Пәні бойынша ОҚу- әдістемелік кешені



Pdf көрінісі
бет145/162
Дата24.10.2022
өлшемі0,99 Mb.
#45184
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   162
 «Нағыз тері – дерма»
Дерма немесе нағыз тері эпидермис пен тері астындағы майлы жасунықтың арасында 
орналасқан. Оның құрамында екі қабат бар: емізікшелі және торлы.
Емізікшелі қабат қан тамырларына дейінгі аралықты дерма бөлігінің жоғарғы желісі. 
Дерманың торлы қабаты тері астындағы майлы жасуныққа өтеді. Емізікшелі қабат 
эпидермис бөлігіне тереңірек еніп, дерма екеуін біріктіре отырып жүйке жүйесінің 
толқынды сызықтарын құрайды. Емізікшелі қабаттың биіктігі мен пішіні терінің әр 
бөлігінде әр түрлі болады. Сондықтан алақан мен табан терілерінде емізікшелі қабат биік 
болса, эпидермисі жұқа тері қабатында әлсіз түрде толқынды сызықтары байқалады. 
Емізікшелі қабаттың бар болуы эпидермистің қоректенуін жақсартады, емізікшелердің бөліп
эпидермис пен дерманың бір-біріне жанасу аймағын ашады, сол себепті емізікшелі 
шырынның капиллярға жетуінде еш кедергі болмайды. Алмасу үрдісінде негізгі рольді 
базальды, негізгі, мембрана атқарады.
 «Гиподерма»
Тері асты майлы жасунық немесе гиподерма қалың коллагенді және тегісмайысқыш 
жіпшелерден тұрады. Жіпшелер тор түзеді, сол торда май жасушалары жиналады. Майлы 
жасушалардың көп бөлігі май тамшыларынан тұрады, олардың жарты бөлігі ядро 
жасушаларының перифериясына жатса, жартысы протоплазмаға жатады.Кей жағдайда олар 
бір арнада тоғысады. Гиподерманың қалыңдығы адамның әр түрлі дене бөлігінде түрліше 
қалындықта болады. Дермада шаш, бездер, бұлшықеттер, қантамырлары, жүйкелер, жүйке 
ұштары орналасқан. Бас сүйегіндегі гиподерма қалыңдығы 2мм, 5-10мм, 3 және бөксе 
маңайына бірнеше см-ге дейін жетеді. Тырнақ астындағы қабатта гиподерма жоқ. 
Гиподерма қабаты ағзаны суықтан, механикалық жарақаттардан сақтайды. Гиподермада қан 
тамырлары, жүйке жүйелері орналасқан.
Терінің қызметі
Тері - ағза мен қоршаған ортаны байланыстырушы мүше. Терінің қызметі денеміздегі 
барлық мүшелер жүйесінің қызметімен тығыз байланысты. Мүшелердің, мүшелер жүйесінің
қызметінің бұзылуы бірден теріден байқалады. Мысалы, терінің қызаруы, қышуы, бөртуі, 
т.б.
Терінің қорғаныштық қызметі. Сыртқы ортаның механикалық әсерінен қорғайды. Суықтан,
ыстықтан, ауру қоздырушы микробтардан, зиянды заттардан да қорғайды.
 Ыдырау өнімдерін шығару қызметі – зат алмасумен тікелей байланысты. Тер арқылы су, 
аммиак, несепнәр, минералды тұздер және т.б. заттар бөлінеді. Тердің тәуліктік бөліну 
мөлшері сыртқы ортаның температурасына атқаратын жұмысына байланысты.
 Сезгіштік қызметі – теріде болатын сезгіш жасушалар мен жүйке талшықтарына 
байланысты. Солар арқылы температураны, ауырғанды және т.б. сезеді.
Жылуды реттеу қызметі – дене температурасының бір қалыпты деңгейде сақталуымен 
байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет