ПӘННІҢ АННОТАЦИЯСЫ
Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты
құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық
және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қылмыстарға сипаттама беруге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстар түрлерінің
мазмұны мен түсінігін білуге, қоғамға қауіпті дәрежесін айыра білуге және оларды алдын
алып, әшкерелеуде қолданылатын әдіс-тәсілдерді білікті пайдалануды оқып үйретеді.
Қоғамдық өмірде болып жатқан өзгерістер жағдайында елде қабылданған бағдарламалық
құжаттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне айрықша назар
аударылады. 2014 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға
арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басты ерекшеліктеріне қазіргі
кезеңдегі жұмыстың басым бағыттарының бірі – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы
мәдениетті қалыптастыру жатады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруда
барынша табысқа жеткен елдердің тәжірибесін талдау қоғамда сыбайлас жемқорлықты
рухани-этикалық деңгейде қабылдамау ахуалын қалыптастыру мейлінше тиімді тәсіл
екенін көрсетті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері пәні тыңдаушыларға адам
құқығын бұзушы фактор ретінде жемқорлыққа деген көз-қарасты күшейту. Білім беру
бағдарламалары құрылымындағы пәннің орны және қысқаша мазмұны: Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мәнін «сыбайлас жемқорлық» ұғымының мазмұнын, осы
этностық әлеуметтік құбылыстың тарихи түп-тамырын түсінбейінше, ұғыну мүмкін емес.
«Сыбайлас жемқорлық» сөзі (латын тілінен «corumper») көптеген мағынасы бар:
бүлдіру, құлдырау, параға сатып алу, азғыру, тура жолдан тайдыру, притон, құбылмалылық,
істі бұзу, күйреуге әкелу, бұрмалау, алдау, қорлау, ар-намысын таптау, «rumpere» көп
мағыналы (бұзу, қирату, заңнан аттап өту, шартты бұзу) етістігімен қатар қолданылатын
«со» қосымшасы сыбайлас жемқорлық – бұл бірнеше субъектілердің қатысуымен іс-қимыл
жасау екенін көрсетеді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің міндеті – сыбайлас жемқорлыққа нөлдік
төзімділікті білім алушы жастардың азаматтық позициясы ретінде бекіту, сыбайлас
жемқорлық құқық бұзушылықтарға берік иммунитетті нықтау, оларды жария түрде жоққа
шығару болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері курсын оқи отырып студенттер
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері пәнінің ұғымы, құрылымы, міндеттері,
функциялары, тетіктері мен даму институттары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын,
сыбайлас жемқорық құқық бұзушылықтар үшін құқықтық жауапкершіліктерді оқып
шығады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстарға сипаттама беруге, сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қылмыстар түрлерінің мазмұны мен түсінігін білуге, қоғамға қауіпті
дәрежесін айыра білуге және оларды алдын алып, әшкерелеуде қолданылатын әдіс-
тәсілдерді білікті пайдалануды оқып үйретеді. Қоғамдық өмірде болып жатқан өзгерістер
жағдайында елде қабылданған бағдарламалық құжаттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
қимыл мәселелерін, қылмыстық заңнаманы толығымен меңгереді.
Студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері пәнінің ұғымы,
құрылымы, міндеттері, функциялары және оларға қарсы іс-әрекеттер жүргізу тәртіптерін,
әрбір жасалынған қылмыстың құрамын анықтау мүмкіндігін меңгереді. сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы қоғамдық қатынастарды айқындайды,
адам құқығын бұзушы фактор ретінде жемқорлыққа деген көз-қарасты күшейту және
жемқорлыққа қарсы күресудің механизмімен тәжірибелі тәртібін жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |