Теориялық материалды баяндаудың әдістемелік нұсқаулары
Қарастырылатын сұрақтар:
- модель ұғымы;
- материалдық (заттық) және ақпараттық модельдер;
- ақпараттық модельдердің типтері;
- формализациялау ұғымы;
- ақпараттық модельдердің кестелік пішімі.
Ақпараттық модеьдеу сызығының мазмұны. Материалдық модельдер тақырыбы ең басында модель ұғымын анықтауға байланысты қарастырылады. Модельдерді материалдық (орысш. – натурные) және ақпараттық деп бөлуге болады [26]. Ақпараттық модельдеу өз алдына былай бөлінеді:
- объектілер мен процестерді модельдеу;
- білімді модельдеу.
Білімді модельдеу тақырыбы жасанды интеллект тақырыбымен байланысты болғандықтан, информатиканың базалық курсында тек іздеу, зерттеу түрінде ғана жүреді. Сонда да, оқушыларға жасанды интеллектпен мына жағдайларда: компьютерде терілген мәтіннің орфографиялық қателері автоматты тексерілгенде, машиналық аударма жасалғанда, оқу және бақылау бағдарламаларымен жұмыс жасағанда кездесетіндерін айта кеткен жөн. Бұл мәліметтер оқушылардың ой-өрісін кеңейтеді, білімді жүйелеуге және кәсіптік бейімдеуге мүмкіндік береді.
Объектілердің және процестердің модельдері – ұсыну пішіндері бойынша жіктеледі. Бұл белгі бойынша модельдер – графикалық, вербальдік кестелік, математикалық, объектілі-ақпараттық болып бөлінеді.
Математикалық және объектілі-ақпараттық модельдер компьютерлік технологияларда, объектілі-бағытталған бағдар-ламалауда, қазіргі жүйелік және қолданбалы БҚ-да пайда болып, дамуда.
Бөлінген сағат санына және оқушылардың дайындық деңгейіне байланысты модельдеу және формализациялау сұрақтары әртүрлі дәрежеде оқытылуы мүмкін:
-бірінші - минималды;
-екінші – толықтырылған;
-үшінші – тереңдетілген деңгей.
Достарыңызбен бөлісу: |