Пәні: Сөз мәдениеті және оны оқыту Тақырыбы: Ғылыми мәтіннің тілдік ерекшеліктері мен нормалары. Коммуникативтік тұлға, тілдік тұлға. Мәтіндердегі ақпаратты ғаламдық мәселелермен байланыстыра білу


Ғылыми стильдің қысқаша талдау үлгісі



бет2/4
Дата03.11.2022
өлшемі74,37 Kb.
#47327
1   2   3   4
Байланысты:
Байзакова Жулдыз СӨЖ 3 сөз мәдениеті

Ғылыми стильдің қысқаша талдау үлгісі: 1.Қарым-қатынас аясы (қолданылатын орны): ғылыми еңбектер мен зерттеулерде, ғылыми баяндамаларда, дәрістерде,ғылыми кеңес, мәжілістер, пікір алысуларда, т.б.
2.Қарым-қатынас мақсаты: заттар мен құбылыстардың себеп-салдарын, жалпы ерекшелігін ашып, теориялық мәлімет беру; мәнді белгісін көрсету; шындықты ұғым түрінде логикалық жүйемен пайымдау. 3.Стильдік сипаты: негізгі айтылатын ой дәлелді, логикалылық, дәлдік, қисындылық, т.б.
Тілдік ерекшеліктері: a) лексика-фразеологиялық: тура мағыналы атау сөздер,ғылыми терминдер.
ә) морфологиялық: осы шақ және ауыспалы келер шақ,тұлғалы етістіктер. б) синтаксистік: хабарлы, толымды, жайылма, сабақтас сөйлем түрлері, күрделі синтаксистік тұтастық.
Ғылыми мәтіннің тілдік нормасы Заң-сот материалдарында, ресми құжаттар тілінде сөздер негізінен номинатив (тура) мағынасында жұмсалады, бұл үлгілерде сөздердің сипаттаушы, суреттеуші, көріктеуші қатарлары қолданылмауға тиіс. Мысалы, ресми хабарларда, құжаттарда Президент деген сөз Елбасы деген суреттеме сыңарымен ауыстырылмайды. Соңғы вариант көтеріңкі (пафостық) тонмен жазылған газет-журналдар тілінде, яғни публицистикада, көркем әдебиетте, оның ішінде поэзияда қолданыла береді. Ғылыми стильде ғылыми терминдердің мол қолданылатындығы, сөйлемдердің анық, түсінікті болуы – ғылыми жазбалардың стильдік белгілері болса, мұнда да жалпы тілдік ортақ нормалармен қатар, осы функционалдық стильдің әрі белгісі, әрі нормалары болып келетін тілдік элементтер аз емес. Ғылыми стильде де нормадан тыс тұратын сөздер қолданылмайды, морфологиялық тұлғалардың да жалпы тілдік бейтарап (нейтрал) варианттары жұмсалады, сөйлем құрылысы да тілдік қатаң тәртіпті сақтайды, сөздердің дәл (денотаттық) мағыналарын жұмсау үстем болады, баяндау барысында синтаксистік нормалардың да жалпы тілдік варианттарына жол беріледі. Бұл стильде ғылыми терминдердің, оның ішінде жалпы әдеби тілдік нормаға енбейтін, тар ауқымды мамандық терминдері деп аталатындарының да еркін әрі жиі орын алуын ғылыми әдебиеттің стильдік белгісі де, нормасы да деуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет