2. Денсаулық және қоғам. Әлеуметтік маңызды аурулар. Әлеуметтік шеттелу.
Әрбір мемлекеттің асыл қазынасы – халқы. Сондықтан халықтың денсаулығы мемлекеттің басты байлығы болып табылады.Еліміз тәуелсіздігін жариялап, өзінің бағыт-бағдарын анықтағаннан соң халықтың денсаулығын сақтауды басты назарда ұстаған.
Қоғамдық денсаулық сақтаудың даму тарихы, (әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды ұйымдастыру) қалыптасу және даму кезеңдерінен тұрады. Әлеуметтік-гигиеналық элементтер мен ұйғарымдар ежелгі қоғамдық-экономикалық формациялар медицинасында кездеседі, бірақ әлеуметтік гигиенаның ғылым ретінде оқшаулануы өнеркәсіптік өндірістің дамуымен тығыз байланысты.
Егер балама медицина әдістері жалпы қабылданған әдістермен бірге қолданылса, онда бұл тәжірибе қосымша медицина деп аталады. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы (ДДСҰ) – 1946 жылы БҰҰ-ның жанынан құрылған халықаралық медициналық мекеме. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жарғысында бекітілген негізгі мақсаты- жер бетіндегі барлық халықтардың денсаулығын жақсартуға қол жеткізу.
ДДСҰ-ның жарғысы қабылданған күн 1948 жылғы 7 сәуір Дүниежүзілік денсаулық қорғау күні болып аталады. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жоғары органы - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы. Ассамблея Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жұмыс бағытын анықтап, Бас директорын (5 жылға) тағайындайды. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының орта әкімшілік органы — Хатшылық (штаб пәтері Женева қаласы, Швейцария). Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымына 192 мемлекет мүше (2000). Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымына 1992 жылы 19 тамызда мүше болып қабылданды (Еуропа аймақтық ұйымына кіреді). Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы 6 аймақтық ұйымнан (олардың атқару органдары — аймақтық бюро) тұрады: [Еуропа] (аймақтық бюросы- Копенгаген қаласында, Дания); Африкалық (Браззавиль қаласы; Конго); Жерорта теңізінің шығыс бөлігі (Александрия қаласы, Египет); Оңтүстік-Шығыс Азиялық (Нью-Дели қаласы, Үндістан); Тынық мұхит жағалауының батыс бөлігі (Манила қаласы, Филиппин) және америкалық (Вашингтон қаласы, АҚШ). Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жұмысының негізгі бағыттары: жұқпалы және жұқпалы емес аурулармен күрес жүргізу, оған мүше елдердің денсаулық сақтау жүйесі мен қызметін дамыту, маман дәрігерлер дайындау, медицина статистика есеп жүргізу (мысалы, ауру түрлері мен одан қайтыс болу себептерін халықаралық деңгейде саралап жүйелеу, адамдардың денсаулығы
. Халықтың қартаюы-жалпы халық санындағы егде адамдардың үлесінің артуы. Бұл ұзақ демографиялық өзгерістердің, популяцияның көбею сипатындағы өзгерістердің, туудың, өлімнің, олардың арақатынасының, сондай-ақ ішінара көші-қонның нәтижесі. Демографиялық қартаю үрдістері мен салдарын есепке алу - демографиялық саясаттың маңызды міндеті. Қоғамның қартаюы-күрделі экономикалық мәселе. БҰҰ болжамдарына сәйкес, 2050 жылға қарай Жер тұрғындарының 22% зейнеткер болады, ал әлем елдерінде әрбір жұмыс істейтін азаматқа зейнеткер келеді. Халықтың қартаюы бүкіл әлемде (Сахараның оңтүстігіндегі Африкадан басқа), дамыған елдерде де, дамушы елдерде де кездеседі.
Жұмыс күшінің қартаюы еңбек өнімділігін, әсіресе оның өндіріс факторларының жалпы өнімділігінің өсуіне теріс әсер етуі есебінен, алдағы екі онжылдықта жылына орта есеппен 0,2% - ға төмендетеді деп болжануда. Бұл проблема кешенді тәсілді талап етеді — әлеуметтік, экономикалық және технологиялық.
Медицинаның дамуы «белсенді қарттықтың» жасы, яғни егде жастағы адам көп немесе аз толыққанды өмір сүре алатын жағдай тұрақты түрде артады деп үміттенуге мүмкіндік береді. Өндірісті автоматтандыру физикалық жағдайы нашарлаған қарт адамдарға жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Көптеген салаларда қарт адамдарға қолайлы қашықтықтан жұмыс істеу мүмкін