Пән/модуль сипаттамасы: «Мәнерлеп оқу» пәнінің жұмыс бағдарламасы пәнінің техникалық және кәсіптік білімге арналған үлгілік оқу жылдарында ҚР Білім және ғылым министірінің 2016 жылғы 22 қаңтарындағы №72 бұйрығына сәйкес 0101000 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі мамандығы бойынша әзірленген. Пәнді оқытып үйретудің мақсаты: Мәнерлеп оқу пәнін оқыту барысында қазақ тілінің ҚР Мемлекеттік тіл екендігін, әдебиеттің қоғамдық -әлекметтік маңызына болашақ әдебиеттің қоғамдық-әлеуметтік маңызына болашақ балабақша тәрбиешісінің азаматтық сезімін қалыптастыру, балалар психологиясын жете түсіне білу, балалардың сөйлеу,жазу мәдениетін арттыру, шығарманың көркемдік ерекшелігі мен тіл байлығын ұғыну ескеріледі. Материалды игеру барысында мәнерлеп оқу пәнінен терең,толық,жан-жақты,білікті маман етіп даярлау қарастырылады.
Пәннің міндеттері:
көркем шығарма жанрларын талдау барысында ажырата білу;
көркем шығарманы баяндауда грамматикалық формада дұрыс сөйлеуге, бейнелі ойлауға өзінің сөздік қорын пайдалануға баулу;
қазақ халқының әдеби, мәдени мұраларын, салт – дәстүрін меңгеру;
Қазақстан Республикасы, оның рәміздерін, астанасын, көркем шығарма туындыларын білу;
жыл мезгілдеріндегі еңбек түрлерін, мамандық түрлерін, еңбектің пайдасын, осы тақырыпта оқылған әдеби шығармаларды білу;
табиғат, адам, қоғам туралы, жабайы жануарлар және үй жануарларының тіршілігі туралы мағұлмат беру.
Қалыптастырылатын құзіреттілік: - мамандығына байланысты шығармашылық іс-әрекет тәжірибесіне қалыптасады;
- білім стандартының талаптарына сай білімді меңгереді;