Пәнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені


- дәріс. Тақырыбы: Абайдың дінге қатысы туралы



бет29/60
Дата05.05.2023
өлшемі254,18 Kb.
#90271
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   60
6- дәріс. Тақырыбы: Абайдың дінге қатысы туралы
Жоспары:
1. Абайдың дінге қатынасының адамгершілік ауқымында көрінуі
2. Абай діні туралы М. Әуезовтің екі тезисі

Дәріс мақсаты: Абайдың дінге қатынасын таныту


Дәріс мәтіні (қысқаша):М. Әуезов «Абайға шығыстан кірген бұйыдардың басы – ислам діні» - деп жазған. Абай әсіресе баласы Әбдірахман науқасына байланысты өлендерінде өзінің дінге нанған адам екенін жиі аңғартады. Қай кезде болса да Абай дінсіз емес, қайта дін тұтынушы,иланушы адам болады. Оның ұстанатын діні – мұсылманшылдық, ислам діні. Осы діннің Алласын, пайғамбарын, басқа да бірталай қағидасын ақын өзінің нанымы етеді. Көбіне оның діні шартты түрдегі, тек адамгершілік мақсатына ғана арналған дін болатыны бар. Сөйтсе де Абай Алланы,пайғамбарды ауызына жиі алып отырады. 1895 жылы Әбдірахманның өлімімен байланысты қайғы-мұңға бату үстінде Абай дін мәселесі мен адамның жаратылыс сыры турасындағы тақырыптарға екі өлеңмен соғып өтеді. Мұның біреуі – ақынның нанымын аңғартқандай «Лай суға май бітпес қой өткенге» деген өлең. Екіншісі – адамның жаратылыс сырын сөз қылған – «Өлсе өлер табиғат,адам өлмес». Абай өзінің тиянақ таппаған тынымсыз көңілін дінге қарай бұрғанда, мұсылманшылдық дініне бұрады. Өлеңінде «Халиқ,махлұқ,даһри,лә мәкан» сияқты анық исламият өсиетінің сөздігін пайдаланып отырады.


Күні-түні ойымда бір-ақ тәңірі,


Өзіне құмар қылған оның әмірі,-

деуімен Алласына бас иген бендесін танытады. Бірақ исламның үгітшілері иландырған өсиеттер бойынга Алланы оның жаратқан бендесі ақылмен түсінем десе, адасады, - дейді. Өзгенің бәрін ақыл-ойға қондырса, дін жолында да сол ақыл жәрдемші болу керек дейді. Өзі сыншыл, өзі шын ақылы жеткенге ғана тоқтайтын ақын дін ұстаздарының «тоқта» деген жеріне тоқтамайды. Абайдың діні М. Әуезов жазғандай, ақылдың, сыншыл ойдың діні болып келеді. Ислам ойшылдарының схоластикасы көзімен қарағанда Абайдың бұнысы – мұсылман ғұламалары ұсынған дін жолы емес, күпірлік. Шариғат ойланбай илан десе, Абай илану үшін ойланам дейді. Осыған байланысты ақынның мұсылманшылығын шартты түрдегі мұсылманшылық деуге болады. Адамның жаратылысы мен өзінің тұтынған діні турасында Абайдың ең үлкен мән беретіні – адамдағы сыншыл ақыл, терең ой ғана болады.


Ақынның «Алланың өзі де рас,сөзі де рас» өлеңі оның дінге арналған ойларын қозғайды. Бұл өлеңмен ақын анық діншіл адам екенін аңғартады. Яғни оның діні – исламият жолының қағидаларына табынған, мұсылманшылықтың Алласын, пайғамбарын, имамын үнемі ауызға алып отырған дін ұстазының ұғым-нанымын көрсеткендей. Өлеңнің бас жағында бар мұсылман өзінің мұсылманшылығын иман келтіріп айтатын шартты дұғалығы еске алынады. Өлең орта тұсынан әрі исламияттың өрісінен, арнасынан мүлде алыстап кетеді. Абайдағы адамзатты махаббатпен жаратқан ие бар, ендеше соны сүю жаратылушы бенденің қарызы деген ой жалғыз ислам ғұламаларының көзқарасы емес. Ол Сократтан, Платоннан бері басталып келе жатқан идеалистік философияның бәрінің сүйенетін ойы. Абай жалпы гуманистік түсініктің әділетін айтады. Ал ислам дінінің барлық тарихы мен тәжірибесін, үгітін алсақ, оның ұғымындағы әділет, мысалы, мұсылман болмаса, өзге діндегілерді өлтіруге де болады. Онымен күресу жолында өзің өлсең, «шаһит» боласың, бейішке барасың, ендеше әділеттің үлкені осы дейді. Абай дін қағидасымен өзінің қайшы келіп отырғанын елеместен, тіпті шындап ойласаң «тағатта осы» дейді. Сөйтіп өзі айтқан иманигүл – үш сүюді құлшылықтың да, діннің де жолы дейді. Ислам діні «мұсылманға бес парыз» деп – ораза, намаз, зекет, хажды айтса, Абай оларға көп көңіл бөліп місе тұтпайды. Өзі айтқан, өзі ұсынған адамгершілік жолынан айныған адамның бес парызды,әсіресе кейінгі төртеуін тұтынуы «татымды бермес жеміс» - деп бағалайды.
Абай бұл өлеңінде мұсылманшықтың «Алласынан» бастап, адамшылықтың үлкен мағынадағы адамдығымен тоқтайды. М. Әуезовтың пайымдауынша, сыртынан барынша діншіл көрініп отырған өлеңнің өзінде де Абай ислам дінінің үгіт-өсиетін өте шартты түрде ғана шамалы, шақты жерге дейін ғана керекке жаратады. Абайдың діні – адамгершіліктің діні, яғни Абай дінді өзінің адамгершілік насихатына көмекші етеді. Діннің де түпкі мақсаты – осы, адамдарды хақ жолына салу, яғни адамгешілікті ету.
Бақылау сұрақтары:
1. Абай дінінің ерекшелігі
2. Абайдың дінге қатынасын танытатын өлеңдері




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет