Білу және түсіну:
1. Биоалуантүрлілік дегеніміз не?
2. Елімізде және жалпы дүниежүзінде биоалуантүрлілікті сақтау неліктен маңызды екенін түсіндіріңдер.
Қолдану тапсырмалары: 1. Экожүйе үлкен не аз тұрақтылыққа ие болу себептерін атаңдар.
2. Экожүйе қасиеттерін, сипаттамалары әралуан түрлі экожүйелерді салыстырыңдар. Мысалы, мұзды шөл, тундра, тайга, жапырақты орман, батпақ, көл, өзен, орманды дала, аралас шөпті дала, шөлейт, шөл. Осы экожүйелердің қайсысы аз тұрақтылыққа ие, қайсысы қорғау керек?
Талдау тапсырмалары: 1. Экожүйе мен оның тұрақтылығына әсер ететін факторларды сызба түрінде бейнелеңдер.
2. Қазіргі уақытта табиғи экожүйелер қорғауды қажет ететінін мысалдармен (дүниежүзінде немесе Қазақстанда) дәлелдеңдер.