Пәні бойынша ОҚу- әдістемелік кешені



Pdf көрінісі
бет152/162
Дата24.10.2022
өлшемі0,99 Mb.
#45184
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   162
Саусақ асты сызығы – сызықтардың төменгі негізіндегі папиляр сызықтары дөңес өрнегі 
(61,0-9505%), ілмешекті (13,5-37,5%), айналмалы өрнегі (1-11%) өте сирек кездеседі.
Қолдың саусақтары негізгі, ортақты бөлшектеріндегі папиляр сызықтары түзу, дөңес, иректі 
түрде, көлденең немесе көлбеу бағытта бір-бірімен қиылысады.
Тері бетінің негізгі бөлшегін құрайтын папиляр сызықтарына түскен әр түрлі механикалық 
жарақаттар (шрам, тыртықтар, терінің кесіліп қалуы) сияқты әр түрлі кәсіби салада (тері 
ауыруы, сүйел т.б.) кезінде терідегі папиляр сызықтары өз қалпында өзгеріссіз келеді. Тек 
қана тыртықтардың терең кесілген жерінің папиляр сызықтары кесінді түрінде қалады.
Табан беті – 3 (үш) негізгі бөлшектен тұрады. Аяқ саусақтары, табан және өкшеден. Табан 
бетіндегі тері бетінің құрылысы, алақан бетіндегі сияқты:
Флексор сызығы:
- негізгі үлкен саусағынан.
- негізгі табаннан.
- басқа да табан бөлшегінен,
Әжімдер қыртысы – табан беттерінің барлық жерінде әртүрлі бағытта орналасқан.
Папиляр сызығы – табан бетінің күрделі бетінде әр түрлі айналымда, ілмешекті түрде, 
табан саусақтары тұсынан орналасқан.
Саусақ сүйектеріндегі папиляр өрнектері
Бірнеше папиляр сызықтарының топтасқан түрі, саусақ жастықшасының (саусақ басынан 
аяғына дейін) орналасқан.1-сурет
Папиляр сызықтары саусақ сүйектерінің сыртқы бетіне қарай аяқталады. Әрбір саусақ 
сызықтарының арасында, саусақ сүйектер арасындағы иілген жерлерінде әжімдер қыртысы 
бар.
Криминалистика саласында салыстыру барысында осы папиляр сызықтарының жалпы және 
сирек кездесетін белгілерімен анықталады.
Із бедерлер жүйесінде папиляр өрнектері мынадай белгілерімен:
- папиляр өрнегі үлгісімен,
- папиляр өрнегінің түрі (ерекшелігі),
- папиляр сызықтарының топтасқан айналымы мен бағыты,
- папиляр өрнегінің (бөлшектерінің) бір-бірімен орналасуы,
- папиляр сызығының папиляр өрнегіндегі жалпы саны,
- папиляр өрнегінің ішкі құрылымының негізгі бөлігі,


- папиляр өрнегінің жеке топтасқан белгісі,
- пішіні мен көлемі,
- папиляр өрнегінің нақты дәрежесі,
- папиляр сызығының ені және сызықтар аралық орналасуы,
- папиляр өрнегі арасындағы жекелей құрылымы, құрылым түрлері мен тері бездерінің ұсақ 
көздері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет