Пәннің электрондық ОҚУ-Әдістемелік кешені


Мәтіндік ақпаратпен жұмыс жасау технологиясы



бет68/159
Дата06.01.2022
өлшемі255,57 Kb.
#11341
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   159
Мәтіндік ақпаратпен жұмыс жасау технологиясы

Қарастырылатын сұрақтар:

-мәтіндік редактордың өндейтін деректері;

-аппараттық құралдар;

-қолданбалы бағдарламалық құралдар;

-мәтіндік редактордың ортасы;

-жұмыс режімдері;

-мәтіндік редактормен жұмыс жасау бұйрықтары;

«Ақпараттық технологиялар» мазмұндық сызығына жататын «Мәтіндік ақпараттарды өңдеу» тақырыбы, әдетте, базалық курста бірінші болып оқытылады.

Қолдану аймағы: мәтіндік құжаттарды дайындау, баспа қызметі. Мамандандырылған компьютерлік құралдар баспа жүйелері деп аталады.

Мәтінмен жұмыс жасаудың компьютерлік технологияларының теориялық негізіне – мәтіндік ақпаратты кодтау, мәтіндік құжаттарды және файлдарды құрылымдау мәселелері жатады. Мәтіндік ақпаратты ұсыну, кодтау мәселелері жоғарыда бөлімдерінде қарастырылды.

Деректер. Мәтіндік редактор, символдық ақпаратпен жұмыс жасайды, онда құрылымның мына формаларын ерекшелеуге болады:

- символдар;

- сөздер;

- жол; символдар жолы;

- абзацтар;

- мәтіннің үзінділері (блоктар);

- файлдар.

Бұйрықтар жүйесінде осы құрылымдардың әрқайсысымен тұтастай жұмыс жасайтын бұйрықтар бар.

Символ – символдық ақпараттың ең кіші бірлігі, МР өңдеуге жататын минимальды объект. Символдар мен амалдар негізінен оларды енгізгенде, әр символды түзеткенде жүреді.

Сөз – оң және сол жағынан бос орынмен (орысш. – пробел) немесе тыныс белгілерімен шектелген, символдар жиынтығы; мәтін бойы тез жылжыту, үзінділерді жою бұйрықтарында қолданылады.

Жол – нүктелер арасындағы символдық ақпараттың ерікті тізбегінің кесіндісі. Символдар жолы – мәтінде бір жол алатын деректер, оның өлшемі мәтінді пішімдеумен анық сызылады.

Абзац (нем. absatz – бөлім, мәтіннің бөлігі) – бірнеше сөйлемнен құралған жазбаша сөздің кесіндісі. Абзац ойы, тақырыбы, идеясы және сюжеті бірлескен мәтінді логикалы бөліктерге бөлуге қолданылады.

Абзац әрқашанда жаңа жолдан басталады. Әр абзацқа сол және оң жақ шекаралары және бірінші жолдың ығысуы қойылады. Жаңа абзацқа өту үшін міндетті түрде пернесін басу қажет.

Оң абзацты шегініс (орысш. – отступ) – мәтіннің бірінші жолының оң жаққа жылжуы (қызыл жол).

Мәтіннің үзінділері – тізбектелген жолдардың жиынтығы, олармен тұтастай жұмыс жасауға (жоюға, орнын ауыстыруға, көшірме алуға) болады.

Файл ұғымы ақпаратты магниттік дискіде сақтау, оқу, және жазумен байланысты. Мәтіндік файлдарды – аты аталған мәтіндік деректер деуге болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет