Пәні: Сөйлеу тілі зақымдалған балаларды тілге оқыту әдістемесі Мамандығы: Арнайы педагогика- логопедия Орындаған: Дандибаева Б. О тексерген: Нурланбекова Айгерим Догдырбековна Тақырыбы: Оқу сабақтарында балалардың тәлімдік қызметін дамыту



Дата21.10.2022
өлшемі20,3 Kb.
#44668
түріСабақ
Байланысты:
Тілге оқыту әдістемесі 7-апта


Пәні: Сөйлеу тілі зақымдалған балаларды тілге оқыту әдістемесі
Мамандығы: Арнайы педагогика- Логопедия
Орындаған: Дандибаева Б.О
Тексерген: Нурланбекова Айгерим Догдырбековна
Тақырыбы: 1. Оқу сабақтарында балалардың тәлімдік қызметін дамыту
Тәрбие мен білім бір-бірімен ұштасқан ұлы дүние. Бала дамуындағы тәрбие мен білімді ұялатуда үлкен жүрек, мол мейірімділік, сонымен қатар кәсіби талант, ізденіс пен іскерлік қажет. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегендей бала тәрбиесі ол дүниеге келген күннен басталады. Бала өскен сайын, оның тәрбиесі де күрделеніп, оған қойылатын талаптар да күшейе түседі. Ақыл-ойының дамуы, ұнамды мінез-құлқын қалыптастыру ең негізгі міндетке айналады. Оның негізі отбасында мектепке дейінгі жаста қаланады.

Баланы тәрбиелеу, оны оқыту оңай жұмыс емес. Ол үлкен шеберлік пен шыдамдылықты талап етеді. Сондықтан да халық өмір есігін енді ғана ашқан бөбек тәрбиесін бесіктен бастаған.

Бүгінгі жас ұрпақты тәрбиелеу бізге үлкен жауапкершілікті жүктейді. Қай елдің болмасын іргетасы, жарқын болашағы – ұрпағы екені белгілі. Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс, оқшау тұрған құбылыс емес. Ол қоғамның, заманның бағыт-бағдарымен, тыныс-тіршілігімен бірге жүріп отырады. Осы орайда кез-келген бүлдіршін үшін балабақша тәрбиесі ата-анасынан берген тәрбиені одан әді қарай жалғап, жандандыратыны сөзсіз.

Бүлдіршіннің тілге, білімге деген қызығушылығы оның ойлау қабілеті, танымдылық қажеттіліктері балабақшада қалыптасады. Уақытында алынған мектепке дейінгі білімнің әр бүлдіршін үшін де, еліміз үшін де өмірлік маңызы өте зор. Әсіресе, балабақшадағы тәрбие – бала табиғатына өшпестей із қалдырады. Сондықтан да балабақшаның басты мақсаты – Мемлекеттік білім беру бағдарламасына сай мектеп жасына дейінгі бүлдіршіннің жан-жақты эстетикалық дамуын қамтамасыз ету.

Жас жеткіншек бойында білуге деген құмарлыққа өзгеше нұр, шұғылалы шуақ шашып, жұмсақ сөз, жылы мейіріммен бойларына қуат беріп, таудай іске талаптандырып, қанаттандырып жіберетін адам ол – тәрбиеші-педагог.

Ол үшін ең бірінші оқу мен тәрбиенің егіз екенін бір сәт те естен шығармаған жөн, соның нәтижесінде ғана сапалы білім саналы тәрбиеге қол жеткізуге болады.

Тәрбиеші алдындағы шәкіртіне білім мен тәрбие беріп қана қоймай, әр баланың «менін» ашу керек. Сол «менді» шығармашылық тұлғаға айналдыру қажет. Ол үшін тәрбиеші бойында білім мен адамгершілікке баулитын асыл қасиеттер табылуы тиіс. Өйткені, тәрбиеші – бала болмысын, жүзін көріп түзелер айна іспетті.

Бала қабілетінің ашылуы үшін тәрбиеші жаңашыл, білімді, іскер, қабілетті, жауапкершілік сезімді, жаңа технологияларды меңгерген, өз ісінің шебері болуы керек.

Біз тәрбиелеген болашақ ұрапақ – білімді, намысты, адамгершілігі мол, Отанын сүйетін, дені сау, жігерлі, ақылды, әлеуметтік ортада белсенді, кішпейіл, өзгеге көмек беруге әзір, тілін, дінін құрметтейтін азамат болуы қажет.

Дүниедегі пәк те, нәзік те, батыл да – ол бала. Өйткені, оның жаны таза, нанғыштығы да тез, ол «өмірдегі барлық құбылысты білсем, ол неге олай, неге бұлай деп, дүние сырын ашсам» деп талпынады, алға ұмтылады.

Қазақстан республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие – үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып дамытатын орталық» - деп атап көрсетілген. Сондай-ақ метепке дейінгі тәрбие және оқыту денгейінде 5 жастағы балаларды мектепалы даярлықпен толық қамтамассыз ету, баланың бойында оқуға деген қызығушылықты арттыру, білімді меңгеруде қажетті жеке қасиеттерді тәрбиелеу міндеттері көрсетілген.

Балалардың бойында оқу қызметін меңгерту, олардың танымдық белсенділігін дамытудың басты бағыты болып саналады. Ағартушы ұстаз Ы.Алтынсарин көптеген еңбектерінде таным әрекетінің негізі – оқу, білім деп тұжырымдайды. Ал бала білімінің дамуы мен тәрбие негізінің қалыптасуы – ойын әрекетіне негізделетіні мәлім. Ойын арқылы бала:

- бір бірінен ептілікті үйренеді;

- ұжымдық сезім әрекеттері өседі;

- еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді;

- эстетикалық тәрбие беру құралы;

- ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.

Яғни, ойын - тәрбие беруде ең тиімді тәсілдердің бірі. Орыс педагогі В.А.Сухамлинский: «Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін емес» - деген. Ойын – таным процесін дамытудың негізі. Сондықтан да ұйымдастырылған оқу іс әрекеттерінде де үнемі ойын элементтері қолданылып отырады.

Бала ойын арқылы күш-жігерін жаттықтырып, қоршаған заттар мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды, яғни болашақ ұрпақтың тәрбие жолы тәлімдік ойыннан басталады.

ХХІ ғасыр – қарыштап дамыған білім ғасыры, жас ұрпақ тәрбиелеу мен оқытуда осы айтылған адам бойындағы құндылықтардың маңызы артпаса мәні жоғалған жоқ. Жақсы тәрбие мен саналы білім алған жас ұрпақ өмірде өз орнын табады. Ол үшін ең алдымен ұрпағымыздың бойына ұлттық тәрбиені, адамгершілік әдепті, имандылық қасиеттерді жетілдіруіміз керек. Сонда ғана халқымыздың болашақ жастары бойында иманы бар азамат болып қалыптасады.

Балауса ұрпақтың тәрбиесі мен олардың білім алар ошағы балабақшадан басталады. Ендеше балғындардың бал мекені көбейіп, келешегіміз кемел, болашағымыз жарқын болсын.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет