Өзекті даму аймағы – баланың өз бетімен істей алатын жұмыстары. Ал ересектермен ынтымақтаса істей алатыны-жақын даму аймағы. Мысалы, баланың сөйлеу алуы-актуальды даму аймағы. Бұл жерде даму жүрмейді. Сондықтан бала мектепке келген бірінші күннен бастап"жақын даму аймағында", дәлірек айтсақ, баланың жазба тілін қалыптастыруға кірісу керек. Ол үшін алдымен жеңіл тапсырмалар беріледі. Мысалы, Ш.Амонашвили және оның мұғалімдері әріптермен сөздерді белгілеуге Д.Б.Эльконин жасаған шартты белгілерді қолданады. Тақтаға сөйлем және оның астына шартты белгісі жазылады.
"Жақын даму аймағында" жұмыс істейтін В.Ф.Шаталов әлі өтпеген ережелермен оқушыларға есеп шығартады. Е.Ильин оқушыларға мұғалімнің өзі біржақты жауап бере алмайтын сұрақтар қояды.
Сонымен жақын даму аймағы баланың ақыл-рй жұмысы басталар тұсы. Мұғалім мұнда тапсырма, әдістемелік нұсқау береді, ізденуге бағыттайды, ізденістің бағдарламасын береді. Мұғалімнің жақын даму аймағындағы жұмысының тиімділігінің көрсеткіші-әр оқушының мұғалімнің көмегін алуға әзір тұруы.
Дамыта оқытудың мұғалім жақын даму аймағында жұмыс істеу керек. Ол оқушыға ақпараттар беруші, ынталандырушы, бейне туғызушы, баланың кемшіліктері мен табысына назар аударушы, себебі әр оқушының өзінің "жақын даму аймағы" бар, онда жалпы тәсілмен жұмыс істеуге болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |