Пәнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет18/60
Дата05.05.2023
өлшемі254,18 Kb.
#90271
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   60
2.2Семинарлық сабақтар

№ тақырып-тар реті

Семинар тақырыптары

Тақырыптардың мазмұны

Бар-
лық са-
ғат саны

Ап-
та-
лар

1 тақырып

Абай өмірбаяны.

Абай өмірін сол кезеңнің тарихи шындығымен байланыста баяндау. М.Әуезовтің ақын өмірбаянын жазудағы елеулі еңбегі әрі оны жазуға ғылыми және шығармашылық тұрғыда келуі. Ақын өмірбаянының М.Әуезов жазған 4 нұсқасы мен өзге де авторлардың нұсқалары.

1

2-3

2
тақырып

Абайтанудың М. Әуезовке дейінгі кезеңі (1889-1933)

Абай өмірі мен мұрасын танып-білу, насихаттаудағы Ә.Бөкейхан, К.Ысқақов, А.Байтұрсынұлы т.б. үлесі. Абайтанудың оң бағытта дамуының мазмұны мен ерекшелігі.




4

3
тақырып

Абайтанудың М.Әуезов кезеңі
(1934-1961)



Абай өмірі мен мұрасын шынайы әрі жан-жақты терең тануды бастаушы. Абайтануды ғылыми әрі шығармашылық жолмен танудың нәтижелері. М.Әуезов танымындағы абайтанудың бағыттары мен мазмұндары.




5

4
тақырып

Абайтанудың М.Әуезов дәуірінен кейінгі кезеңі (1961-2014)



1961-1990 жылдар аралығындағы зерттеулерде Абай поэтикасының ішкі әлемі, көркемдік тіл кестесі, өлең құрылысы, т.б. тақырыптар зерттелді.
Кейін, Абайдың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында абайтану ғылымы барлық ғылым салаларында жанданды.



1

6

5 тақырып

Абайдың әде-
би ортасы мен нәр алған рухани көз-
дері

Абайдың әдеби ортасының зерттелу тарихы М.Әуезов тарапынан әдеби орта туралы Абайдың өзгеден алған рухани нәрі мен өзгеге берген рухани нәрі туралы күрделі мәселенің қойылуы. Абай мұрасының нәр алған рухани қазына көздері туралы 1934 жылы М.Әуезов: «...ақынның өз халқынан және адам баласының өнер-ой байлығына алғаш үш үлкен саласы, түп-төркіні барын байқаймыз», - деген танымын ұсынуы.

1

7

6 тақырып

Абай және төл әдебиет

Абайға ана сүтімен, бесік жырымен, әке тағылымымен, ұлт фольклоры, ақындық поэзия өнерін ел ішіне таратушы ақын-жыршылар, шешен-билер, айтыс ақындарының жыр маржандары, сөз кестелерімен сіңіп, «ақындықтың Әбулхаят суып ішкізген, өлімді жеңген, мәңгі тірлік тапқызған» ақындық өнердің алғашқы нәрі - төл әдебиет, туған халқының рухани ой қазынасы.




8

7 тақырып

Абай және Шығыс әдебиеті



Абайдың Шығысқа қатысы көрнекті Абайтанушы ғалым М.Мырзахметұлының М.Әуезов ізімен тұжырымдағанындай, оның ақындық кітапханасының көлемі мен жайы арқылы айқындалады. Абайдың Шығысқа қатысы М.Әуезов саралап, топтастырып қарастырғандай, төрт сала бойынша ашыла түседі, олар: 1. Абайдың ақындық кітапханасының көлемі мен жайы; 2. Абай және Шығыс классиктері; 3. Абайдың исламиятқа қатысы; 4. Абай және мораль философиясы.







8 тақырып

Абайдың толық адам туралы ілімі



Толық адам танымы Абайдың шығыстық дүниетаным қайнар көзден тапқан рухани төл қазынасы. Толық адам, жақсы қайырымды адам, жетілген адам туралы ойлар – барша адамзатқа ортақ таным. Абайдағы адамгершілік ілімі ретіндегі таным М.Әуезов зерттеулерінде «нравственная личность» деп аталса, М.Мырзахметұлы оны ақынның өз сөзімен «толық адам» деп атаған.

1

10

9 тақырып

Абай және орыс, Батыс әдебиеті



Абайдың орыс, Батыс әдебиеті мұрасынан алған үлгі өрнектерінің басты белгісі - ақындықты ел мүддесіне қызмет еткізу, қоғамның әлеуметтік күйіндегі әділетсіздікті ашына түйреп, сын тезіне салу. Асылы Шығыс пен Батыстың адам баласына ортақ рухани қазына қорының ең асыл жауһарларын аудару, сол үлгіде тыңнан шығармалар жазу, Европа әдебиетінде бар сюжеттер негізінде шәкірттеріне романтикалық туындылар жаздыру, осының бәрі - Абай тағылымының халықтық, адамзаттық қадір-қасиетінің айнасы.




11

10 тақырып

Абай мұрасы. Абайдың жас шағындағы шығармалары

Абай мұрасының алғашқы кезеңі - Абайдың жас шағындағы шығармалары. Олар 1855 - 1882 жылдар аралығындағы төл әдебиет үлгісіндегі экспромт өлеңдер, Шығыс ақындарына еліктеуден туған шығармалар, М.Ю. Лермонтавтан аударған тәржімә өлеңі және «Сап, сап, көңілім» атты таза ұлттық әдеби тілдегі көркемөнерге ден қойған ақындық бетін айқын танытатын осы кездегі соңғы жазған өлеңі.




12

11 тақырып

Абай лирикасының 1882-1890 жылдардағы кезеңі

Ақын шығармашылығының өнімді, жемісті шағы. Оның 1886, 1889 жылдары жазылған мол туындылары, олардың тақырыптық ауқымы, идеялық тереңдігі мен жаңалықтары және көркемдік жетістіктері.

1

13

12 тақырып

Абай шығармаларының 1890 жылдан өмірінің соңына дейінгі кезеңі



Абайдың 1890 жылдан өмірінің соңына дейін ұласқан шығармашылық мұрасы дана қаламгердің лирикалық поэзиясынан өзге «Қара сөздері» мен эпикалық поэмаларын, сондай-ақ «Тарихи сөзін» де қамтиды.

1

14

13 тақырып



Абайдың ақындық мектебі



М. Ауезов:«Абай өзі үшін, елі үшін ізденді, ізденді де тапты және бар тапқаны мен тудырғанын ұстаздыққа салды. Ақын болып өсер ақынды тәрбиеледі»- деп жазғандай, Абай өзі нәр алған рухани бұлақ көздерін игеріп қана қоймай, өзінің сана сарабында, қайнар жүрегінде қорытып, ұрпаққа үлгі етіп ұсынуда дарынды шәкірттер даярлап, жаңа, тың әдеби дәстүрлі жол салды. Яғни ұстаз Абай қазақ әдебиеті тарихында ақындық мектептің іргетасын қалады.

1

15




Барлығы:




7

15





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет