Пәндік қайталау сынағЫ



бет2/3
Дата28.02.2023
өлшемі62,42 Kb.
#70573
1   2   3
Байланысты:
ҚАЗАҚ ТІЛІ ПҚС-4

Нұсқау: Мәтінді мұқият оқып шығыңыз. 21 – 25- сұрақтарда мәтін бойынша құрастырылған бір дұрыс жауапты тест тапсырмалары беріледі.


Қазақтың даңқты боксшысы Бекзат Саттарханов 1980 жылдың 4 сәуірінде киелі Түркістан қаласында, қарапайым отбасында дүниеге келген.
Бекзат бала күнінде өте әлсіз болғандықтан, ата-анасы кенже ұлдары үшін қатты алаңдаған. Содан өзін қорғай білсін деген оймен олар Бекзатты күрес
үйірмесіне береді. Бірақ, Бекзаттың арманы күрес емес еді. Бұл спорт түріне ынтасы болмаған соң сондай-ақ, күреспен айналысу бойдың өсуіне кедергі болады дегенді естіген Бекзат күресті тастап, бокспен айналыса бастайды. 
Бекзаттың алғашқы жаттықтырушысы Нұрлан Жұмабаев болғанымен, оған бокс өнерінің әліппесін үйреткен бапкер Қыдырәлі Юсупов еді. Есімі көп еленбейтін бапкер Бекзатты мектепке жетектеп апарып, қолына қолғапты өзі кигізген.
Кейін 1995 жылы бокс үйірмесіне қатысып, балалар жаттықтырушысы болған Нұрлан Жұмабаевтан тәлім алады. Сол жылы 15 жасқа келген Бекзат Түркістанда өткен Сейітбековты еске алу турнирінде бәсекелестерін тізе бүктіріп, жеңіске жетеді. Осылайша, боксқа келгеніне бір жыл да болмаған Бекзат алғаш рет жеңістің дәмін татады.
Бекзат бокспен ғана шұғылданған жоқ. Сондай-ақ, заңгер мамандығы бойынша білім алған.
1996 жылы Қостанай қаласында бокстан жастар арасында Қазақстанның ішкі біріншілігі өтеді. Бұл сайыста да Бекзат жеңіске жетіп, чемпион атанады.
Бекзат Саттархановтың спорттық мансабы жылдам дамыды. 15 жасында ол бокс қолғабын киіп, үш жылдан кейін халықаралық Олимпадаға бірінші жеңісіне қол жеткізді.
Жаттықтырушы Азия чемпионатына барып, олимпиадаға жолдама алу үшін күресуге Саттархановты жіберуді шешеді және ол қателеспеді. 2000 жылы Сиднейдегі Олимпиадада ол жоғары тұғырға көтерілді.



  1. Асты сызылған сөздерге тән ортақ нұсқаны табыңыз.

    1. Есімшенің жұрнағы бар

    2. Көсемше жұрнағы қатысқан

    3. Жедел өткен шаққа жатады

    4. Туынды етістікке жатады




  1. Мәтінде сөз етілмеген мәліметті табыңыз.

    1. Бекзаттың жаттықтырушысы

    2. Бекзаттың туған жылы

    3. Бекзаттың жетістігі

    4. Бекзаттың қыңырлығы




  1. Соңғы сөйлемде үстеудің қай мағыналық түрі қатысқан?

    1. Сын-қимыл үстеу

    2. Мекен үстеу

    3. Күшейткіш үстеу

    4. Мөлшер үстеу




  1. Төмендегілердің қайсысы асты сызылған сөйлемде кездеспейді?

    1. Сан есімнің үш мағыналық түрі қатысқан

    2. Түбір мен қосымша арасында кездесетін кейінді ықпал

    3. Тәуелді септеулі табыс септік жалғауы кездеседі

    4. Бұрынғы өткен шақ жасаутын жұрнақ кездеседі


  1. Мәтін бойынша күрделі сөзді табыңыз.

    1. Спорттық мансап

    2. Жаттықтырушы

    3. Қазақстан

    4. Қостанай қаласы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет