Байланысты: Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері, Ж.Ж.Шайекенов
Тақырып: Қазақ прозасындағы дәстүлі мәдениет үлгілерінің бейнеленуі (1980-2000)
Қарастыратын сұрақтар: 1. Қазіргі қазақ прозасы мен ондағы халық мәдениетінің үздік үлгілері, ақындық, күйшілік, әншілік, т.б өнердің сыр-сипаты, өмір шындығымен көркемдік шешімнің бірлігі, сабақтастығы 2. Т.Әлемқұлов, А.Сейдімбек, О.Бөкев, І.Жақанов. С.Бақбергенов т.б
Мақсаты: көркем шығарманы талдауға төселдіру, жазушылық шеберлікті меңгерту
Сөз қонған, өнер ұйыған халқымыз аңыз-әңгіме, өлең-жырды биік белеске көтерген. Соның ішінде – ақындық өнерді кие тұтқан. Асылы, ақындық өнер- табиғатпен етене құбылыс. Тіл ұшына келген өрнекті ой, сырлы сөзді кері қайтарып ала алмайсың. Көңіл көрігінде пісіп-жетілген сырлы сөз өлең-жыр ретінде қалың көпке жетеді. Жетелі, көшелі сөз ханды да, қараны да өзіне қаратады, қалың көптің сөзін айтады, қоғамдық пікір туғызады, әлеуметтік мәселе көтереді. Ортақ ойға қозғау салады. Демек, ақын – халқытың үні, ақиақттың ту көтерушісі, шындық шырақшысы.
Т.Әлімқұлов, Ә.Кекілбаев, М.Мағауин, О.Бөкеев, С.Жүнісов, І.Жақанов, А.Сейдімбек, С.Бақбергенов, т.б. жазушылардығ шығармаларында арғы-бергі тарихи та, адам факторының иірім-сырлары да, руханият мәселелері де кең орын алады. Бұл қаламгерлердің қайсыбірінің туындыларын алсақ да ұлт тарихы мен тағдырын, танымал тұлғалардың өмірін соынмен бірге халық мәдениетінің қайнарын кемел көркем суреттегені танылар еді.
Прозадағы кейіпкер болмысын ашып көрсетуде дәстүрлі мәдениеттің үлгі, әсерін суреттеу 1960-80 жж. Қазақ прозасындла кең өріс алды. Жоғарыда аталған қаламгерлердің проазлық туындыларындағы халық мәдениетінің дәстүрлі арналыр, өнер мұраты мен өнерпаздар өмірі кең көлемде көрініс тапты. Т.Әлімқұлов бүкіл шығармашылығы өнермен байланысып жатады. Тіпті оқиға өрбуі өнерге қатысты болмағанмен, кейіпкері – тіклей өнер адамы, немесе жырлаған нысаны - өнер туындысы. Бұл: «Сарыжайлауда» - Тәтімбет, «Көк қаршығада» - Ақан, «Қараойда» - Махамбет, «Керторлғацуда» - Сүгір болып жалғасып кете береді. Демек, жазушы өмірді өнермен өрнектейді, сол арқылы халықтық дәстүрді, тарихи тағылымын көркемдікпен байытады.
Жалпы, Т.Әлімқұлов өнер адамдары жайындағы қай шығармасында да бас кейіпкердің рухани дүниесін жан-жақты, әлеуметтік ортамен тұтастыра, терең ашып көрсетеді. «Көк Қаршыға» мен «Қараой» әңгімелерінде «Елім, халқым?!» - деп еңіреп өткен екі ақынды осы рухани туыстық, азаматтық, перзенттік мұрат бірлігі жақындата түседі. Автор сол арқылы басынан кешірген тарихынан гөрі тұтас халықтың өзіне тән психологиясын ашып көрсетеді.