Пәннің атауы және коды: МОР 2206– Мәнерлеп оқу практикумы Кредит саны: 4
Жалпы сағат саны: 120
Пәннің мақсаты: студенттерге тіл дамыту әдістемесі теориясынан білім беру және оны іс жүзіне асыруға көмектесу, сондай-ақ оқушылардың тіл байлығын арттырып,үйренген сөздерін қазақ тілі нормасына сай қиыстырып қолдана алуды, өз сөзімен ойын дұрыс айтып, жазып бере алатындай дағдылар беру әдістемесін меңгерту, сөйлеген сөздерін саналы түрде бақылай алу жолдарын үйрету.
Міндеттері: а) студенттерді тіл дамыту әдістемесінің өзіндік ерекшеліктерімен таныстыру;
ә) тіл дамыту жұмысының мазмұнын үйрету;
б) бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту әдіс – тәсілдерін меңгерту;
в) оқушыларды байланыстырып сөйлеуге үйрету жаттығуларымен таныстыру.
Пән мазмұны:Әдебиет – тәрбие құралы. Әуелі жеке дарындардың дуалы ауыздарынан шығып, кейін оны халық қалап, қастерлеп, жаттап, жадында қалдырып, ғасырлар бойы өңдеп, өркендетіп, қадірлеп қалыптастырып, асылым деп ақыл-санасына сіңірген әдебиеттің үкілі үлгілері – мәдени мұрамыздың ең құнды қазынасы. Ол – ұрпақ тәрбиесінің күн сәулесіндей әсерлі нұрымен от алатын ой тамызығы болып, жанды жалындататын, қиялды қияндататын, ақыл-сананың айшықты көріністерін бейнелейтін қасиетті, киелі мұра. Әдебиет мұрасы арқылы жан-дүниеміз тазарып, ұрпағымыздың өркениеті өсе түспек.
Пререквизиттер: Мектепалды даярлық топтарында сауат ашуға үйрету әдістемесі
Тіл мәдениеті
Этнопедагогика
Постреквизиттер: Ертеңгіліктерді ұйымдастыру әдістемесі
Жазуға үйрету әдістемесі
Қуыршақ театрын ұйымдастыру әдістемесі
Сахналық қойылымдарды жүргізу әдістемесі
Пән бойынша оқытудың күтілетін нәтижелер: ОЖН1 – Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілін оқытудың лингвистикалық және психологиялық-педагогикалық негіздерін біледі
ОЖН2 – Қазақ тілін меңгерудің әдістемелік жүйесін дамытудың қазіргі заманғы тенденцияларын сипаттайды