Физика және техника
XX ғасыр ғылыми-техникалық революция ғасыры деп аталады. Ғылым мен техника саласындағы көптеген айтулы жетістіктер физикаға тікелей байланысты. Сондықтан да техниканың негізі - физика деген пікір берік қалыптасқан. Физика мен техниканың дамуына астрономия, математика, химия, биология сияқты жаратылыстану пәндері де игі әсерін тигізуде.
Тарихтан белгілі «Әлемнің жеті кереметіне» парапар физика мен техникаға байланысты XXғасырдың төрт ғажайып жетістігін атауға болады.
Физиктер атом ядросындағы энергияны алу жолын тапты. Жер қойнауындағы жағылатын отындар (көмір, мұнай, газ, шымтезек, ағаш) қоры жылдан-жылға азайып барады. Міне, сондықтан атом энергиясының көзін табу - адамзат үшін айтарлықтай оқиға болды.
XXғасырда адамзат физика мен техника жетістіктерінің арқасында ғарышқа көтерілді.Тұңғыш жасанды Жер серігі біздің еліміздегі Байқоңыр ғарыш айлағынан 1957 жылы ұшырылды. Адамзаттың тұңғыш ғарышкері Ю.А. Гагарин 1961 жылы Байқоңырдан ұшты. Ғарыштың адамзатқа берері мол. Сондықтан Жер бетін де, ғарыш кеңістігін де ұқыпты пайдаланып, үнемі қорғап отыру - үлкен міндет, жауапты борыш.
XX ғасырдың ғажайыптарының келесісі - лазердің өмірге келуі.
Адамзат ақыл-ойының төртінші қол жеткен ең ірі табыстарының бірі - кибернетика және оған байланысты электрондық есептеуіш техникасы. Әлемдік деңгейдегі кибернетика мен ақпараттық (информациялық) технология салаларындағы жетістіктер таңдай қақтырады.
Мысалы, «жасанды зерде» (интеллект) болып табылатын қазіргі кездегі суперкомпьютерлердің өз бетінше «ойлау» дәрежесі үш жасар баланың ойлау деңгейіне жетіп отыр. Міне, ең басты төрт ғылыми-техникалық ғажайыптар осындай.
Ғылым мен техниканың дамуы қоғамдағы адам өмірінің жақсаруына өте үлкен әсерін тигізеді. Десек те, ғылыми техникалық революция адамзат қоғамы мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты қиындататын күштерді дүниеге әкеледі, ал олар қоршаған ортаның бүлінуіне және ластануына әкеліп соқты.
https //kk.wikipedia.org/wiki
Jump to navigationJump to search (246 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |