Тері – адам денесінің сыртқы жабыны. Тері ағзада әр түрлі қызмет атқарады. Ішкі
мүшелерді сыртқы ортаның механикалық әсерінен қорғайды. Тері микробтарды, еріген улы
және зиянды заттарды өткізбей қорғаныштық қызмет атқарады. Тері ағзада зат алмасу
процесіне қатысады. Негізінен су мен жылу алмасуда маңызы бар. Сыртқы ортаның
температурасы қаншалықты ауытқығанымен адамның дене температурасы үнемі тұрақты
болады. Дене температурасының үнемі тұрақты деңгейде болуын қамтамасыз ететін
физиологиялық процестерді
жылу реттелу дейді. Тері арқылы сумен бірге түрлі тұздар, сүт
қышқылы, азоттық алмасу өнімдері сыртқа шығарылады. Тері қанайналым процесінде
қанның сақталатын қоймасының да қызметін атқарады. Теріде көптеген жүйке талшықтары,
сезгіш жасушалар шоғырланған. Сондықтан тері сезім мүшесінің қызметін атқарады. Адам
тері арқылы бір заттың жанасқандығын, температураны, ауырғанды сезеді. Терінің
витаминдер алмасуына да қатысы бар. Теріде болатын ерекше заттардан күннің
ультракүлгін сәулелерінің әсерінен Д витамині түзіледі. Теріде аздаған мөлшерде газ алмасу
процесі жүреді,
яғни оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын бөледі.
Адам терісіндегі тер, май
және сүт бездері арқылы ыдырау өнімдері бөлінеді. Теріде ағзадағы артық май қор
ретінде
жиналады.
Достарыңызбен бөлісу: