Сабақ барысы/Ход урока 1.Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, түгендеу, сабақтың міндеті мен мақсаттарын қою)
Организационная часть (приветствие, перекличка, постановка цели и задачи урока).
2.Өткен тақырыпты қайталау/ Опрос и проверка пройденного материала: 1. Рефлекторлы доғаның құрылысы мен қызметін айтыңыз. Тура және кері байланыс
жолдары дегеніміз не?
2. Шартсыз рефлекстер дегеніміз не? Мысалы келтірініз
3. Шартты рефлекстер дегеніміз не? Мысалы келтірініз
4. Шартты рефлекстердің пайда болуына қажетті жағдайлар.
5. Шартты рефлекстердін түрлері
6. Уақытша нервтік байланыс
3. Жаңа тақырып 1. Жоғарғы дәрежелі жүйке жүйесінің түрлері (шартты және шартсыз рефлекстер)
2. Түс көру.
3. 1,2 сигналдық жүйе.
4.Темперамент.
4. Нығайту: 1. Жоғарғы дәрежелі жүйке жүйесінің іс - әрекеттерін мидың қандай бөлшектері атқарады?
2. Жоғарғы дәрежелі жүйке жүйесінің іс – әрекетіне не жатады?
3. түс дегеніміз не? Түстің қандай фазалары болады?
4. 1,2 сигналдық жүйеге не жатады?
5. Темпераменттің түрлерін атаңыз
5.Үй жұмысы:32-35 бет
Ұсынылатын әдебиеттер 1. Б.Қалкенова «Адам анатомиясы, жас ерекшелігіне қатысты физиология және
гигиена».«Фолиант» баспасы, Астана 2015 ж.
2. Кабанов А.Н., Чабовская А.П. «Мектеп жасына деінгі балалар анатомиясы, физиологиясы
және гигиенасы» А-А, 1982 ж.
Оқутышы: Омарова Ш.Қ. Лекция 10 Тақырыбы: Жоғарғы дәрежелі жүйке жүйесінің түрлері. 1,2 сигналдық жүйе. Темперамент. Ұйқы. Түс көру. Гипноз 1. Жоғарғы дәрежелі жүйке жүйесінің түрлері Жоғары дәрежелі жүйкелік қызметтің типтері (нұсқалары) деп жүйке жүйесінің жеке
дарақтарға тән қасиеттерінің жиынтығын айтады. И. П. Павлов ілімі бойынша жоғары
дәрежелі жүйкелік қызметтің жеке сипаттары қозу мен тежелу процестерінің пайда болып,
өршу ерекшеліктеріне байланысты. Бір текті тітіркендіргіштер тіркесіне бір түлік мал
өкілдері негізінен бірдей реакциямен жауап қайтарады. Дегенмен, мұқият бақылағанда әрбір
дарақтың тек өзіне ғана тән өзгешеліктері болатынын байқауға болады. Мысалы, бір
атқорада бағылатын жылқылардың жылқышының жем үлестірер кезіндегі әрекеттеріне
реакциялары әртүрлі келеді: бір жылқы тыныш тұрса, екіншісі жерді тарпып, осқырынады,
үшіншісі бір орында тұра алмай, әрлі-берлі қозғала бастайды, т.с.с. Мал реакциясындағы
бүл ерекшеліктер оның жүйке жүйесінің қасиеттерімен байланысты. Өз кезегінде жүйке
жүйесінің қасиеттері ОЖЖ-де пайда болатын қозу жэне теже-лу процестерінің
арақатынасына сэйкес қалыптасады. Әр малда қозу жэне тежелу процестері бір деңгейде
атқарылмайды. Олар күшімен, теңдестігімен жэне жылжымалылығымен ерекшеленеді. Осы
қасиеттер арақатынасындағы өзгешеліктер жоғары дэрежелі жүйкелік қызметтің типтік
ерекшеліктерінің негізіне алынады.