Пәнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет8/60
Дата05.05.2023
өлшемі254,18 Kb.
#90271
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   60
Абай және Шығыс әдебиеті

Қазақ әдебиетінің өз қазанында қайнап томаға-тұйық дамуы XIX ғасырдың екінші жартысында өзгеріске ұшырады. Орыс, Батыс, әсіресе Шығыс әдебиетімен байланыс өмірге ене бастады. Қазақ әдебиетінің Шығыспен байланысы кітаби ақындар шығармашылығымен қоса Абай және басқа да қазақ ақындары жазған дүниелер арқылы көрініс беріп жатты. Абайдың шығысқа қатысы туралы ең алғашқы бағыт берер деректер Кәкітай Ысқақұлының мақаласы мен «Уақыт» газетіндегі тұңғыш пікірден және М.Әуезовтің ақын өмірбаянын кең баяндаған қабырғалы еңбегінде ұшырайды. Абайдың Шығысқа қатысы көрнекті Абайтанушы ғалым М.Мырзахметұлының М.Әуезов ізімен тұжырымдағанындай, оның ақындық кітапханасының көлемі мен жайы арқылы айқындалады. Абайдың Шығысқа қатысы М.Әуезов саралап, топтастырып қарастырғандай, төрт сала бойынша ашыла түседі, олар: 1. Абайдың ақындық кітапханасының көлемі мен жайы; 2. Абай және Шығыс классиктері; 3. Абайдың исламиятқа қатысы; 4. Абай және мораль философиясы. Абай әсіресе адам болу туралы ойларымен Шығыс ойшылдары мен ақындарына жақындай түседі. Таным мәселесінде әл-Фараби, Науаилермен үндеседі әрі өзіндік ой-пайымдарымен де ерекшеленеді. Шығыс – Абай нәр алған қайнар көздің бірі де бірегейі. Әрі Абайтану тарихында саясат пен идеологиядан қағажу көріп, терістеліп келген сала. Абайдың мұсылмандық Шығысқа қатысы М.Әуезовке дейінгі дәуірде назарға алынып, мойындалып келсе де, сексенінші жылдарға дейін өрістей алмай келді. Абайдың Шығысқа қатысын танып білуде, бағалауда М.Әуезовтің 1934 жылы жазған «Абайдың ақындық айналасы» атты мақаласының алар орны айрықша болды. М. Әуезов онда: «Абайға Шығыстан кірген бұйымдардың басы -ислам діні» деп, мәселені дұрыс тануға жөн сілтейді. Абайдың дінге қатысын тануда М.Әуезовтің: «Абайдың діні – сыншыл ақылдың шарты діні» деген терең танымды тезисін бағдаршам етіп алудың мәні зор. Абай ұстанған дінді ұғынып, әрі ақын дүниетанымын ашуда хауас сөзінің үш түрлі танымдық қолданысын білмек керек. Олар : хауаси хамса заһири, хауас салим, хауас. Абайдың діни көзқарасы мен жалпы дүниетанымы шығыстық қайнардан бастау алатын жан туралы таныммен де шын сыры ашыла түседі. Жан құмары, жан тамағы, жан қуаты, жанның жибили қуаты, рухани қазына, байлық ұғымдарындағы жан сырларын білудің де мәні зор. Абайдағы ақыл мен жан және тән ұғымдары мен 38-сөздегі Алланың сипаттары мен есімдері, иман туралы толғаныстары адамгершілік негізі – жәуәнмәртлік жөніндегі іргелі танымға алып келеді. Жәуәнмәртлік ең әуелі адамгершілік негізін құрайтын ақыл, әділет, рақым атты үш қасиеттің жиынтығы. Екіншіден, жәуәнмәртлік арабтардағы қайырымдылық, орыстардағы добродетель секілді адамгершіліктің түріктердегі төл атауы. Үшіншіден, жәуәнмәртлік Еуропадағы «Этика» секілді түркілердегі адамгершілік туралы пән мен ілім атауы. Абайдың шығыстық қайнардан бастау алған адамгершілік ілімі иманигүл танымымен түйінделеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет