Нұсқау: Сізге бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмалары беріледі. Дұрыс жауаптар саны үшеуден аспайды. Тұйық етістігі бар сөйлем(дер)ді табыңыз.
Сөзде қаңқу жаман...
Шаруа оңалмай жүр.
Оның кеш шығуы мүмкін емес
Талаптыға нұр жауар.
Қатемді кешірумен келесің.
Оқу үшін осында келдім.
Іс-әрекеттің жуық арада болғанын білдіретін шақ түріне жататын сөйлем(дер)ді көрсетіңіз.
Нұралы ауылға барғанда шешенсіп сөйлейтін.
Досыма шын көңілмен хат жаздым.
Мен таңертеңнен бері сабақ оқып отырмын.
Халық Әйтімбет шешенге сұрақ қояды.
Тамшыдан тама-тама дария болады.
Орда шаңырағын халық көтерген.
Толықтауыш қызметінде тұрған туынды зат есім(дер)ді табыңыз.
Армансыз адам қанатсыз құспен тең.
Түс ауа бригадир мені атқа мінгестіріп алды.
Сабақ үстінде сызғышпен салып қалатын.
Мен ауылға беттеп келемін.
Қонақтарға қызмет көрсетуді маған тапсырды.
Еламан кітапты бітіре алмағанына күрсініп отыр.
Болжалдық сан есім қатысқан сөйлем(дер)ді көрсетіңіз.
Жеті миллионға жуық адам әлеуметтік желілерді күнделікті пайдаланады екен.
Каспий жағасындағы құрлықта 2,2 миллиард тонна мұнай жатыр.
Инстаграмм желісінде жарнама берушілер саны 500 мыңға жетті деп хабарлайды.
Ол дерек ХХ ғасырдың екінші жартысында жарияланды.
Күніне кем дегенде төрт жүз грамм көгөніс пен жемістерді пайдаланған дұрыс.
Жетіде басталатын тойға сағат алтыларда баратынын айтты.
Күрделі үстеу қатысқан сөйлем(дер)ді табыңыз.
Қазақ халқы жаздыгүні жайлауға көшетін болған.
Егін даласында Шәмшінің әні шырқалып жатыр.
Жер астында атамның қамшысы жатыр.
Бір көрген адамымен емін-еркін сөйлесіп отыра берді.
Жақында ғана іс-сапармен Орынборға барып қайтты.
Ала жаздай бір тамшыға зар болған жұрт...
Бұйрық райлы сөйлем(дер)ді табыңыз.
Жігітті жолдасына қарап бағала.
Баланың білімін бір сынайық.
Тез-тез қорадағы қойды санаңдар.
Сен де менімен бірге барасың.
Алатауға барғым келіп тұр.
Жаңа ғимараттар салынатын болыпты.
Дефиспен жазылмайтын демеулік шылау(лар)ды көрсетіңіз.
Мен
Мыс
Ды
Әрі
Қой
Ғана
Бұрынғы өткен шақта тұрған сөйлем(дер)ді табыңыз.
Кешегі құмды дала жасыл алқапқа айналды.
Достық деген таусылмайтын қазына...
Бәріміз ертеңгі күнгі жиналысқа дайындалдық.
Ұялы телефонның зияны жайында көп айтылған.
Басында өлеңдері әжептәуір, әп-әдемі болатын.
Халқымыздың мүшкіл жағдайын жаңа білдік.
Бір сыңары тұрақты тіркестен болған сөз тіркес(тер)ін табыңыз.
Ауылға ат ізін салмады
Мұзға отырғызып келді
Тоғыз жүс алпыс
Ұзын бойлы жігіт
Тайға таңба басқандай
Сөмке қолды болды
Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркес(тер)ін табыңыз.
Кітап оқыды