Пәнді оқытудың мақсаттары – студенттердің білімін арттыру,
дағдыларын қалыптастыру және биологиялық пәндерді терең түсінуіне жол
ашу.
Пәнді оқытудың міндеттері – Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесін
соңғы кездегі атом құрылысы теориясы негізінде оқыту. Химиялық
реакциялардың жүру заңдылықтары, ерітінділер теориясы және т.б.
Пәнді оқытудың барысында студенттер:
білуі керек негізгі теориялар және химиялық заңдар, химиялық
терминологиялар. Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесін соңғы кездегі атом
құрылысы теориясы негізінде білу.
істей білуі керек әр түрлі лабораториялық жұмыстарды жүргізе білу.
Формула бойынша және теңдеулер бойынша есептер шығару, әр түрлі
концентрациядағы ерітінділерді дайындай білу. Өтілген заңдылықтар,
химиялық түсініктер және дәлелдемелер бойынша тәжірибе нәтижесін
түсіндіре білу. Анықтамалық әдебиеттерді қолдана білу.
2 Пререквизиттер
Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған
білім, икемділік және машықтар қажет:
1.
Мектептегі химия курсы
2.
Математика.
3.
Физика
3 Постреквизиттер
Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар
келесі
пәндерді меңгеру үшін қажет:
1. Биохимия
2. Молекулалық биология
3. Жалпы биология
4 Пән тақырыптыраның мазмұны
Тақырып 1. Негізгі заңдар. Заттар массасының сақталу заңы, еселі
қатынас заңы, қүрам түрақтылық заңы, көлемдік қатынастар заңы. Авогадро
заңы. Қүрамы түрақты жөне ауыспалы қосылыстар. Газ жүйелер. Газ
заңдары. Идеал газ. Газ түрақтысы. Менделеев-Клапейрон теңдеуі.
Газдардың салыстырмалы тығыздығы.
Тақырып 2. Атом қүрылысының қазіргі теориясының
эксперименталдық негізі. Ядро және электрон қауызы. Атомның
планетарлық моделі және Бор постулаттары, модельдердің қарама
қайшылықтары. Атомның квантмеханикалық моделі. Квант сандары,
олардын өозгеру шектері. Квант сандарының мәні. Атомдық орбитальдар. s-,
р-, d-, f- атомдық орбиталдар түрлері. Атомдардың электрон қауызын толтыру.
Паули принципі мен Хунд ережесі. Валенттік электрон. Электрон қауызының
құрылысының периодтылығы. Элементердің электртерістіктері. Периодтық
заңның мазмұны. Д.И.Менделеевтің белгісіз элементтердің қасиеттерін
алдын-ала болжап айтуы. Периодтық заңның қәзіргі интерпретациясы.
Тақырып 3. Химиялық байланыс. Химиялық байланыстар
табиғаты. Валенттік
байланыс. Атомдық орбиталдардың бүркесу
қабілеттіліктері және байланыстар, байланыс реті. Химиялық байланыстар
сипаттамалары – энергиясы, үзындығы, полюстілігі. Донорлы - акцепторлы
әрекеттесу.
Химиялық коваленттік байланыстың бағытталуы мен
қанымдылығы. Иондық байланыс.Сутектік байланыс. Молекула аралық
әрекеттесу. Ван-дер-Ваальс күштері.
Химиялық реакцияның жүруінің
негізгі зандылықтары.
Термодинамиканың бірінші бастамасы.
Термохимия. Энтальпия туралы ұғым. Эндо- және экзотермиялық
реакциялар. Гесс заңы. Реакцияның жылу эффекттерін есептеу.
Термодинамиканың екінші бастамасы. Энтропия үғымы. Гиббс энергиясы.
Тақырып 4. Химиялык реакциялардың жылдамдығы және оны
анықтаушы факторлар.
Реакция жылдамдығының реагенттердің
концентрациясына тәуелділігі. Вант-Гофф ережесі. Химиялық тепе-тендік.
Қайтымды және қайтымсыз химиялық реакциялар. Химиялық тепе-теңдік
константасы өзгеруіне орай химиялық тепе-теңдіктің ығысуы. Ле-Шателье
принципі.
Тақырып 5. Ерітінділердің жалпы қасиеттері. Еріткіш және
еритін зат. Ерігіштік. Қаныққан, қанықпаған, аса қаныкдан, сүйытылған және
концентрлі ерітінділер. Идеалды ерітінді туралы ұғым. Осмос. Судың
молекуласының электрондық құрылысы мен құрылымы. Электролиттердің
сулы ерітінділері. Еріген заттардың электролиттік диссоциациясы. Әлсіз және
күшті электролиттер. Электролиттің константасы және диссоциациялану
дәрежесі. Сүйытылу заңы.
Тақырып 6. Тұздар гидролизі. Гидролиздену константасы мен
дәрежесі. Тотығу-тотықсыздану процестері -электрондарды тасымаддау
реакциялары. Тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштар. Ерітінділер мен
балқымалардың электролизі.
Тақырып 7. Негізгі топша элементтерінің химиясы
Сутек. Сутектің жалпы сипаттамасы. Периодтық жүйедегі сутектің орны.
Атом құрылысы. Валенттік және атомдардың тотығу дәрежелері. Сутектің
физикалық және химиялық қасиеттері. Негізгі физикалық қасиеттері. Сутек -
тотыксыздандырғыш. Сутектің табиғатта болу түрлері. Бос күйіндегі сутекті
зертханада және өнеркәсіпте алу әдістері. Сутектің колданылуы.
Оттек. Жалпы сипаттамасы. Периодтық жүйедегі оттектің орны, атомы
мен молекуласының құрылысы Оттектің физикалық және химиялық
қасиеттері. Оттектің лабораторияда және өнеркәсіпте алыну жолдары. Озон,
молекула құрылысы, оның қасиеттері және практикалық маңызы.
Сутектің оттекпен манызды қосылыстары. Сутек пероксиді. Молекула
құрылысы, алынуы, қасиеттері және практикалық маңызы.
Тақырып 8. Галогендер. Топ элементтеріне жалпы сипаттама.
Атомдар құрылысы. Топ бойынша элементтердің атомдық радиустары,
электрон тартқыштары, электртерістіктерінің өзгеруі. Валенттік және
атомдардың тотығу дәрежелері. Атомдардың ең жоғары тотығу дәрежелеріне
сай келетін қосылыстарының түрақтылығының топ бойынша өзгеруі.
Галогенсутектер. Физикалық, химиялық қасиеттері. Фторсутек қышқылының
ерекшеліктері.
Тақырып 9. Органикалық химия Кіріспе. Органикалық химия
пәні, оның биология және медицинамен байланысы, негізгі бағыттары.
Табигаттағы органикалық қосылыстар алуандалағының арасындағы көміртек
атомының алатын орны және ерекшелігі. Молекуланың кеңестік құрылысы
туралы түсінік. Химиялық байланысының электрондық теориясы.
Органикалық қосылыстардағы байланыс түрлері. Гибридтену түрлері,
қосарлыну, молекулярлы орбитальдар туралы түсінік. Электртерістік,
электронды эффекттілер, молекуладағы атомдардың озара осері.
Органикалық қосылыстардың классификациясы және номенклатура
негіздері. Органикалық реакциялар механизмі, байланыстың гетеролиттік
және гомолиттік ыдырау түрлері, нуклеофилді және электрофилді реагенттер
туралы түсініктер. Орталық бөлшектер түрлері: карбокатион, карбанион,
радикалдар, карбендер және комплекстер туралы түсінік. Бүрыштық және
конформациялық кернеу.
Тақырып 10.
Көмірсутектер.
Көмірсутектердің
галогентуындылары. Көмірсутектердің номенклатурасы мен изомериясы
(қүұрылымдық, кеңестік цис-, транс-изомериясы). С-Н және С-С, қос ((-
байланыс), диенді, үш байланыстарының табиғаты. Біріншілік, екіншілік
және үшіншілік көміртек атомдарындағы байланыстың беріктілігінің
айырмашылығы. Ашық және түйық қосарланған жүйелер. Ароматтылық
критерийлері. Алкандардың, алкендердің, алкадиендердің, алкиндердің
және арендердің химиялық қасиеттеріндегі айырмашылықтар мен
үқсастықтары. Көмірсутектердің кейбір өкілдерінің биологялык ролі.
Мүнайдан алынатын
дәрілік заттар.
Галогентуындыларының
классификациясы. Көміртек-галоген байланысының полярлану сипаты.
Нуклеофильді орын басудың жалпы зандылықтары. SN1 және SN2
механизмдар туралы түсінік. Элиминирлеу реакциялары. Қаныққан,
қанықпаған және ароматты галогентуындыларының химиялық қасиеттерінің
салыстырмалы сипаттамасы, галогеннің жылжымалдығымен байланыстыру.
Тақырып 11.
Спирттер мен фенолдар. Спирттердің
классификациясы (бір-, екі- және үш атомды). Сутектік байланыс, оның
пирттердің физикалық қасиеттеріне және табиғи құрылымдардың
түрақтылығына әсері. Бір атомды спирттердің химиялық қасиеттері. Көп
атомды спирттер - этиленгликоль, глицерин, осы спиртгердің ерекше
қасиеттері.
Фенолдар. Бір-, екі- және үш атомды фенолдардың маңызды өкілдері.
Ароматы сақина және гидроксил топтың әсері. Салицил препарттарды,
антиоксиданттарды, инсектицидтарды, дезинфекциялаушы заттар алуда
фенол мен оның туындыларын колдану.
Тақырып 12. Альдегидтер мен кетондар. Альдегидтер мен
кетондардың классификациясы. Карбонил топтың құрылысы, полярлығы
мен полярлануы. Карбонил- қосылыстардың химиялық қасиеттері.
Окстоптыңреакциялық қабілеттілігінің
карбонилқұрамдас қосылыстардың құрылысымен байланысы. Оксотопқа (-
орында орналасқан донорлы және акцепторлы орынбасарлардың альдегидтер
мен кетондардың химиялық касиеттеріне әсері (альдольды-кротонды
конденсация, галогендеу). Глицерин альдегиді және оның
моносахаридтердің, амино- және оксиқышқылдадың абсолютты
конфигурацияларын анықтаудағы ролі.
Тақырып 13.
Қарбон қышқылдары және оның
функционалды туындылары. Карбоксил топтың және карбоксилат-
анионның құрылысы. Қышқылдар ассоциациясы. Қышқылдардың
реакциялық қабілеттілігінің жалпы сипаттамасы. Карбон қышқылдарының
функционалды туындылары; тұздар, галогенангидридтгер, қышқылдар
ангидриді, нитрилдер, амидтер, күрделі эфирлер. Дикарбон кышқылдары.
Екі негізді қанықпаған қышқылдар. Фумар және малеин қышқылдары.
Олардың құрылыстарындағы өзгешелік және қасиеттері. Ароматты
карбон қышқылдары (бензой, корич қышқылдары). Фенол қышқылдары
(галл, протокатехты). Жоғары карбон қышқылдары (пальметин, стеарин,
арахидон және т.б.). Бейтарап липидтер, фосфолипидтер, олардың
биологиялық ролі.
Тақырып 14. Окси-, оксо- және амин қышқылдары. Ақуыздар.
Окси-, оксо- және амин қышқылдарының классификациясы, олардың
маңызды екілдері. Ауыстырылатын және ауыстырылмайтын
аминқышқылдары, сүт, пирожүзім қышқылдары. Биологиялық ролі.
Оксиқышқылдардың стереохимиясы. Окси- және амин
қышқылдарының дегидратациясы, нәтиженің окси-, амино және
карбокситоптың өзара орналасуынан байланыстығы. Окси-, оксо- және амин
қышқылдарының химиялық қасиеттері мен алу жолдары. Пептидті
байланыс, оның құрылысы. Ақуыздардың құрылысы мен құрамы туралы
түсінік (біріншілік, екіншілік, үшіншілік, төртіншілік құрылысы).
Тақырып 15. Көмірсулар. Табиғатта таралуы, фотосинтез,
табиғаттағы ролі. Классификациясы. Моносахаридтердің құрылысы, олардың
стериоизомериясы. Д-,L- қатарлар. Ашық және түйық түрлері. Сақиналы —
тізбекті таутомерия. Фишер формуласынан Хеуорс формулаларына өту.
Конформациялары: "кресло" және "ванна". Аксилді және эквоториалды
байланыстар. Гликозидтер, агликондар, олардың табиғатта таралуы.
Моносахаридтердің химиялық касиеттсрі. Тотыксыздандыратын және
тотықсыздандырмайтын дисахаридтер (лактоза, сахароза, мальтоза и
целлюлоза). Полисахаридтер. Крахмал, клетчатка, пектиндар. Олардың
құрылысы туралы түсінік. Биологиялық ролі.
5 Практикалық сабақтарының мазмұны
Тақырып 1. Кіріспе. Жалпы химия. Табиғатта және көптеген
жасанды жағдайларда барлық жаратылыстану ғылымдарының бір-бірімен
өзара байланысып жататындығын байқауға болады (физика, химия,
биология,
геология,
математика т.б.). Химия, физика, биология ғылымдары физика ғылымының
нәтижесінде пайда болған әдістер мен үғымдарды немесе химия, математика,
биологияның қатысуымен мүмкін болатын күрделі биологиялық түзілімдерді
ажыратады. Химия ғылымының пайда болуы жеке химиялық процестерді
қолдан жасай білуге негізделген. Мысалы, металды балқыту, сыра ашыту,
тері илеу және оны бояу тәрізді процестер. Химия ғылымында да
практикалық білім теориядан бүрын туған.
Атом-молекулалық ілім негіздері. Негізгі химиялық ғылымдар: атом,
молекула, жай зат, химиялық қосылыс. Химиялық элемент. Изотоптар.
Атомдық және элементтік массалар. Молекулалық масса. Моль, молярлық
масса, заттың молярлық концентрациясы.
Тақырып 2.
Координациялық қосылыстар. Комплексті
қосылыстардың құрылысы. Номенклатурасы.
Тақырып 3. Күкірт тобының элементтері. Топ элементтеріне
жалпы сипаттама. Атомдар құрылысы. Топ бойыиша элементтердің атомдық
радиустары, электрон тартқыштары, электртерістіктерінің өзгеруі. Валенттік
және атомдардың тотығу дәрежелері. Жай заттардың химиялық касиеттері.
Тотықтырғыштық және тотықсыздандырғыштық касиеттері. Н
2
Э типті
қосылыстары. Молекулаларының құрылысы. Физикалық қасиеттері.
Химиялық қасиеттер. Оксидтер. Элементтердід (IV, VI) оксидтері. Күкірт
қышқылдарының қасиеттері. Олеум. Күкірт диоксидінің тотыгу
реакциясының термодинамикалық сипаттамасы. Күкірт қышқылының халык
шаруашылығында қолданылуы. Сульфаттар. Сульфидтер.
Тақырып 4. Азот тобының элементтері. Топ элементтеріне жалпы
сипаттама. Атомдар құрылысы. Топ бойынша элементтердің атомдық
радиустары, электрон тартқыштары, электртерістіктерінің өзгеруі.
Валенттік және атомдардың тотығу дәрежелері. Қосылыстардағы химиялық
байланыстардың сипаты. Жай заттардың химиялық қасиеттері. Молекулалык
және атомдық азоттың, ақ және қызыл фосфордың реакцияға
қабілеттілігі.
Элементтердің табиғатта кездесетін формалары.
Қазақстан фосфориттері. Жай заттардың алыну принципі мен қолданылуы.
Аммиак. Аммиактың тотығу реакциялары. Аммиактың қолданылуы. Азот (I,
II, III, IV, V) оксидтері. Молекулалар құрылысы. Азот оксидтерінің
улылығы және оның қоршаған ортаға әсері. Азотты қышқыл. Азотты
қышқыл молекуласының және нитрит-ионның құрылысы. Нитриттер.
Нитриттер улылығы. Азот қышқылы. Нитраттер. Концентрлі және
сүйытылған азот қышқылдарының тотықтырғыштық қасиеттері. Азот
қышқылынын өнеркәсіпте алынуының технологиялық ерекшеліктері.
Патша сүйығы. Азот қышқылының қолданылуы. Ауадан азотты
фиксациялау.
Тақырып 5. Фосфордың оттекті қышқылдары мен олардың
тұздары. Фосфорлы қышқыл және фосфиттер. Ортофосфор қышқылы
және оның тұздары. Фосфор қышқылдары молекулаларының құрылысы.
Қасиеттері.
Тақырып 6. Көміртек тобының элементтері. Топ элементтеріне
жалпы сипаттама. Атомдар құрылысы. Топ бойынша элементтердің
атомдық радиустары, электртерістіктерінің өзгеруі. Валенттік және
атомдардың тотығу дәрежелері. Жай заттар. Көміртектің
аллотропиялық езгерістері. Кұрылысының ерекшеліктері.
Элементтердің табиғатта кездесетіп формалары. Қазақстандағы темір,
мүнай, газ, жанғыш қазбалар, қорғасын. Көміртек(ІІ) оксиді, алынуы.
Тотықсыздандырғыштық қасиеттері. Көміртек(ІУ) оксиді. Молекула
құрылысы, алынуы, колданылуы. Карбонаттар, гидрокарбонаттар,
негіздік карбонаттар. Көмірқышқыл газының қоршаған ортаға әсері.
Кремний (II,IV) оксидтері. Кремний диоксиді. Кремний қышқылдары.
Қөміртектің азотпен қосылыстары. Циансутек. Циансутек қышқылы.
Цианидтер. Циансутек пен цианидтердің улылығы.
Тақырып 7. Бор тобының элементтері. Топ элементтеріне жалпы
сипаттама. Атомдар құрылысы. Қосылыстардағы химиялық байланыстардың
сипаты. Катионды және анионды форма түзуге, комплекс түзуге бейімділігі.
Бор, алюминийдің ерекше қасиеті. Қазақстандағы бормен алюминийдың
кендері. Химиялық қасиеттері. Элементтер(Ш) оксидтері. Алюминий
оксиді. Химиялық қасиеттері. Элементтер(Ш) гидрооксидтері. Қышқылдар
мен сілтілерге қатынасы.
Тақырып 8. S-элементтер. S-элементтерге жалпы сипаттама.
Атомдар
құрылысының ерекшеліктері. Валентік және атомдардың тотығу
дәрежелері. Жай заттардың қасиеттері. Басқа металдармен салыстырғандағы
сілтілік металдардың физикалық қасиеттерінің ерекшеліктері. Металдардың
химиялық активтілігі және оның литий-цезий қатарында өзгеруі. Гидридтер.
Құрылымы. Қасиеттері. Алу принципі. Оксидтер. Гидрооксидтер.
Қасиеттері. Литий-цезий гидрооксидтері қатарында негіздер күшінің өзгеруі.
Сілтілермен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздіктің алдыналу шаралары.
Натрий және калий хлоридтері. Карбонаттар. Кальциленген, кристалдық, ас
тұздары. Сақар. Глаубер тұзы. Тұздардың қолданылуы.
Тақырып 9. Ауыспалы элементтер химиясы
Марганец, темір, хром, мыс, мырыш, кадмий, сынап, күміс, алтын.
Элементтерге жалпы сипаттама. Қазақстандағы кен орындары. Атомдар
құрылысы. Валенттік және атомдардың
тотығу дәрежелері.
Қосылыстарындағы химиялық байланыстардың сипаты. Топ бойынша
химиялық қасиеттің өзгеруі. Жай заттардың физикалық және химиялық
қасиеттері. Қышқылдық-негіздік
және
тотықтырғыштык-
тотықсыздандырғыштық қасиеттері. Алыну принциптері.
Тақырып 10.
Нуклеин қышқылдары. Нуклеозидтер,
нуклеотидтер,
нуклеин қышқылдары. Классификациясы, құрылысы,
РНҚ жоне ДНҚ-ның биологиялық ролі. ДНҚ
молекуласының
түрақтылығына гетероциклды негіздердің арасындағы
сутектік
байланыстың әсері. Ақуыз биосинтезі.
6 Зертханалық жұмыстардың мазмұны
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ
№
р/с
Тақырыптардың
аттары
Зертханалық
жұмыстардың мазмұны
Сағатта
р саны
1
Кіріспе. Негізгі заңдар
1. Техника қауіпсіздік
ережелері.
2.Мырыштың
эквиваленттік массасын
анықтау
1
2
Химиялық реакциялардың
жылдамдығы
Химиялық кинетика.
Химиялық
реакциялардың
жылдамдығына әсер
етуші факторлар
2
3
Ерітінділер
Әр түрлі
концентрациядағы
ерітінділер дайындау
2
4
Тұздар гидролизі
Тұздар гидролизі. Әр
түрлі ортадағы
тұздардың гидролиздену
дәрежесі
2
5
Спирттер
мен
фенолдар
Спирттер мен
фенолдардың алынуы
қасиеттері
2
6
Альдегидтер мен
кетондар
Альдегидтер мен
кетондардың алынуы,
қасиеттері
2
7
Карбон
қышқылдары
және оның функционалды
туындылары.
Карбон қышқылдарының
алынуы қасиеттері
2
8
Окси-, оксо- және амин
қышқылдары. Ақуыздар.
Ақуыз және оның қасиеті
1
Барлығы:
15 (30)
7Студенттерге өздігінен оқуға ұсынылатын
тақырыптар
1. Қоршаған орта химиясының периодтылық
заңдылығы және қоршаған орта химиясы оқудағы
маңызы.
Ұсынылатын әдебиеттер: [1,2,3]
2. Шайынды суларды тазалаудың химиялық әдістері.
Ұсынылатын әдебиеттер: [4,5,6]
3. Атмосфера. Атмосферадағы химиялық өзгерістер және
атмосфераның химиялық экологиясы
Ұсынылатын әдебиеттер: [5,7]
4. Литосфера. Химиялық өнеркәсіптегі аз қалдықты және
қалдықсыз өңдіріс
орыңдары. Литосфераның
экологиялық химиясы.
Ұсынылатын әдебиеттер: [3,5,7]
5.
Органикалық қосылыстар және оның
трансформациясы.
Ұсынылатын әдебиеттер: [5,7,8,9,10]
6. Литосфераның химиялық экологиясы.
Ұсынылатын әдебиеттер: [11,14]
7. Қоршаған орта.
Ұсынылатын әдебиеттер: [15,16]
8. Жер қабатының негізгі химиялық элементтері.
Ұсынылатын әдебиеттер: [9,17,18]
Әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер
1. Петров А.А., Бальян Х.В., Трощенко А.Т. Органикалық химия -М.,
ВШ. 1981.
2. Грандберг И.И. Органическая химия. —М., 1974.
3. Кост А.И., Сагитуллин Р.М., Терентьев А.П. Задачи и упражнения по
органической химии.-М.,1974.
4. Методические разработки кафедры органической химии и химии
природных соединений по органической химии. Алматы.
5. Потапов В.М., Татаринчик С.Н. Органическая химия. -М., 1979.
6. Степаненко Б.Н. Химия и биохимия углеводов. М., Высшая школа.
7. Шабаров Ю.С. Органическая химия.- М.:Химия, 2000, 848 с.
8. Бірімжанов Б., Жалпы химия.-Алматы:ҚазҮУ,2001.- 744б.
9. Бірімжанов Б., Нүрахметов Н. Жалпы химия.-Алматы: Ана тілі -1992,
640б.
10. Аханбаев К.А. Химия негіздері. Алматы, 1987, 394 бет.
11. Жүмаділлаева С. Баешов А., Жарменов А. Қоршаған орта химиясы.
-Лимиш, 1998,- 152 бет.
12. Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия. - М.: Высш. шк., 1988.
13. Ахметов Н.С. Неорганическая химия / М.: Высшая
школа, 2003г. Неорганическая химия в 3т.: учебн. для студ.
вузов/ под ред. Ю.Д. Третьякова. / М.: Академия, 2004г.
14. Карапетьянц М.Х., Дракин С.Н. Общая и неорганическая химия. - 4-
изд., стереотип.- М.: Химия, 2000.- 592 с.
15. Потапов В.М., Татаринчик С.Н., Органическая химия. М.,1974г
16. Степаненко Б.Н. Органическая қимия. М., Химия, 1979 г.
17. Страйер Л. Биохимия. М. Мир, в 3-х томах (1-1984; 2,3-1985).
18. Химия биологически активных природных соединений. Под
редакцией Н.А. Преображенского и Р.П. Евстигнеевой. М , Химия 1 96 8
(1 том), 1976 (2 том).
Қосымша әдебиеттер
1. Общая химия. / Под ред. В.Ф. Тикавого. – Минск:
Университет, 2003г.
2. Подьчева Е.А. и др. Практикум по химии – Алматы:
Мектеп, 1987г.
3. Павлова Н.Н., Фролова В.И. Практикум по общей и
неорганической химии – М.: Дрофа, 2002г.
Достарыңызбен бөлісу: |