Пәнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет3/60
Дата05.05.2023
өлшемі254,18 Kb.
#90271
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
Пәннің міндеттері:
- Абай мұрасын М. Әуезов айқындап саралаған сегіз түрлі бағытта оқыту дәстүрін жалғастыра отырып, тәуелсіз заманның уақыт талабына сай жаңа таным мен соны көзқарастың әдеби-ғылыми тұжырымдары негізінде оқыту;
- Абай дүниетанымын хакімнің исламиятқа қатысы, мораль философиясы, адамгершілік танымдарының қазына көздерімен байланыста кең меңгерту;
- Абай шығармашылығын М. Әуезов зерттеулеріне сүйене отырып, хронологиялық жүйеде оқыту арқылы кемеңгер мұрасының өзікті мәселелерін жан-жақты әрі терең талдап, тануға баулу;
- Абай мұрасын педагогикалық және гуманитарлық бағыттағы мамандықтардың оқу бағдарламаларындағы ұстанымдарына сәйкес оқу, білім, ғылым, өнер, мәдениет, өркениет, тәрбие, имандылық сынды тақырыптар өзек болған шығармаларына баса мән бере оқыту;
- Хакім Абайдың рухани ой қазанында қорытылып ұсынылған толық адам ілімінің негіздерімен ұрпақтың ой-санағын, дүниетанымын кісілік, имандылық рухымен тәрбиелеу міндетін алға қояды.
Педагогикалық және гуманитарлық бағыттағы мамандықтар үшін жаңадан оқытылатын «Абайтану» арнаулы курсы тақырып пен мазмұн жағынан тәуелсіз елдің заман сұранысына сай соны бағыт-бағдарда оқытылады.
Пәннің пререквизиттері:
Қазақстан тарихы (XIX-XX ғғ), Мәдениеттану, Қоғамтану, Қазақ әдебиеті
(XIX ғасыр әдебиеті ), Шығыс халықтары әдебиеті, Орыс әдебиеті.
Пәннің постреквизиттері:
Педагогика, Психология, Әдеп негіздері, Философия, Эстетика, Этнопедагогика, ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті.

Пән мазмұны


Кіріспе
Абай – қазақ әдебиетінің ғана емес, барша қазақ халқының рухани нәр бұлағы, жан азығы, болашағының адастырмас темірқазығы. Абай сөзі – халқымыздың өткен тарихын, ұлт мұрасын танытумен бірге, бүгінгі және келешек өміріміздің бағдаршамы, ақ жолы, ғибратты үлгісі.
Абай тағылымы, Абайдың моральдық принциптері – адамзатқа ортақ гуманизмнің сарқылмас қазына көзі. Абайды оқу, одан рухани нәр алу, жан әлемін байыту арқылы – қазақ елі, адам баласы әділетті, адал ғұмыр, бақытты заман бесігінде тербелері хақ. Ал осы айтқан тұжырымымыздың дәлел-дәйегі – Абай ғұмырбаянында, абайтану тарихында, ең бастысы Абай мұрасында тұр.
Абай мұрасын, оның шығармашылық ғұмыр жолын кемеңгерді тудырған дәуірмен, тарихи-рухани ортамен, сол заманның қоғамдық-саяси шындығымен байланыста қарастыру қажет. Бұл орайда патша өкіметінің отарлық саясаты, сондай-ақ сол саясатты жүргізу барысында қазақ даласына халықтық, демократиялық ой-танымдарды әкелген «екінші Россия» өкілдерінің келуі хақында, Абайдың заман, заман адамы, халық мүддесі мен арман-тілегін суреттеудегі реалистік дарын қуатының фольклор, ұлт әдебиеті мен орыс, сол арқылы батыс әдебиетінен алған үлгі көздерінің шегін тани отырып шолу жасау керек.
Абай - қазақ әдебиеті тарихында жаңа реалистік жазба әдебиеттің негізін қалаған, өз дәуірінің ғана емес, қазіргі күннің өмір шындығының да терең сырларын танып білуде зор мәні бар дана сөз иесі. Абай сөздері реалистігімен, суреткерлігімен, сыршылдығымен, сыншылдығымен, ойшылдығымен ерекшеленеді. Мұның анық дәйек-дәлелдері Абай шығармашылығының өн бойында тұнып тұр.

Абайтанудың М. Әуезовке дейінгі кезеңі (1889-1933)


Абай мұрасын ғылыми, педагогикалық және әдеби-шығармашылық тұрғыдан зерттеу тарихы үш кезеңнен тұрады. Олар: 1889-1933; 1934-1961; 1961-2014. Абайтанудың осы алғашқы кезеңіндегі Абай мұрасының ел ішіне танылу жолының төңкеріске дейінгі мезгілде баспасөз арқылы, ауызша жатталып, әнмен айтылып және көшірме қолжазбалар түрінде таралуы хақында М. Әуезовтің жазбаларын ескеру қажет. Сондай-ақ, Абайды танып бағалау алғашқыда рушылдық танымда көрініс берді. Мұны Қуанышбай ақынның руаралық айтыстағы сөздері мен М. Әуезовтің Абай ғұмырбаянына арналған алғашқы өмірбаяндық «Абайдың туысы мен өмірі» атты очеркіндегі деректері айғақтайды.


Ал Абайды халықтық таным тұрғысынан бағалау фольклорлық жанрдағы «Бипаның сөзі» дастаны мен «Қисса Біржан сал мен Сара қыздың айтысқаны» кітабынан бастап, ХХ ғасыр басындағы Алаш арыстары мен ұлт зиялыларының Абайды ұлттық, жалпы адамзаттық гуманистік мәнде тануларымен ұштасты. Бұл орайда Абайды халықтық танымда бағалап, елге таныту, сонымен бірге Абай мұрасын жинау, бастыру, шығармаларының мазмұнын талдау, идеясын таныту, өмірбаяндық мәліметтер беру ісінде 1924 жылға дейін жазбаша және көпшілікке баяндама түрінде насихаттаған Ә.Бөкейханов, Д. Кеннан, Зейнелғабиден ибн Әміре, К. Ысқақұлы, А.Белослюдов, А. Байтұрсынұлы, С. Әбішұлы, Нұқ Рамазанов, Сатылған Сабатаев, Нәзипа Құлжанова, М. Дулатов, М. Әуезов, Ж. Аймауытов, С. Сәдуақасов, Т. Шонанов, Б. Күлеев, І. Жансүгіров, Ғ. Сағди, М. Жұмабаев, Х. Ғаббасов еңбектеріне қысқаша шолу жасау керек.
1920 жылдардан басталған ел тарихы мен руханиятын тапқа бөліп қарастыру, таза пролетариат әдебиеті мен мәдениетін жасауға ұмтылудан туған тұрпайы социологиялық таным Абай мұрасын да шет қалдырмады. Бұл таным бойынша әдеби мұра оның идеясы мен әлеуметтік сарынына қарай емес, автордың шыққан тегіне қарай бағаланды. Яғни Абай байдың баласы, әлеуметтік тегі үстем тап болғандықтан, оның философиясы - идеализм, саяси-әлеуметтік көзқарасы − байшылдық, ұлтшылдық делінді. Соған сай Абай дүниетанымын қоғамдық-саяси тартыстармен байланыста қарастырып, бірде Абайды феодал табының ақыны деп, бірде феодал табының ұсақ буржуазиялық жолға түскен тобының ақыны деп, енді бірде жаңа туып келе жатқан буржуазияшыл ұлтшыл таптың идеологы деп бағалау белең алды. Бұл бағытта С. Мұқанов, І. Қабылов, Аршурини, М. Қайыпназаров, Ғ. Тоғжановтар жазса, оларға қарсы Абай мұрасын халықтық тұрғыда қарастырып, жанқиярлықпен күрескен Ыдырыс Мұстамбаев, М. Әуезов, Қ. Жұбанов, Есен Тұрсын еңбектерін саралап оқытқан абзал.

Абайтанудың М. Әуезов кезеңі




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет