пәнінен 5В012000, 6В01450 «Кәсіптік оқыту»



бет2/16
Дата28.09.2022
өлшемі71,29 Kb.
#40637
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
СӨЖ Әдістемелік нұсқау КЕОӘП 2020

Мазмұны



Кіріспе...............................................................................................................

5

1

Өнер және өнердің бастапқы нышандары немесе оның пайда болуы....................................................................................................

8

2

Ежелгі грек және рим өнері................................................................

8

3

Орта ғасырдағы Батыс Батыс Европа өнері.......................................

9

4

XVІ-ХХ ғ Батыс Европадағы өнер.....................................................

10

5

Шыншыл тұрғыда бейнеленудің пайда болуы.....................................

10

6

Бейнелеу өнерінің тақырыптары............................................................

11

7

Қазақтың бейнелеу өнерінің нышаны...................................................

11

8

Қазақтың қолөнерінің түрлері.................................................................

12

9

Әдемілік, талғам, стиль, мода жөніндегі түсінік...................................

13

10

Материалдарды көркем өңдеудің түрлері..............................................

13

11

Түстану ғылымы.......................................................................................

14

12

Қолөнердің теориялық мағлұматтары бойынша политехникалық бағытылығы...........................................................................................

15

13

Материалдарды көркем өңдеуді ұйымдастырудың негіздері..............

15

14

Бағдарламаның түзілімін басшылыққа алудағы принциптер, критерилер............................................................................................

16

15

Тәрбиелеу, оқыту, дамыту, кәсіптік бағдар беру функциясын қамтамасыз етуі..................................................................................

16

Қорытынды.......................................................................................................

18

Ұсынылатын әдебиеттер..............................................................................

19







Кіріспе

«Көркем еңбекке оқыту әдістемесінің практикумы» пәнінен БӨЖ және ОБӨЖ орындауға арналған әдістемелік нұсқау білім беру жүйесінде педагогикалық құрылымы мен мазмұны, материалдарды көркем өңдеудің негіздері, өнеркәсіптегі және қолданбалы өнер мамандарының түрлері бойынша мағлұматтар беріледі.


«Көркем еңбекке оқыту әдістемесінің практикумы» пәнін студенттерді болашақ педагогикалық қызметке дайындаудың әдістемелік негізін қалау, өнер және өнердің пайда болуы, материалдарды көркем өңдеуге тарихи кезеңдердегі наным-сенімнің ықпалы, ежелгі мәдени ошақтардағы және орта ғасырдағы, өрлеу дәуіріндегі Европа өнері түрлері, мәдениеті туралы теориялық мағлұматтармен таныстыру. Материалдарды көркем өңдеудің негіздері, өнер кәсіптегі және қолданбалы өнер мамандарының түрлері бойынша мағлұматтар берілген. Көркем еңбек – еңбектің бір түрі болып табылады.
Пәнді оқытудағы мақсаты – болашақ мамандарды материалдарды көркем өңдеу бойынша білімдерін жетілдіріп, өнер жанрлары бойынша сабақтарда және сыныптан тыс шұғылданыстарда оқушылардың көркем өңдеуін, шығармашылықпен іс-әрекет жасауын ұйымдастырушы болашақ мұғалімдеріне қажетті білім, ептілік және дағдыларды қалыптастыру.
«Көркем еңбекке оқыту әдістемесінің практикумы» курсының міндеттері:
- студенттерді өнер және өнердің пайда болуы, материалдарды көркем өңдеуге тарихи кезеңдердегі наным-сенімнің ықпалы, ежелгі мәдени ошақтардағы және орта ғасырдағы, өрлеу дәуіріндегі Европа өнері түрлері, мәдениеті туралы теориялық мағлұматтармен таныстыру.
- материалдарды көркем өңдеудің негіздері, өнер кәсіптегі және қолданбалы өнер мамандарының түрлері бойынша мағлұматтар беру.
- мектеп қабырғасындағы оқушыларды қолөнерге баулуға материалдарды көркем өңдеудің теориялық мағлұматтары бойынша политехникалық бағыттылықты және қолөнерге баулуда политехникалық бағыттылықты жүзеге асырудағы болашақ мұғалімнің әдістемелік дайындығына қатысты теориялық білімдерді, ептіліктерді игеруін қамтамасыз ету.

Білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулар


БӨЖ – тақырыптарына немесе тарауларына:


Тақырыпта немесе тарауында кездесетін анықтамаларды айқындау, қысқаша (0,5 беттен аспайтын) эссе жазу.
Тақырып бойынша әдебиеттерден, интернеттен алынған материалдар негізінде қысқаша түсініктеме жазу (1-2 бет).
Глоссарий жазу – ұғымдар мен терминдер анықтамасын түсіндіріп жазу.
Презентация – таңдаған тақырыбы бойынша студенттің өз ойын – пікірін дүниетануын білдіруі және оны қорғауы. Презентация тақырыпты қалай айқындауы, ашуы, қызықтыруымен бағаланады (8-10 минут).
Іскерлік ойын – болашақ мамандығына қажетті дағдыларды қалыптастыру мақсатында келешек мамандығында атқаратын жұмыстарын ойын ретінде белгілі рольде, топта ойнау (алдын-ала дайындалу керек).
Айқындап жағдайды үйрену нақты жағдайларда қойылатын сұрақтарға өз ойынша жауап беру немесе жауаптарды өзінше жобалау.
Топтық жоба, 4-5 студенттен құралған топтар, оқу материалы бойынша өз жобаларын жасап, оларды қорғайды. КТК (КВН) түрінде өткізуге болады.
Жеке жоба маңызды және өте қызық ғылыми зерттеулер нәтижелері, жетістіктерді қамтитын баяндамалар білім деңгейі жоғары студенттер ұсынысы бойынша тақырыпқа сәйкес жасалады.
Тақырып бойынша өзін-өзі тексеру сұрақтарына ауызша жауап беру (10-15 минут). Жауапттар тақырып қалай ашылғандығына (айқындағанына) және басқаларды қалай қызықтырғанына байланысты бағаланады.
Жазба жұмыстары. модуль бойынша рейтинг бақылау сұрақтарына жазба түрде жауап жазу.
Тесттер тақырып соңында студенттердің білім деңгейін анықтау үшін 5 минутта өткізілетін тест сұрақтары.
Рефераттар мен баяндамалар. Студент немесе студенттер таңдауы бойынша пән тараулары тақырыптарын оқып үйреніп, талдау жасап, өзінше қорытындысын шығару.
Кейс құрастыру - ситуацияларды талдау әдісі негізінде әзірленеді. Студенттерге проблеманы айқындайтын ситуацияларды ойластыру қажет. Проблема бірғана шешімде болмауы тиіс. Кейстегі іс-әрекет жазба түрінде немесе проблеманы шешу тәсілі ретінде беріледі.
Пікір студенттер бір-бірлерінің рефераттарын талдау жасап, өз пікірлерін жазуы.
Есеп шығару әрбір студенттің есептеу сызба жұмыстары, типтік есептері, есептеу жобалау жұмыстары жазба түрде тапсырылады.
Студенттердің білім деңгейіне байланысты тапсырмаларды жеңілдету немесе күрделі ету жоспарлану қажет. Мәселен, барлық студенттерге кейсті талдау тапсырылса, дайындығы жоғары (1 немес 2) студентке кейс жазуды тапсыруға болады.
Барлық СӨЖ тапсырмалары уақытылы тапсырылуы қажет, уақытында тапсырылмаған тапсырмалар төмендетіп бағаланады (әрбір тапсырмадан кешіккен күніне 0,1 балл алып тастау).
БӨЖ ұйымдастыру үшін:
- БӨЖ тапсырмаларын семестр басында студентке беру;
- Ағымды және межелі бақылау түрлерін дайындау;
- БӨЖ консультациясының уақытын белгілеу.
Білім алушылардан
а) БӨЖ тапсырмасын уақытылы орындауды;
б) белгіленген уақытта тапсыруды;
в) БӨЖ-ге үлкен жауапкершілікпен қарауды талап ету қажет.
БӨЖ-ді іске асыруға арналған жоғарыда ұсыныстар мен интерактивті әдістерді қолдану арқылы студенттердің білім деңгейін көтеруге болады.
Интерактивті әдістер студенттің:
- Тыңдау және өзара қарым-қатынасын;
- Басқаға жанашырлық таныту, жанкүйерлік қабілетін дамытуды;
- Көзқарасын дамытуды және түсінуді;
- Белгісіз сұрақтарға жауап тауып, белгілі мәселелерді шешуді;
- Аналитикалық ойлау және өз ойын талқылауды қалыптастырады.
ЕСКЕРТУ: Білім алушылар БӨЖ тапсырмаларын дер кезінде кестеге сай тапсыруға міндетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет