алгебра және анализ бастамалары пәнінен
жазбаша емтихан (бақылау жұмысы)
1. 11-сыныптағы жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен жазбаша емтихан жұмысы екі бөлімнен тұрады, тапсырмалардың жалпы саны үшін – 16.
А бөлімі 10 тапсырмадан тұрады. Әрбір тапсырма 1 балмен бағаланады. В бөлімі 6 тапсырмадан тұрады.
А бөлімі – 10 балл; В бөлімі – 20 балл.
Емтихан жұмысының қорытынды балы – 30.
2. 11-сыныптағы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен жазбаша емтихан жұмысы екі бөлімнен тұрады, тапсырмалардың жалпы саны үшін – 15.
А бөлімі 10 тапсырмадан тұрады. Әрбір тапсырма 1 балмен бағаланады. В бөлімі 5 тапсырмадан тұрады
А бөлімі – 10 балл; В бөлімі – 20 балл.
Емтихан жұмысының қорытынды балы – 30.
3. Физика-математикалық бағыттағы мамандандырылған мектептер бойынша «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен жазбаша емтихан жұмысы екі бөлімнен тұрады, тапсырмалардың жалпы саны үшін – 16.
А бөлімі 10 тапсырмадан тұрады. Әрбір тапсырма 1 балмен бағаланады. В бөлімі 6 тапсырмадан тұрады.
А бөлімі – 10 балл; В бөлімі – 20 балл.
Емтихан жұмысының қорытынды балы – 30.
4. Балдар қою кестесі емтихан материалдарына қосымша берілген.
5. Емтихан материалын рәсімдеу талаптары
1-бет. Титул парағы
2-беттен бастап емтихан жұмысын рәсімдеу басталады.
Парақтың сол жақ жоғарғы бұрышына мектептің мөрі қойылады. Тапсырманың шарты таза қағазға көшірілмейді.
А бөлімін орындау бойынша білім алушы тапсырманың нөмірі мен жауаптың әріп нұсқасын жазады. Әріпті түзетуге жол берілмейді.
В бөлімін орындау бойынша тапсырмалардың толық жауабы жазылады. Сурет қарандашпен салынады.
6. Бағалау.
Емтихан жұмысын тексеру балдар қою кестесіне сәйкес жүргізіледі.
Бағалау кезінде балл қою кестесін ұстану қажет. Бұл ретте жолдарда балл қою кестесіне сәйкес шешімнің әрбір дұрыс қадамы үшін балл (1 балл) жазылады.
Жазбаша жұмыстың соңында жалпы (қорытынды) балл көрсетіледі.
Одан кейін емтихан бағасын балға аудару шәкіліне сәйкес емтихан жұмысының бағасы қойылады. Жалпы орта білім беру деңгейіндегі оқыту курсы бойынша алгебра және анализ бастамаларынан жазбаша емтихан жұмысы бір бағамен бағаланады.
Емтихан жұмысына баға қойылғаннан кейін емтихан комиссия мүшелерінің қолы қойылады (мұғалімдердің аты-жөні жазылады).
Емтихан жұмысын тексеру кезінде қызыл түсті қалам қолданылады.
Алгебра және анализ бастамалары пәні бойынша «2» және «5» деген бағалар қойылған жазбаша жұмыстарға мектеп Комиссиясы пікір жазады.
Емтихан жұмысын ресімдеу
1-бет.
Мектептің мөрі
04.06.2021
1(2)-нұсқа
|
11-сынып білім алушысы
_______________________________
жалпы орта білім беру деңгейіндегі оқыту курсы бойынша
алгебра және анализ бастамаларынан
жазбаша емтихан жұмысы
Мектептің мөрі
04.06.2021
1(2)-нұсқа
|
А бөлімі
1-тапсырма. Жауаптың коды ғана жазылады.
2-тапсырма. Жауаптың коды ғана жазылады.
3-тапсырма. Жауаптың коды ғана жазылады.
|
4-тапсырма. Жауаптың коды ғана жазылады.
5-тапсырма. Жауаптың коды ғана жазылады.
6-тапсырма. Жауаптың коды ғана жазылады.
7-тапсырма. Жауаптың коды ғана жазылады.
8-тапсырма. Жауаптың коды ғана жазылады.
9-тапсырма. Жауаптың коды ғана жазылады.
10-тапсырма. Жауаптың коды ғана жазылады.
В бөлімі
11-тапсырма. Шешуі.
Білім алушы тапсырманың толық жауабын жазады.
Жауабы: ... .
12-тапсырма. Шешуі.
Білім алушы тапсырманың толық жауабын жазады.
Жауабы: ... .
13-тапсырма. Шешуі.
Білім алушы тапсырманың толық жауабын жазады.
Жауабы: ... .
14-тапсырма. Шешуі.
Білім алушы тапсырманың толық жауабын жазады.
Жауабы: ... .
15-тапсырма. Шешуі.
Білім алушы тапсырманың толық жауабын жазады.
Жауабы: ... .
16-тапсырма. Шешуі.
Білім алушы тапсырманың толық жауабын жазады.
Жауабы:
Достарыңызбен бөлісу: |