Оқушыларға сөздер немесе суреттер жинағын (сабақ тақырыбымен
байланысты) көрсетіңіз. Олар қай сөз немесе сурет қалғандарына қатысты емес екенін анықтауы керек.
Қорытынды
Қорытынды
Жаңа педагогикалық технология - жаңа оқыту амалдары мен іс-әрекеттерінен ізденуді талап ететін, яғни, білім мен тәрбие берудегі ғылымның нәтижеге қол жеткізіп, жаңа ізденістерді ұтымды пайдалану арқылы жоғары көрсеткіштерге жету дегенді білдіретін ұғым. Қазақ тілін оқытуда пайдаланылатын маңызды технологиялардың бірі - коммуникативтік оқыту технологиясы. Бұл технология өзінің тиімділігін іс жүзінде дәлелдеп, көптеген мұғалімдердің тәжірибесінен орын алды. Коммуникативтік технологияда тілдік қарым-қатынас алдыңғы орынға шығарылады да, басқа жұмыстар осы бағдарға бағытталады.
Қай сыныпта болмасын, оқытудың коммуникативтік мақсаты негізге алынады. Оқулық бағдарламасы оқушылардың өтілген тақырыптарға сәйкес ауызекі сөйлеу дағдысы мен шеберлігін қалыптастыруға және дамытуға бағытталған. Коммуникативтік / қатысымдық / әдіс оқушы мен мұғалімнің тікелей қарым – қатынасы арқылы жүзеге асады.