Микробиология, вирусология пәні бойынша студенттің коммуникативті құзырлылығын бағалау критерийлері
100 % -Студент байсалды, жылы қабақпен қарайды, оқытушымен және студенттермен тез тіл табыса алады, мейірімді және сұрақтың мәнін жақсы түсінеді, қойылған сұраққа үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) нақты жауап береді және дүние танымы кең.
95% - Студент байсалды, жылы қабақпен қарайды, оқытушымен және студенттермен тез тіл табыса алады, мейірімді және сұрақтың мәнін жақсы түсінеді, қойылған сұраққа нақты жауап береді және дүние танымы кең.
90% Студент байсалды, жылы қабақпен қарайды, оқытушымен және студенттермен тез тіл табыса алады, мейірімді және сұрақтың мәнін жақсы түсінеді, қойылған сұраққа нақты жауап береді.
85% Студент байсалды, жылы қабақпен қарайды, оқытушымен және студенттермен тез тіл табыса алады, сұрақтың мәнін жақсы түсінеді, қойылған сұраққа нақты жауап береді.
80% Студент байсалды, оқытушымен және студенттермен тез тіл табыса алады, сұрақтың мәнін жақсы түсінеді, қойылған сұраққа нақты жауап береді.
75% Студент оқытушымен және студенттермен бірден тіл табысып кетпейді, сұрақтың мәнін жақсы түсінеді, қойылған сұраққа нақты жауап береді.
70% Студент сенімсіз жауап береді, оқытушымен және студенттермен бірден тіл табысып кетпейді, сұрақтың мәнін жалпы түсінеді, дегенмен берген жауабы нақты емес.
65% Студент сенімсіз жауап береді, назары басқа жақта, оқытушымен және студенттермен бірден тіл табысып кетпейді, сұрақтың мәнін жалпы түсінеді, дегенмен берген жауабы нақты емес.
60% Студент сенімсіз жауап береді, назары басқа жақта, оқытушымен және студенттермен тіл табысуы қиын, сұрақтың мәнін жалпы түсінеді, берілген сұрақтың 50 %-ына дұрыс жауап береді.
55% Студент сенімсіз жауап береді, назары басқа жақта, оқытушымен және студенттермен сөйлескісі келмейді, берілген сұрақтың 25 %-ына дұрыс жауап береді.
50% Студент сенімсіз жауап береді, назары басқа жақта, оқытушымен және студенттермен қарым-қатынасы нашар, берілген сұрақтың 25 %-ына дұрыс жауап береді.