Пәннің атауы және коды: MDTSAYiA 2212 - Мектепалды даярлық топтарында сауат ашуға үйрету әдістемесі Кредит саны: 3
Жалпы сағат саны: 90
Мақсаты: оқушыларды дұрыс оқи, дұрыс жаза білуге үйретуге жҽне оқу мен жазуға үйрете отырып, тілін, ойын дамыту; балаларға оқылған сөздің мағынасын түсіндіру жолдарын, сол арқылы балаларды саналы оқуға баулып, ойлау қабілетін жетілдіруге үйрету. Сөйлем құрастыруға үйрету, оқушыларды өз ойын дұрыс құрылған сөйлемдер мен жүйелі айтып немесе жазып баяндауға даярлайды.
Міндеттері:-үйретуге жҽне оқу мен жазуға үйрете отырып, тілін, ойын дамыту. Сауат ашу жұмысының басты шарты — ҽріпті таныту;
-тіл дыбыстарын білдіру үшін сөйлеуді сөйлемдерге, сөйлемді сөздерге, сөздерді буындарға, буындарды дыбыстарға талдату;
Пән мазмұны:Сауат ашу тарихы; сауат ашудың мақсат-міндеттері; сауат ашу кезінде жүргізілетін жұмыс түрлері мен әдістер; тапсырмалар мен жаттығулар; сауат ашу кезеңіндегі тіл дамыту жұмыстары; сауат ашу кезеңінде пайдаланылатын көрнекті құралдар.
Пререквизиттер: Мектепке дейінгі білім беру менеджменті
Мектепке дейінгі инклюзивті білім беру
Постреквизиттер: Өндірістік педагогикалық практика
Пәнді игеру барысында қалыптасатын құзыреттіліктер: -Пәнді меңгеру арқылы білім алушы тұлғалық даму мақсаттарын қалыптастыруға және шынайы бағалауға қабілетті;
-Оқыту әдістері мен технологияларын меңгереді;
-Білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім берудегі артықшылықтарды жүзеге асыру орталарын пайдалана алады.
-Оқытудың жаңа технологияларын, соның ішінде АКТ технологиясын қолданады;
- Білім алушыларды қосымша білім жүйесіне тартады;
-Көркем шығармаға тән талдау жұмыстарын жүргізе алады;
Пән бойынша оқытудың күтілетін нәтижелер:«Мектепалды даярлық топтарында сауат ашуға үйрету әдістемесі» пәнін оқыту нәтижесінде студент білу керек:
ОЖН1 – Оқу бағдарламасы мен әдістемелік оқу құралдарына талдау жасайды; әдебиет саласынан алған білімдерін болашақ педагогикалық қызметінде пайдалана біледі; балалардың оқу материалын терең, тиянақты игергендігін анықтау жолдарын меңгереді; БОӨЖ, БӨЖ сабақтарды жүргізе алады; әртүрлі көрнекті техникалық құрал-жабдықтарды пайдалана алады; сынып балаларының сөйлеу әрекетінің негізгі түрлерін дамыту үшін негізгі анықтамалар мен ұғымдарды біледі.