Байланысты: Қазақстандық және шетелдік педагогикалық технология авторларына салыстырмалы талдау
Біріншіден, оқытудың мақсатқа сәйкес нәтижесіне қол жеткізудегі нақты қадамдарды және олардың үйлесімділігін зерделейтін ғылым саласы;
Екіншіден, оқытудың нақты жағдайда нәтижелі жүзеге асырылуын белгілейтін жобалау немесе модельдеу;
Оқыту процесін нәтижелі етіп оқытудағы процес деп білеміз. Жалпы "Педагогикалық технология" түсінігі қаншалықты қолданыста болғанымен, ол жөніндегі түсінік ұғыныңқы болмаған. Білім берудің қазіргі кездегі практикасында бұл ұғым стандартты емес ғылыми көріністерде ереже ретінде қолданылып, педагог жұмыстарының өндірілген әдіс-тәсілдерін, құралдарын білдіреді. В.П.Беспалько технологияны түсіну үшін ең алдымен педагогикалық іс-әрекеттің өндірушілік белгісіне көңіл аудару қажеттігіне зейін аударады, әлеуметтік тұрғыдан бұл белгі, технологияның басқа белгілерінен оның жалпылық сипатымен байланыстылығын сипаттайды. Қазіргі білім беру технологияларын Г.К. Селевко технологияның классификациялық параметрлері тұрғысынан: қолдану деңгейі, негізгі дамыту факторы, меңгеру тұжырымы, жеке тұлғаның құрылымына бағдарлау, мазмұн сипаты, басқару типі, ұйымдастыру формалары, балаға ықпал ету тәсілдері, әдістердің басымдылығы, жетілдіру бағыттары, оқушылар категориялары бойынша нақтылап көрсетеді. Ш.Т.Таубаева оқытудың қазіргі технологияларының аттарын атап көрсетіп, олардың мақсаттарын, тұжырымының және мазмұны мен әдістерінің ерекшеліктерін сипаттап көрсетеді. Жұмыста педагог-ғалымның зерттеулері басшылыққа алынған. Сонымен педагогикалық технологиялардан төмендегілерін бөле жарып көрсетуге болады:
Ойын арқылы оқыту технологиясы;
Проблемалық оқыту технологиясы;
Тірек сигналдары арқылы оқыту;
Деңгейлік саралап оқыту;
Міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік оқыту технологиясы;
Бағдарламалап оқыту технологиясы;
Оқытудың компьютерлік технологиясы;
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы;
Дамыта оқыту технологиясы;
Модульдік оқыту.
Сондай-ақ Қазақстандық ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде білім беру жүйесінде қолданылуда. Бұл технологиялардың өздеріне тән ерекшеліктері бар. Мәселен, В.Ф.Шаталовтың тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясының ерекшелігі: - үнемі қайталау; - ірі блокпен оқыту, тіректі қолдану; - жеке бағдарлы қарым-қатынас, ықпал; - ізгілік; - зорлықсыз, еркімен оқыту; - әр оқушының табысының жариялылығын түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау; - оқыту мен тәрбиелеуді біріктіру. Сондай-ақ әрбір педагогикалық технологияның өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың негізгі қарастыратыны оқытуды нәтижелі ету. Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер). Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек. Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады. Төмендегі қасиеттер білім жүйесінің өзіндік ерекшелігі болып саналады.
Тұтынушының қолдану сапасында;
Нәтижесінде әр түрлі салаларда қолданылатын, ақпараттық технологияларды жасаушы сапасында.
Оқытудың ақпараттық технологиялары осы ақпараттық білім жүйесінің шегінде жүзеге асырылатын болғандықтан, осы білім технологиясына ақпараттық және бағдарламалық қолдаумен көрсететін құралдар бір ғана компьютермен, оған енгізілген бағдарламамен шектеліп қалмауы керек. Шын мәнінде бәрі керісінше, оқытудың ақпараттық технологияларының бағдарламалық құралдары және білім технологияларының өздері ақпараттық білім ортасына – ақпараттық білім жүйесінен бөлінген жүйелелер түрінде қосылады.
Оқу материалдарын жиі қайталау мүмкіндігі өсумен қатар, шығармашылық шеберлігінің артуына жағдай туғызады, оқуға деген қызығушылығын арттырады, уақытында тапсырмаларды орындай алады, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға көмектеседі, уақытты үнемдейді, қайталау мүмкіндігін кеңейтеді, орындаған жұмыстарының қателерін бірден көреді. Қазақ тілін үйретуде бастапқы мақсат коммуникативтік бағытта оқыту. Осылай біз оқушылардың жалпы ойларын бір жүйеге келтіріп, жақсы психологиялық жағдай жасаймыз. Осының бәрі оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді. Оқушы үшін тіл өз ойын жеткізуде қажетті құрал болып табылады. Бұл бағытта негізгі лингвистикалық жұмысты қарым-қатынас түрінде жүргізіп, бір мезгілде іске асырамыз. Жаңа технологияларды қолдана келе сабақ бойы біз бүкіл топтың жұмыс істеуін талап етеміз, сондықтан өткізген сабағымыз мазмұнды, интенсивті болады.
Әдебиет Қазақстан Республикасының білім мекемелерінде информатика пәнін оқыту. І том. Алматы, 2006.
Қазақстан Республикасының білім мекемелерінде информатика пәнін оқыту. ІІ том. Алматы, 2006.
С.Елубаев. Математиканы оқыту теориясы мен әдістемес і. Жалпы бөлім. А., 2006.
Д.Ш.Матрос, Д.М.Полев, Н.Н.Мельникова. Управление качеством образования на основе новых информационных технологий, М.,2001.
К.Ж. Бұзаубақова. Жаңа педагогикалық технология. (о қулы қ) Тараз. ТарМУ,2003ж.
Қ. Өстеміров, А.Айтбаева, Қазіргі білім беру технологиялары, Алматы, 2006ж.