Пәні бойынша ОҚу- әдістемелік кешені



Pdf көрінісі
бет133/162
Дата24.10.2022
өлшемі0,99 Mb.
#45184
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   162
Белоктың алмасуы. Азықтың ең құнды бөлігі белок. Адамның тіршілігіне қажетті белок мөлшерін 
б е локтік минимум дейді. Ол жасқа байланысты өзгереді. Қарапайым белоктың құрамында 4 зат 
қана бар: оттегі, сутегі, көмірсу және азот, ал күрделі белоктарда (мысалы мидың белогында) Бұлар 
дан басқа күкірт, фосфор, темір т. б. бар. Белоктар мономерлі амин қышқылдарынан тұрады.
Амин қышқылдарының 10% организмнің өзінде өндірілмейді, сондықтан оларды таптырмайтын 
қышқылдар дейді. Бұлар ға аргинин, триптофан, лейцин, изолейцин, валин, треонин, лизин, 
метионин мен фенилаланин жатады. Өсіп, дамып жатқан бала организміне Бұларға қоса 10-қышқыл 
— гистидин аса қажет. Осы аталған ауыстырылмайтын амин қышқылдары жейтін астың құрамында 
жеткіліксіз болғанда адам денесінде, әсіресе балалар мен жас өспірімдердің организмінде 
айтарлықтай өзгерістер пайда болады. Денеде белоктың қоры онша көп емес, сондықтан ашығу 
баланың өсуін мүлде тоқтатады, кейде ұзақ қа созылған жағдайда ақыл кемшілігі пайда болуы 
мүмкін, баланың жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті нашарлайды.  Өмірге жаңа келген нәресте 
тек қана ана сүтімен қоректенеді. Сүт табиғаттың нәресте үшін арнап жасаған дайын тағамы. 
Нәресте тәулігіне 600 мл сүтті анасының емшегінен сорып алады. 3-6 айлығында оған 700-800 мл сүт
керек. Ана сүтінің құрамында белок, май, қант, минерал заттары, витаминдер т. б. бала тірлігіне 
қажетті заттардың бәрі бар және олар сапалы болады. Әсіресе биологиялық өте құнды — альбумин, 
гамма-глобулин, т. б. — белоктың түрлері, ферменттер, гормондар, иммунды денешіктер жеткілікті 
мөлшерде болғаны баланың дұрыс өсуіне өте қажет. Белокты бала ана сүтінен ғана ала алады. 1-3 
жасар баланың жейтін тамағының белоктың 75 % жануар текті, ал 25 % өсімдік текті болуы қажет. 5 
жасар балалар үшін Бұлар тең мөлшерде қажет болса, жас оспірімдер үшін өсімдік белогының 
мөлшерін көбейте түсу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет