Пәні: «Философия» Дәріс тақырыптары: 1 Дәріс



бет11/16
Дата01.02.2023
өлшемі65,31 Kb.
#64377
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Дәріс тақырыптары және дәрістер 2

11 Дәріс. «Өнер философиясы»

Эстетика – адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсіну заңдылықтары туралы, әсемдік заңдарын арқау еткен шығармашылықтың мәнісі мен формалары туралы ғылым.Эстетика ғылым ретінде осыдан 5 мың жыл бұрын – Мысырда, Вавилонда, Үндістанда және Қытайда дүниеге келіп, ежелгі Грекия мен Римде кеңінен дамыған.Аристотель, Эпикур т.б. өз еңбектерінде сұлулықтың объективті негізі – шындық өмірдің заттық қасиеттерінде, қатынастарында, заңдылықтарында деп білді. Ал Платонға сәйкес, сұлулық дегеніміз абсолюттік мәңгілік және өзгермейтін, сезімнен тыс идея, өнер туғызатын сезім ірімдері осы идяның көрінісі ғана болып табылады. Қайта өрлеу дәуірі ойшылдарының, жазушыларының, сүретшілерінің (Ф.Петрарка, Леонардо да Винчи, А.Дюрер т.б.) еңбектерінде адамгершілік сипаттағы реалистік бағыттар дамыды. Ағарту дәуірінің теоретиктері (Дидро, Руссо, Лессинг, Гердер) өнердің шындық өмірмен байланысын орнықтырды. Кант сұлулықты пайдаға, көркемдік форманың толымдылығын – идеялық мазмұнға қарсы қойып, формалистік эстетиканың дамуына ықпал етті. Гегель өнерді абсолюттік рухтың бірінші және жетілмеген формасы ретінде айқындады. Фейербах сұлулықты тікелей заттар мен құбылыстардың физикалық қасиеттерінен, эстетикалық сезімдерді биологиялық зандылықтарымен байланыстыруға тырысты. Орыс демократтарының (Белинский, Герцен, Чернышевский, Добролюбов) еңбектерінде релистік өнер, заңдылық, өнердің идеялылығы мен халықтығы принциптерін жасау, т.б. мәселелер де көтерілді.


Қазіргі философия ғылымында эстетика мәселесі мен міндеттері көбінесе мына жәйтпен айқындалады: адамның дүниені эстетика тұрғыданұғынып-түсінуі бір-бірімен байланысты үш нәрседен тұрады:1) объективті шындықтағы эстетикалық ұғым. 2) субъективті эстетикалық ұғым (эстетикалық сана). 3) өнер (субъективті және объективті эстетикалық ұғымдардың бірлігі ретінде).
Эстетика дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсінудің объектівті негізін адамдардың қоғамдық мәнісін және табиғат пен қоғамды өзгертуге бағытталған жасампаздық күштері ашылатын олардың шығармашылық қызметінің іс жүзіндегі көрінісі ретінде анықтайды. Негізгі эстетикалық категориялар – сұлулық пен сұрықсыздық, асқактық пасықтық, трагедия және комедия болса, олар қоғамдық байланыста, адам өмірінің әрбір саласында – өндірістік-еңбек пен қоғамдық саяси қызметте, табиғатқа көзқараста, мәдениет, тұрмыста дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып түсінудің көрінісі ретінде байқалады.
Эстетика тұрғыдан ұғынып-түсінудің субъективті жағы – ішкі сезімдерді, талғамдарды, бағалауды, күйзелісті, идеяларды, мұраттарды эстетиканы объективті өмірлік процестер мен қатынастарды көрсете бейнелеудің өзіндік формасы ретінде қарастырады. Эстетика өнердің мәнісі мен оның заңдылықтарын зерттей отырып, арнаулы, теориялық және тарихи ғылымдармен және өнер туралы ғылымдармен тығыз байланыста дамыды. Бірақ эстетика – негізінен философияның бір саласы. Ол адамның ақиқатқа эстетикалық қатынастарының жалпы заңдылықтарын зерттейді, ал өнер зерттейтін ғалымдар өнердің ерекшелігіне назар аударады. Эстетика өнердің табиғаты мен көркем шығармашылық процесінің түрлі жағын: өнердің шығу тегін оның мәнісін және қоғамдық сананың басқа формаларымен байланысын, көркем образдың ерекшеліктерін, өнердің мазмұны мен форманың өзара байланысын, көркемдік әдіс пен стильдің маңызын, т.б. ғылыми тұрғыдан ашып көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет