Пәнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Абай шығармаларының 1890 жылдан өмірінің соңына дейінгі кезеңі



бет13/60
Дата05.05.2023
өлшемі254,18 Kb.
#90271
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   60
Абай шығармаларының 1890 жылдан өмірінің соңына дейінгі кезеңі

Абайдың 1890 жылдан өмірінің соңына дейін ұласқан шығармашылық мұрасы дана қаламгердің лирикалық поэзиясынан өзге «Қара сөздері» мен эпикалық поэмаларын, сондай-ақ «Тарихи сөзін» де қамтиды. Бұл орайда М. Әуезов: «1890 жылдан бастап, Абай ақындық шығармаларымен қатар, өзінің жазушылық еңбегіне жаңа бір түр – «Қара сөз» деп аталған жанрды қосады»- дей келіп, Абайдың осы жылдардағы поэзиясында бұрын қазақ әдебиеті тарихында болмаған жаңа түр, тың өлең құрылымдарын тудырғанын атап өткен.


Бұл кездегі Абай лирикалары «Бай сейілді» өлеңінен басталып, өзінің ақындық жолға түскендегі алғашқы қадамында-ақ алға қойған мақсаты сөз өнерін халық тәрбиешісі ету жолындағы арпалысты өмірінің соңғы сөзін де «Жалын мен оттан жаралған» найзағайдай жалынды, отты сөзімен ызалы жүрек, ащы тілінен шыққан аяусыз сын, мұңлы күйікпен аяқтайды.
Абайдың осы кездегі лирикаларының ішінде кемеңгердің Шығысқа, исламиятқа, төл танымдағы толық адам іліміне қатысты «Лай суға май бітпес қой өткенге», «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес», «Алла деген сөз жеңіл», «Әсемпаз болма әр неге», «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» өлеңдеріндегі ой-танымдарды М. Мырзахметұлы зерттеулері негізінде талдау.
Абайдың поэмалары, олардың жазылу тарихы мен көтерген мәселелері, тағылымдық сипаттары. Абайдың ақын шәкірттерінің сюжеттік, романтикалық поэма жазудағы Абайдың ұстаздық еңбектері, оның тарихи-әдеби дерек-дәйектері.
Абай қара сөздері, олардағы көтерілген тақырыптар мен қара сөздердің Абай лирикасымен байланыстылығы. Қара сөздердің Шығыстық «намалық» жанрмен өзара сабақтастығы. Абайдың 7-ші, 14-ші, 17-ші, 27-ші, 37-ші, 38-ші, 43-ші, 45-ші қара сөздері, олардың өзекті желісі.


Абайдың ақындық мектебі

М. Ауезов:«Абай өзі үшін, елі үшін ізденді, ізденді де тапты және бар тапқаны мен тудырғанын ұстаздыққа салды. Ақын болып өсер ақынды тәрбиеледі»- деп жазғандай, Абай өзі нәр алған рухани бұлақ көздерін игеріп қана қоймай, өзінің сана сарабында, қайнар жүрегінде қорытып, ұрпаққа үлгі етіп ұсынуда дарынды шәкірттер даярлап, жаңа, тың әдеби дәстүрлі жол салды. Яғни ұстаз Абай қазақ әдебиеті тарихында ақындық мектептің іргетасын қалады.


Абайдың ақындық мектебі мәселесін ең алғаш М. Әуезов «Абай ақындығының айналасы» атты зерттеу еңбегінде саралап жазды. Онда ғылым Абайдың ақындық мектебі аясында Абайдың нағыз толық мағынадағы шәкірттері деп Ақылбай, Мағауия, Көкбай, Шәкәрімдерді атаса, «Абай ақынның төңкіріс алдында, не төңкірестен бергі қазақ ақындарына еткен әсері» деген тезисінде Абай дәстүрін жалғастырушылар ретінде XX ғасыр басындағы ояну дәуіріндегі әдебиет өкілдеріне сілтеме жасаған.
Абайдың ақындық мектебіндегі Абайдың ұстаздық еңбектеріне, үлгі-өнегелеріне мыналарды жатқызамыз: әдебиет тарихында жаңа, тың идеялық-көркемдік бағыт қалыптастыру, рухани бұлақ көздерінен алынған сюжеттер негізінде шәкірттеріне тарихи, реалистік және романтикалық эпикалық шығармалар жаздыру, мораль философиясын, толық адам ілімін адам тәрбиелеудің рухани құралы ретінде ұсыну, сөз өнерін ұлт, адамзат мүддесі жолындағы әділеттің күрес құралы ету.
Абайдың ақындық мектебінен тәлім алған Абай шәкірттері мен Абай дәстүрін жалғастырушылардың бұл бағыттағы шағармашылық еңбектеріне талдау жүргізу қажет. Оларға Ақылбай мен Мағауияның Абай тапсырмасы негізінде романтикалық поэмалар жазуы, Көкбай мен Шәкәрімнің тарихи жырлар тудыруы, Шәкәрімнің Абайдың «Толық адам» ілімін «Ар ғылымына» ұштастыра дамытуы, Абайдың азаттық танымдарының Алаш арыстары ұстанымдарының темірқазығы, өзекті идеялық негізі болғандығы, Қасым Аманжоловтан бастап, қазірге дейінгі қазақ әдебиеті тарихының ең таңдаулы өкілдерінің шығармашылықтарындағы Абай тағылымының көріністері, т. б. жатады.
Абайдың ақындық мектебі мәселесінің зерттелу тарихы және Қайым Мұхамедхановтың, т. б. еңбектері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет