Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ ҰПУ-нің «Абайтану» Ғ30-ы
Педагогикалық және гуманитарлық бағыттағы мамандықтар үшін
«Бекітемін»
Филология және көптілді білім беру институтының
директоры, профессор
____________А.В.Таңжарықова.
«__» _________2021 жыл.
Типтік оқу бағдарламасы
(жоғары кәсіптік білім)
«Абайтану»
Барлық мамандықтар үшін
22 сағат
Оқу түрі күндізгі
Кредит саны 2
Лекциялық сағат саны 15
Практикалық (семинар) сағат саны 7
СӘЖ
СОӨЖ
Бақылау түрі
Алматы – 2021 жыл
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ ҰПУ-нің «Абайтану» Ғ30-ы
Педагогикалық және гуманитарлық бағыттағы мамандықтар үшін
Пәннің типтік бағдарламасы
Алматы, 2015 жыл
Абайтану
Авторлары: Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Бекбосынов М.Н. Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Әліпхан М. Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзахметұлы М. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қалиұлы С.
Алғы сөз
Пәннің мақсаты
Педагогикалық және гуманитарлық мамандықтардың басты бағыты адам тәрбиелеу, ұрпақ жүрегіне гуманизм нәрін себу десек, осы игі іс тетігі ұлт руханияты, ұлт мәдениеті, өркениеті мен әдебиеті арқылы жүзеге асары айқын. Осындай адам жанының емшісі әдебиеттің қазақ топырағында туған ұшан-теңіз мол мұрасы бар. Осынау әдеби мұра тарихында ұлт әдебиетін жаңа, тың биікке көтеріп, шығарманың ішкі көркемдік әлемін, мазмұн мен идея аясын заманның қоғамдық-саяси жағдайларымен, халықтың өмір тарихы, мәдениеті және оның келешек арман, мақсат, мүдделерімен байланыста суреттеген Абай мұрасы, әдебиеттану ғылымының тұлғатану саласындағы абайтану ілімі дүниеге келді.
Абай шығармалары – ұлт болмысын, қазақ рухын ғана танытып қоймай, әлемдік ақыл-ой қайнарларының адамзатқа ортақ асыл құндылықтарын ұрпаққа үлгі етіп ұсынған баға жетпес мол да терең мұра. Осы мұраны материалдық игілікті алға шығарған бүгінгі қоғамдағы теріс ой-санаға рухани серпіліс туғызып, заманның көкейкесті қажеттілігіне сай тәуелсіз ел жастарын ұлтжандылыққа, адамгершілікке баулудағы Абайдың толық адам ілімінің негіздерімен тәрбиелеу мақсатын алға қойып отыр.