Қорытып айтқанда, сопақша ми жұлын сияқты өткізгіш және рефлекторлы маңыз атқарады
Сопақша ми мен варолий көпіршігі. Сопақша ми мен көпірді артқы ми деп те атайды.
Сопақша ми ұзынша бадам тәрізді және жұлынның ми бағанындағы тікелей жалғасы болып
есептеледі. Оның ұзындығы 28мм.
Сопақша ми тонустық, статикалық және статокинетикалық рефлекстердің орындалуына
қатысады.
Статистикалық рефлекстер адамның белгілі бір қалпын сақтауды қамтамасыз етеді, ал
статокинетикалық –кеңістіктегі қозғалысты қамтамасыз етеді.
Сопақша мидың ядролары ас қорыту, сөл бөлу,шайнау,ему,жұту, түшкіру сияқты
рефлекстік
қызметтердің орындалуына қатысады.
Варолий көпірі-сопақша мидың алдындағы көлденең білеуленген құрылым. Көпірдің
функциясы онда орналасқан 5-7 жұп ми нервтерінің ядроларына байланысты.
Мишық. Сопақша ми мен варолий көпірінің прт жағында мишық орналасады. Бұл екі шардан
және оларды қосып тұрған құртшадан тұрады. Сұр заттар
мишықтың бетінде орналасқан
мишықтың қыртысн түзеді.
Достарыңызбен бөлісу: