немесе сауал қоя алмаймыз. Тікелей эфирдегі спорт хабарының өзі өте көп зерттеуді талап ететін сала. Сондықтан, біз осы диплом жұмысында қазіргі күні тікелей эфирде өтетін отандық телеарналардағы «Оян, қазақ», «Дода», «Бетпе-бет», «Таң жарық», «Кеш жарық» сынды пішіні бір болғанымен, бағыттары бөлек бағдарламаларға тоқталуды жөн көрдік.Негізінде аудиторияның психологиялық жағынан эфирге бейімделуі тәулік аясындағы уақыт мезгілдеріне де байланысты болып келеді. Әлбете, ең әуелі таңертеңгілік эфирге тән ерекшеліктерге тоқталамыз. Теледидардағы таң - ең маңызды мезгіл. Өйткені таң қалай басталса, күн солай өтеді. Ауа толқынындағы таңертеңгілік топтама негізінен 7.ОО ден немесе 7.3О дан басталып, 9.ОО ге дейін немесе 1О.ОО ге дейін созылады. Таңертеңгілік эфир адамның өмір ағысын, жүрек қағысын, тіршілік тынысын бейнелумен ерекшеленеді. Әдетте, адам теледидардағы үн ырғағымен оянады, ертеңгілік жаттығу жұмыстарын да сол арнада өтіп жатқан жаттығулармен бірге жасайды. Тіпті теледидар арқылы түрлі ас мәзірін жасауды үйренеді. Егер түсінбей жатқан жері болса, қоңырау шалып, кеңес сұрайды. Түрлі пайдалы кеңестер алады. Қазіргі таңда отандық телеарналар ішінде таңертеңгілік шығатын Оян, қазақ Міне, тікелей эфир құдіреті осы. Қазақ елін «Оян, қазақ» деп ұлттық аспабымыз домбыраның үнімен оятатын бұл хабар қазір көпшілік көрерменнің үйінде таңертеңгі 7.3О дан 9.ОО ге дейін қосылып тұрады. Хабар зерліліктен - зерделікке, кемелдіктен-парасаттылыққа, ұғынықтылықтан-ойлылыққа, ойлампаздықтан-алымдылыққа ұласқан талантты теледидардың бағын ашты.
Әдебиет
1. Есенбекова Ұ.М. Тележурналистика: телехабар жасау технологиясы. –А., 2011
2. Әбілдина Ғ. Телевизия өнері: теориясы мен технологиясы. – А.,2012.
3. Бекетова Л. Проблемы реформирования телевидение и радио вКазахстане. – Алматы: 2011.
4. Галперин Ю. Человек с микрофоном – М., 2011.
5. Д.Рендаль Универсальный журналист – А.,2011.
6. Любосветов Д. Радиожурналист и процесс общения.//Мастерство
журналиста – М., 2011.
7. Әбдіжәділқызы Ж. Тележурналистика:оқу құралы, Алматы.,Қазақ университеті, 2018
Тақырыбы Телерадиожурналистиканың даму процесінде пайда болған жанрлар мен пішіндердің әдістемелік сипаты
Сағат саны 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. Талдамалы жанрлар құрылымы.

  2. Тележурналситика жанрлары мен пішіндері.

Дәріс тезисі*
Жанр дегеніміз – белгілі бір газет, журнал материалдарының, радио, телевизия хабарларының көріну, өмір сүру формасы. Журналистиканың теориясында публицистикалық жанрды түрге бөлу былайша: біріншіден, заттың (нысанның) танымдығы, көріністегі өзіндік ерекшелігі (заметка, корреспонденцияға – факті мен оқиғаның тікелей қатыстылығы, ал сұхбат пен рецензияға – бейнелеп көрсетудің тән екендігі); екіншіден, танымдық – тәрбиелік мақсаттары; үшіншіден, әрекетті көрсетудегі кең ауқымдылық немесе түйін мен қорытындының ауқымдылығы; төртіншіден, өзіндік айқындаушы – мәнерлеуші құралдары (әдеби тілі, стилі, бейнелігі) қарастырылады.
Шын мәнінде, телевизиялық шығарма жанрын айқындау – осы айтылған жайлардағы қандай да бір жекелілік белгілер емес, олардың бәрінің жиынтығы нәтижесінде болатын құбылыс. Басқаша айтқанда, жанрлық бірлікте болу барлық төрт белгіге қатысты. Осыдан мынадай шығатын қорытынды, публицистика жанры (ақпараттық, талдамалы және көркем), тек мынадай жағдайда ғана – материалдың документальдығы, ойдан шығарылмағандығы, дәлділігімен бөлек кезеңде, үнемі бір – бірімен байланыста болады. Жанр типін айқындау кезінде, оны көріністің негізінде жататын құбылыс пен объективтік процестерге байланысты қарап, айқындаған жөн.
Хабарда журналистер тек қана фактіні баяндаумен ғана шектелмейді, бір мезгілде оған талдау жасауға ұмтылады, оны басқалармен салыстырады, жағдай мен құбылысқа баға береді, проблеманы шешу жолдарын ұсынады. Талдамалы жанр ақпараттық жанрмен салыстырғанда материалды беруде кеңдігімен, ойлауда ауқымдылығымен, өмірлік, маңызды құбылыстарды зерттеумен айрықшыланады. Белгілі бір кезеңдегі бір типті фактілерді жинақтау кезінде автор оларды қорытындылау мен маңызды проблемасын барлық қырынан айқындауға ұмтылыс танытады. Талдамалы жанрлар заттағы танымдық, нысанды кескіндеу, дәл белгілеу, танымдық – тәрбиелік міндетімен, оқиғаны кең түрде көрсетуімен, ауқымды түйін және қорытындысымен, әдеби – стилистикалық құралдар характерімен, айқындаушы – көркемдеуші құралдарымен де ерекшеленеді.
Әдебиет
1. Есенбекова Ұ.М. Тележурналистика: телехабар жасау технологиясы. –А., 2011
2. Әбілдина Ғ. Телевизия өнері: теориясы мен технологиясы. – А.,2012.
3. Бекетова Л. Проблемы реформирования телевидение и радио вКазахстане. – Алматы: 2011.
4. Галперин Ю. Человек с микрофоном – М., 2011.
5. Д.Рендаль Универсальный журналист – А.,2011.
6. Любосветов Д. Радиожурналист и процесс общения.//Мастерство
журналиста – М., 2011.
7. Әбдіжәділқызы Ж. Тележурналистика:оқу құралы, Алматы.,Қазақ университеті, 2018
Тақырыбы Теледидардың басқа БАҚ-нан айырмашылығы мен ұқсастығы
Сағат саны 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. Радио – ақпарат таратады, құлақтандырады.

  2. Телевизия – оқиғаны, болмысты көрсетеді.

  3. Газет-журнал – деректі, оқиғаны талдап, түсіндіреді.

Дәріс тезисі*
Радионың басқа да бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланысы туралы сөз қозғалғанда, алдымен оның міндеттері сараланып шығады. Бүгінгі БАҚ жүйесі жетіліп, қалыптасқан жағдайда оны төмендегідей тұжырымдауға болады: радио – ақпарат таратады, құлақтандырады;телевизия – оқиғаны, болмысты көрсетеді;газет-журнал – деректі, оқиғаны талдап, түсіндіреді;Интернет – ақпаратты сан қырынан көрсетеді, мәтін, дыбыс пен бейне тұтастығынан тұруы да мүмкін.Интернеттің жөні бөлектеу және ол техникалық ерекшелігінен туындайды. Дегенмен, Интернеттегі ақпараттық жүйе қалыптасу үстінде, өзіндік белгілері толық айшықталған жоқ. Оның үстіне Интернет жалпы ақпарат мұхиты да, оның ішіндегі маңызды ақпарат, әсіресе БАҚ ұғымына сәйкес ақпарат шағын аралдай ғана. Бірақ, компьютерлік желідегі ақпарат тасымалының динамикасы, өсу үрдісі өте қарқынды болғандықтан болашағынан көп үміт күтеміз. Осы жағдайларды ескеріп, дәстүрлі БАҚ пен радио арасындағы байланыстарға баса назар аударамыз.“Информация” мағынасын кең көлемде алғанда, оған хабарлаудың кез келген түрі жатады. Алайда, “телевизиялық информация” журналистиканың телевизиялық хабарларында қалыптасты. Ол көпшілігінде жаңалықтарды тарату кезінде қолданылады.Теледидардағы ақпараттың бай тәжірибесінің, жанр қалыптастырудағы мол традициясы. Телевизиялық информация жанрының көпшілігі. Телевидениеге-газет пен радиодан – репортаж, интервью, комментарий және т.б. келді.Саяси ақпараттарға қойылар басты талаптар-жеделділік әрі дер мезгілінде көрерменге жетуі. Актуальды информацияны іріктеу күрделі әрі ауыр жұмыс. Қашан, қайда, кімді, не үшін деген сұрақтарға жауап ізделуі тиісті. “Сіз саяси ақпаратты қай көздерден аласыз” деп сауалнама жүргізілгенде оған 71,8 % радио, 74 % газет, 91,4 % “телевидениеден” деп жауап берген.БАҚ – оның ішінде телевидениеде, радио және басқа көпшілік аудиторияға әлеуметтік, саяси, экономикалық ақпараттарды түрлі әдістерімен жеткізеді. Газет-баспа сөзі, радио-сөйлеу және дыбыс, телевидение – осы үш “триаданың” сөз, дыбыс және көріністің тоқайласқан арнасы. Теледидарды өзгелерден ерекшелейтін қасиеті оның бейнелік қатарларында. Бүгінде таңбалар жүйесінде, оның ішінде БАҚ тілінде экспоненциялдық өсім байқалуда. Электронды БАҚ-ның ғасырында теледидар адамды сөйлеуге тағы да мәжбүр етті. Осыдан келіп, теледидардағы жанрдың-монологтық және диалогтық екі негізгі тобы өмірге келді. Қоғамдағы саяси, экономикалық және әлеуметтік даму осы екі топтағы жанрлардың дамуына кең жол ашты.
Әдебиет
1. Есенбекова Ұ.М. Тележурналистика: телехабар жасау технологиясы. –А., 2011
2. Әбілдина Ғ. Телевизия өнері: теориясы мен технологиясы. – А.,2012.
3. Бекетова Л. Проблемы реформирования телевидение и радио вКазахстане. – Алматы: 2011.
4. Галперин Ю. Человек с микрофоном – М., 2011.
5. Д.Рендаль Универсальный журналист – А.,2011.
6. Любосветов Д. Радиожурналист и процесс общения.//Мастерство
журналиста – М., 2011.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет