Пәнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет60/60
Дата05.05.2023
өлшемі254,18 Kb.
#90271
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
14. Қарасөздер – Абайдың толық жинағында 1890-1898 жылдар арасында жазылған шығармалары - «қарасөз» деп аталады. Жалпы саны қырық алты бөлек шығарма.


15. Талап - Абай Қырық төртінші сөзін «Адам баласының ең жаманы – талапсыз» деп бастайды да, талаптың да көп түрлері болатынын баяндайды. Абайдың түсіндіруінше талапсыздықтың түрлері – ынтасыздық, жігерсіздік.
«Керек іс бозбалаға – талаптылық,
Әр түрлі өнер, мінез, жақсы қылық.
Кейбір жігіт жүреді мақтан сөйлеп
Сыртқа пысық келеді, көзге сынық...»-
деп Абайдың талапты – дарынды ынтаны дамытатыны, сондықтан да халықтың «талапты ерге нұр жауар» деген сөзді бекерге айтпағаны туралы ой толғайды.
16. Тоғжан - жас Абайдың алғашқы сүйген қызы.Тоғжан мен Абай махаббаты М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясында көркем суреттеледі.


17. Терең ой – Абай «Жапырағы қуарған ескі үмітпен» өлеңінде адам үнемі үздіксіз ойлауы керек, өйткені тек ұрпақты ақыл-ой әрекеті кісіні алға бастайды, бірақ ой күнделікті өмірмен байланысты ақиқатты түрде болуы керек деп үйретеді. Көп айтты деп көне салатын, жұрт айтты деп сене салатын ойсыз надандарды Абай толық адам қатарына қоспайды.


18. Өсек - Абай заманында ел арасында көп тараған, адамгершілікке жат-жаман қылықтардың бірі - өсек айту, өсекшілдік. Өсек біреуді сыртынан даттау, кіналау, жала жабу, жалған сөз айту. Жиырма төртінші қара сөзінде: « ... қазақ ортасында да ұрлық, өсек, қастық қалып, өнерді, малды түзден, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, өрістетерлік күн болар ма екен?» - деп армандайды. Өсектің қазақ ортасында көп тараған бір түрі –жалақорлық, арызқойлық. Ақын:
«Қазақтың қайсысында бар санасы?
Қылт етер де дап - дайын бір жаласы.
Пысықтықтың белгісі - арыз беру,
Жоқ тұрса да бес бересі, алты аласы...» -
деп, өсекші, жалақорларды сынға алып, өз кезіндегі өмір шындығының күңгірт келеңсіз жақтарын әшкерелейді.


19. Өтірік. Ақын адамдардың бойындағы өтірік айту секілді қасиеттерді уытты тілмен әшкерелейді. Өсекте болар – болмас бір негіз болуы мүмкін, ал өтірік мүлде жалған, шындыққа, ақиқатқа ешбір жанаспайды. Ақын адам болам десеңіз өтірік айтудан, екі жүзділіктен құтылып, шындықпен, ақиқатпен өмір сүру керек деген терең тұжырым жасайды.
«Расы жоқ сөзінің,
Ырысы жоқ өзінің,
Өңкей жалған мақтанмен
Шынның бетін бояйды...»-
деп, өтірікшілердің бет пердесін аша сынайды.

Ф КазНПУ 0703-03-18 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет