Пәні: «Философия» Дәріс тақырыптары: 1 Дәріс



бет15/16
Дата27.09.2024
өлшемі63,75 Kb.
#145935
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Дәріс тақырыптары ( ) 2

15 Дәріс. «Мәңгілік ел» және «Рухани жаңғыру» – жаңа Қазақстан философиясы».

«Мәңгілік Ел» идеясы біздің көне түркілік дүниетанымымызды, болмысымызды, көшпенділер өркениетінің негіздерін замана талабына сәйкес қайта жаңғыртудың, елімізді алдыңғы қатарлы қуатты мемлекеттер қатарына жеткізудің идеялық кепілі болып табылады. «Мәңгілік Ел» – ұлттық бірлік пен бейбітшілікті, экономиканы нығайту, халықты әлеуметтік қорғау, ұлттық қауіпсіздік, мәдениеттің, тілдің дамуы, патриоттық, отаншылдық сезімнің күшеюі негізге алынатын Қазақстан жолының жаңа кезеңі.


«Мәңгілік Ел» идеясы біздің мәңгілік халық, мәңгілік мемлекет болып қалуымызды қуаттайды, халқымыздың өз тамыр-тегін, ұлттық рухы мен өзіндік бірегей даму жолын сақтауға, әлем қауымдастығында өз рөлін айқындауға, тарихи-мәдени құндылықтарды мұқият сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге, адамгершілік бағдарды қалыптастыруға, дамытуға, қоғамның зияткерлік әлеуетін күшейтуге үндейді. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы жас ұрпақты өз отанына деген сүйіспеншілік пен патриотизмге, ұлттық салт-дәстүрге, руханият пен мәдениетке құрмет сезіміне тәрбиелеуді талап етеді. Сол себепті жас ұрпақты «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясына тәрбиелеу бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі. «Мәңгілік Ел» – Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру стратегиялық мақсатын жүзеге асыруға бағытталған қуатты жұмылдырушы бастама.
Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы елді жарқын болашаққа бастайтын даңғыл жол болмақ. Рухани жаңғыру – адам баласының ішкі жан дүниесінің жаңғыруы, санасы, түсінігі жаңа өзгерістерді саралап, дұрыс қабылдай білуінде. Қазір табысты болудың кілті – білімде. Саналы ұрпақ тәрбиелеп, білім беру - Елбасы саясатының басты және негізгі бағыттарының бірі. Елдің жарқын болашағы білімді жастардың қолында. Президент жаңғырудың алты бағытын белгілейді:
1. Бәсекеге қабілеттілік;
2. Прагматизм;
3. Ұлттық бірегейлікті сақтау;
4. Білімнің салтанат құруы;
5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы;
6. Сананың ашықтығы.
Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы», – деп ашып көрсетеді. Бәсекеге қабілеттілік саясат пен экономикада, білім, ғылымда, технологияда, яғни барлық салада болуы тиіс. Латын әліпбиіне көшу – Мәңгілік Елдің рухани жаңғыруының басы болса, «Туған жер» бағдарламасы жаңа ғасырдағы әлемдік, өңірлік, ішкі-сыртқы тәуекелдерге қарсы тұра алатын отаншылдық тәрбиенің, ұлтжандылықтың кепілі болмақ.
«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы жалпыұлттық қасиетті орындарды және аса қастерлі жерлерді сақтауға, әрі елдегі туристік инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді. «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру Қазақстанды өз шығармашылығы арқылы дүние жүзіне танытатын көптеген таланттарға жол ашады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет