1-тоқсандағы «Отбасындағы дәстүр мен мерекелер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 5-сынып БЖБ №1
Пәні: қазақ тілі мен әдебиеті
Күні: __________ Оқушының аты-жөні______________
Сыныбы: ____ «____»
Мәтінді тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орында.
Менің атым – Қанат. Мен бесінші сыныпта оқимын. Менің отбасым үлкен. Отбасымда атам, әжем, еңбекқор әкем, аяулы анам, мықты ағам, інім және сүйкімді қарындасым бар. Атам мен әжем бұрын мұғалім болған. Олар көптеген шәкірт тәрбиелеген. Қазір екеуі де зейнеткер. Сонымен бірге нағашы ата-әжем де бар. Демалыс күндері олардың үйіне қыдырып барамын. Әкем – құрылысшы. Анам дәрігер болып жұмыс істейді. Ағам жақында үйленді. Інім екінші сыныпта оқиды. Ол кітап оқығанды жақсы көреді. Қарындасым бес жаста, аты – Жанар. Ол балабақшаға барады. Жанардың салған суреттері өте әдемі.
1-тапсырма. Мәтінге тақырып қой.
Тақырып: ____________________________________________________
2-тапсырма. Мәтін бойынша дұрыс/бұрыс ақпаратты анықта.
№
|
Ақпарат
|
+ дұрыс
|
- бұрыс
|
1
|
Атам мен әжем бұрын құрылысшылар болған.
|
|
|
2
|
Демалыс күндері олардың үйіне қыдырып барамын.
|
|
|
3
|
Інім кітап оқығанды жақсы көрмейді.
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |